1. Үстеулерді тауып, мағынасына, тұлғасына қарай талда. Ағасының баласы "сот" болғалы, бұл екеуі, айрықша қырғи қабақ (Ә.Нұрп). Көтеріңкі қырлы мұрын, жұқа еріндері мен Абайша біткен жіп-жіңішке қара қасы Әбішті өз тұқымының ең сұлу жасы дегізгендей. Мөлдір салқын жіңішке өзен жағасында оқта-текте кішілеу жас тал-теректер кездеседі. Жазға салым сүр жесу, қыдырып қонақ болысып, сақтаған сыбаға жеу бар ғой. (М.Ә.). Ойға шомып келе жатып, байқамай қалған екенмін, етпетінен құлаған Айдарбектің аяғын басып кеттім.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Мәтіннен көп нүктенің орнына сөздердің қосарлануынан жасалған үстеулерді қойып жаз. Оның емлесіне көңіл аудар. _______ қара жерге жасыл кілем төсегендей. Топтанысып, _________ болып, әркім өзінің мерзімді жұмысына жөнелді. Жұмыскерлердің ә дегенде көбірек екпіндеп сыбырлаған сөздері, ________ сықақ қылған күлкілері _______ азайды. Әр жерден, _________сөздер, ат айдаған дыбыстар естіледі. Жаңбыр ________ашыла бастады. Бұлттың арасынан күннің көзі _______ дегенде көріне бастады.
3. Жаздыгүні, таңертең, ендігәрі, қыстыгүні, әлдекімше, әрең-әрең, ауызба-ауыз, алды-алдына, бірте-бірте, біртін-біртін үстеулерін қатыстырып сөйлем құра. Үстеулердің емлесін есте сақта.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________