Оқулықпен жұмыс 27 Пайдаланылған әдебиеттер 31


Жаңа сабақты бекіту жұмысы



бет19/26
Дата26.10.2023
өлшемі104,9 Kb.
#188432
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
Үстеу тақырыбына деңгейлік тапсырмалар

Жаңа сабақты бекіту жұмысы


Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей

  1. Мәтіннен күшейткіш үстеулерді, мақсат үстеулерін тіркескен сөзімен бөлек-бөлек теріп жазып, сұрақ қой, сөйлемде қандай мүше болып тұр?

Жайлаудағы ең төрі өріс пен күзектегі ең жарық, шеткі қоныстар Құнанбай ауылдарына қарайды. Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған. Осындай сырт ажарында тіпті тірлік белгісі жоқ, суық қабақ, жабырқау ауылға үш салт атты келді…
Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді… Мұнда бүгін аса үлкен әбігер бар. Абай мен оның барлық үй- іштері, әсіресе, іні- шәкірт, достары үшін ең бір қадірлі әбігер. Бұның себепшсі - Әбіш. Бүгін "туған аулына" келеді деп, әдейілеп тосушылардың барлығы да мүлдем шаршаған болатын. Абай жиынның қақ ортасында тұр. (М.Ә.)
Күшейткіш үстеулер:___________________________________________
_____________________________________________________________
Мақсат үстеулер:_______________________________________________
2. Тіркескен сөзімен себеп-салдар үстеулерді теріп жаз, құрамына талда, сұрақ қой.
Мана үйде бірер әнді айтқанда Балуанның дауысы зор сияқты емес еді, енді амалсыздан сол әнді қайта айтқанда, дауысы жас емес, мөлдір судай кіршіксіз дауыс. Әдемі әнді құмарта тыңдаған қалың жұрт лажсыздан таң ата у-шу болып тарқады.
Мұншама адамды сыйғызатын ешбір үй болмағандықтан, амалсыздан ән далада, қалың құмның арасында айтылды. Кененнің әнін сүйсіне тыңдағанда, Балуанның байқағаны ажырасқан аз жылда жас әнші бірталай ән шығарып тастапты. ( С.М.)
______________________________________________________________
_____________________________________________________________
_______________________________________________________________ _______________________________________________________________


ІІ деңгей

  1. Төмендегі үстеулерге мағынасы жуық үстеулер тауып жаз.

Бекер. Амалсыздан. Жылдам. Ертеде. Орасан.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Сын есім сұрауларына, әрі сын есімнің алдына келетін үстеулерді ойлап жаз. Сөз тіркесін құра.
Үлгі: ерекше қиын тапсырма, кілең…
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
______________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет