ІІІ кезең Деңгейлік тапсырмалар І деңгей Төмендегі тапсырмадан үстеулерді тіркескен сөзімен әрі жазылу емлесіне қарай жіктеп жаз.
Мысалы: Дефис арқылы жазылған үстеулер:
Бірігу арқылы:___________________________________________________
Тіркесу арқылы: __________________________________________________
Дара үстеулер:___________________________________________________
Тапсырма:Бағана көңілін алаңдатып, алабұрта берген ой әлсін-әлсін қабаттасып келіп, тосыннан киліге жөнелді. (Б.Т.) Әр есіктің алдында бір-бір қазан ошақ таңертеңнен қара кешке дейін дамыл таппай түтіндеп, бықсып жатқаны. (Б.Т.) Күн сайын жазғытұрым шыққан гүлдей, жақсы түрге енемін өзім білмей. (С.Т.)
Мына тіркестерде үстеулер қай сөз табымен тіркесіп тұр, қандай сұрақ қойылады және қандай белгілерді аңғартады? Етістікпен, зат есіммен, сын есіммен тіркескендерді бөлек-бөлек жаз.
Шұғал тұрды, орасан үлкен, ерте оянды, жол-жөнекей айтылды, недәуір кітап, тым биік, әжептәуір киім.
Етістікпен тіркескен үстеу:_______________________________________
________________________________________________________________
Сын есіммен тіркескен үстеу: ______________________________________
________________________________________________________________
Зат есіммен тіркескен үстеу: ______________________________________
________________________________________________________________
Мәтіннен үстеулерді тап, сұрақ қой да, сөйлемдегі қызметін анықта.
Бұл бағана кеште Құнанбайдың қасында тұрған қаба сақал, қара Қамысбай еді. (М.Ә.) Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. (Б.Т.) Тал түсте үйіне зорға жетті.
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________