«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы



бет5/12
Дата16.03.2022
өлшемі63,34 Kb.
#135865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Концепция на каз11022021120451.

4-тарау. Турнирді өткізу тәртібі

21. Турнирдің өңірлік кезеңдерін өткізу бойынша ұйымдастыру комитеттері Турнирді өткізу шарты мен тәртібін өз бетінше анықтайды.


22. Турнирдің барлық кезеңдері американдық парламенттік формат (АПФ) бойынша өткізіледі (2-қосымша).
23. Турнир екі айналымда өткізіледі. Бірінші айналым – іріктеу раундтары. Екінші айналым – негізгі ойындар: ширек финал, жартылай финал және финал.
Бірінші күні іріктеу ойындары 4 раундтан тұрады. Әр раундқа бір қарар беріледі. Іріктеу ойындарында қарсылас командалар жеребе бойынша іріктеледі. Сол командалар іріктеу кезеңінде бір рет кездеседі.
Іріктеу ойындарының төртінші раунды аяқталғаннан кейін негізгі ойындарға дайындық жүргізіледі. Ол үшін әр команданың төрт раундтағы нәтижелері жазылады, ұпайлардың жалпы саны есептеледі және пікірталасқа қатысушылардың әрқайсының дәрежелері оларды қосу арқылы анықталады. Жалпы нәтижесі жиынтық ведомосіне енгізіледі. Іріктеу ойындарының нәтижелері жарияланғаннан кейін ширек финалға шыққан командалар анықталады. Ширек финалға әр тіл тобы бойынша іріктеу кезеңінің жеңімпаздары шығады.
Ширек Финалда командаларға бір қарар беріледі. Ширек финалдың қорытындысы бойынша жартылай финалға әр тіл лигасы бойынша жеңімпаз командалар шығады. Жартылай финалдың жеңімпаздары финалда кездеседі.
24. Командалар саны тақ келген жағдайда, жеребе бойынша бір команда «демалады». Өткізілген раунд үшін демалушы команда командалық балл мен орташа спикерлік балды автоматты түрде алады.
25. Төрешілікті дебаттық клубтардың тәжірибелі дебатерлері қатарынан төрешілер алқасы жүзеге асырады. Төрешілер алқасы ойынды үзуге айрықша құқығы бар турнирдің Бас төрешісін таңдайды. Турнирдің Бас төрешісінің дебат нәтижелеріне қатысты шешімі қалған төрешілердің нәтижелерімен бірдей ескеріледі. Турнир кестесін Бас төреші жасайды.
26. Турнирдің Бас төрешісінің қарауы бойынша әр раунд үшін төрешілер алқасы үш адамнан құрылады. Ширек финалда, жартылай финалда және финалда дебатты үш - бес төреші бағалайды.
Олардың бірі бас төреші болып тағайындалады, ол Ережеге сәйкес пікірсайысқа қатысушыларды сахнаға шақырады, наразылық туралы мәлімдемелерді қарайды, спикерлерге өз орындарын алуға шақырады және бір тайм-киперді тағайындайды. Тайм-кипер дебатқа қатысушылардың сөз сөйлеуге бөлінген уақытты қалай басқаратынын қадағалайды.
27. Тайм-кипердің міндеттері:
презентациялық немесе конструктивті сөйлеудің бірінші минуты өткеннен кейін және оның аяқталуына бір минут қалғанда үстелді ұрып тоқтату, тиісінше сөйлеушіге сұрақтар қою немесе түсініктемелер беру мүмкіндігінің пайда болуы/жоғалуы туралы сигнал беру;
сөз сөйлеушілерге олардың қанша минут өнер көрсетіп жатқанын / сөйлеуге қанша уақыт қалғанын (саусақпен немесе белгімен) көрсетеді. Бұл мәселелер туралы ойынды бастамас бұрын пікірсайысшылардың өздерімен келіскен дұрыс;
үстелді екі рет ұру арқылы сөз сөйлеуші қатысушының сөзіне бөлінген уақыт өткені туралы белгі береді;
егер қатысушы уақыт лимитінен 30 секундтан асып кетсе, төрешіге хабарлайды. Төреші оның репликаларын жазуды тоқтатады және сөйлеушіні сөзін аяқтауға және өз орнына орналасуына шақырады;
әрбір сөз сөйлеу аяқталғаннан кейін төрешілерге жаңа ғана сөз сөйлеген пікірсайысшылардың сөзіне бөлінген уақыт лимитінен қаншалықты минут асып кеткенін/толық пайдаланылмағанын хабарлайды.
Төрешілер алқасының бір өкілі телефон камерасына бейнетүсірілім жүргізеді. Турнир қашықтық форматында өткізілсе, бейнежазба жүргізіледі.
28. Бас төреші раунд 15 минуттан кейін басталатынын хабарлайды. Барлығы тақтаға қарап отырады. Экранда раундтың қарары көрсетіледі. Хабарландырудан кейін ойыншылар қарарды түсініп, істі ойластырып, жақсы дәлелдер дайындауы керек, басқа командалар не айтатынын болжап, бәрін біртұтас етіп біріктіруі керек.
29. Ойыншылар үшін ақпараттың жалғыз көзі – серіктесі және өздерімен бірге әкелген кез-келген жазбаша материалдар. Ойын барысында интернеттен ақпарат іздеуге және жалпы электронды құрылғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді.
30. Турнир кезінде әр төреші балл мен түсініктемелерді бағалау парағына (ballet) енгізеді (3-қосымша). Төреші раундтың жалғыз және өкілетті төрешісі және оның шешімі түпкілікті болып табылады.
Егер турнирде төрешілер алқасы 3 төрешіден құралса, бұл жағдайда олар өз шешімдерін 15 минут ішінде бір-бірімен талқылайды, ал төрешілердің көпшілігі дауыс берген командаға жеңіс беріледі.
Пікірсайыстар аяқталғаннан кейін төреші алқалары пікірсайыстарға жалпы баға беруге, қабылданған шешімді түсіндіруге және жақсарту қажет болатын сәттерді көрсетуге міндетті.
31. Төрешілік өлшемдері:
1) өзектілігі;
2) дәлелденуі;
3) маңыздылығы;
4) шынайылығы.
32. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалық және спикерлердің жеке сынақтарында анықталады. Жеке раундта жеңіс үшін команда 1 ұпай, жеңіліс үшін – 0 ұпай алады.
Спикерлік сөз сөйлеулер 1-ден 30-ға дейін балдық жүйемен бағаланады.
Балл саны бойынша әр жас санатында тіл тобында Турнирдің үздік спикерлері анықталады.
33. Турнирдің қашықтық форматы ZOOM платформасында Бас төреші жеребе тастау арқылы командалардың сөз сөйлеу тәртібін, турнирді өткізу регламентін, сессия залдарының санын айқындайды, командалар мен қазылар алқасы мүшелерін сессия залдары (шағын конференциялар) бойынша бөледі, қарарды раунд басталғанға дейін 15 минут бұрын жариялайды.
34. Турнир ұйымдастырушылары мен Бас төреші сессия залдарында ойын барысын бақылайды. Әр тур аяқталғаннан кейін Бас төреші командаларды келесі турға бөледі, қарарларды жариялайды және қатысушыларды бір сессия залынан екіншісіне ауыстырады.
35. Төрешілердің шешімі жарияланғаннан кейін командалар келесі ойындарда ескерілетін кері байланыс қалдыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет