Спикерлік ұпайлар.
Раундқа берілген бағамен қатар төреші әрбір спикерге 1 ден 30 ұпайға дейін «спикерлік ұпай» береді. Өзінің атына қарамастан спикерлік ұпайлар тек спикердің стилистикалық қабілетіне ғана байланысты емес. Дәлірек айтқанда, олар спикер көрсеткен дебаттың жалпы дәрежесін – дәйектеме, сараптама, терістеу стилі мен риторикасын қоса көрсетеді.
Ережеге 3-қосымша
ТӨРЕШІ ПАРАҒЫ (АПФ)
Раунд №________Аудитория___________ Уақыт: ___________
Қарар: БП_________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________ Фракция __________________
Үкімет Оппозиция
|
А.Ж.Т
|
Балы
|
|
А.Ж.Т
|
Балы
|
ҮЛ
|
________________
|
______
|
ОЛ
|
_________________
|
_____
|
ҮС
|
________________
|
______
|
ОС
|
_________________
|
_____
|
Үкімет: жеке пікірлер
|
Оппозиция: жеке пікірлер
|
|
|
|
|
Негіздемелер:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Фракция жеңімпазы: фракция_____________________________
үкімет/оппозиция
Төрешінің А.Ж.Т., қолы _______________________________________
Ережеге 4-қосымша
ФЛОУШИТ
Премьер-Министр
|
Оппозиция лидері
|
Үкімет спикері
|
Оппозиция спикері
|
Оппозиция лидері
|
|
|
|
|
|
Үкімет лидері
|
|
Дебат клубының қызметін ұйымдастыру ережелері
1. Дебат клубының қызметін ұйымдастыру ережелері білім беру ұйымдарында құрылатын дебаттық клуб қызметін реттейтін жергілікті нормативтік құжат болып табылады.
2. Дебат клубы – бұл оқушылар мен студенттердің Жалпыұлттық пікірсайыс қозғалысы шеңберінде әрбір білім беру ұйымында құрылатын білім беру ұйымдары білім алушыларының шығармашылық бірлестігі.
Дебат клубының қызметі жалпы мәдени, зияткерлік, зерттеу, коммуникативтік, шешендік, азаматтық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Дебат клубының қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды білім беру ұйымының басшысы анықтаған жауапты тұлға жүзеге асырады.
3. Дебат клубының қызметі жыл сайын қыркүйекте клубтың жалпы жиналысында қабылданатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Дебат клубы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 35-тармағы және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
5. Дебат клубының қызметі жариялылыққа, ашықтыққа, әрбір мүшесінің пікірін ескеруге, мәселелерді еркін талқылауға, ұжымдық шешімдер қабылдау қағидаттарына негізделеді.
6. Дебат клубы әкімшілікпен, педагогтермен және өңірлік дебат клубымен өзара тығыз байланыс жасайды.
7. Дебат клубы жұмысының негізгі нысаны – дебаттық турнирлер ұйымдастыру және өткізу.
8. Дебаттық турнир Америкалық парламенттік форматы (АПФ) бойынша жүргізіледі.
9. Клубтың жұмыс тілдері – қазақ, орыс және басқа тілдер.
10. Дебаттың тақырыбы тұжырымдалуы нақты, талқылау үшін перспективалы, қатысушылар мен көрермендер үшін өзекті, маңызды мәселелері қамтуы тиіс, тезисті қарапайым «жоқ» деген демеулік сөзді қосып қарма-қарсы тұжырымдама жасауға болатындай құру, командаларға сапалы аргумент ұсынуға тең мүмкіндік беру, зерттеу жұмысын ынталандыру, түрлі деңгейде талқылау мүмкіндігін беру қажет.
11. Дебат клубтары өз қызметін бүкіл оқу жылы барысында, каникулдарды қоса, іске асырады.
12. Дебат клубының мақсаты: дебаттық турнирлер мен ойындар арқылы білім алушыларды интеллектуалдық және тұлғалық дамыту.
13. Дебат клубының міндеттері:
клуб мүшелерінің сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту, қоғамның әлеуметтік-саяси бағдарланған азаматтарын қалыптастыру;
дін, өнер, экономика, қоғам өмірі және т.б. тұрғысынан қазіргі әлемнің түрлі мәселелерін қарастыру арқылы шешендік өнердегі қабілеттерін іске асыру;
мектептің, өңірдің, елдің ең өзекті мәселелеріне қоғамның назарын аударту;
талқыланатын мәселелер бойынша іс жүзінде іске асырылуы мүмкін ықтимал ымыралы шешімдерді шығару, клуб мүшелерінің көзқарасын қорғауға, басқаларды сендіруге және олардың қателіктерін мойындау білігін дағдыландыру;
дебаттық турнирлерге, семинарларға, тренингтік бағдарламаларға қатысу үшін спикерлер дайындау;
дебат клубтарының ойындарын дамыту және жетілдіру, жаңа форматтарды әзірлеу, апробациядан өткізу;
басқа дебат клубтарымен белсенді және конструктивті өзара әрекеттесу;
қазақстандық және халықаралық дебаттық қозғалыстарды дамыту және нығайту.
14. Дебат клубы қызметінің бағыттары:
белсенді тұлғаларды өзін-өзі тану үшін жағдай жасау;
оқыту сабақтарын ұйымдастыру;
командаларды қалыптастыру және олардың түрлі деңгейдегі турнирлерге қатысуын қамтамасыз ету;
сынып командалары арасындағы мектеп турнирлерін ұйымдастыру және өткізу;
барлық деңгейдегі тақырыптық турнирлерге қатысу;
клубтың беделді мүшелерін марапаттау;
білім алушылардың дебаттық қозғалысына қатысуы;
дебат қозғалысы шеңберінде дербес турнирлер өткізу арқылы білім беру ұйымдарының дебат клубтарымен байланыс орнату және қолдау;
дебат клубын әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау.
15. Дебат клубының құрылымы. Дебат клубының жоғарғы органы – жалпы жиналыс. Жалпы жиналыстың құзыретіне дебат ережелерін бекіту, президент (басшы) сайлау, бас төреші сайлау, мектептегі дебат клубына жаңа мүшелерді қабылдау жатады.
16. Жалпы жиналыс дебат клубының қызметіне байланысты басқа да сұрақтарды шешуге құқылы. Дебат клубы мүшелерінің жалпы жиналысы, әдетте, президент (басшы) немесе Клубтың бас төрешісі арқылы шақырылады.
17. Клуб мүшелерінің кем дегенде 50 пайызы оның отырысына қатысса, жалпы жиналыстың шешімін қабылдауға құқығы бар. Жалпы жиналыстың шешімі жиналысқа қатысқан дебаттық клуб мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Жалпы жиналыстың шешімдері дебат клубының барлық мүшелері үшін міндетті болып табылады.
18. Жалпы жиналысты өткізу тәртібі, оның ішінде дауыс беру тәртібі, жалпы жиналыстың төрағасы мен хатшысының кандидатураларын жалпы жиналыстың өзі айқындайды. Жалпы жиналыста Президент (жетекші) төрағалық етеді, ол болмаған кезде – бас төреші. Жалпы жиналыстың шешімдері жалпы жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қойған хаттамалармен ресімделеді.
19. Клуб мүшелерінің ішінен президенттің (жетекшінің) және дебат клубының бас төрешісі жалпы жиналыста бір жыл мерзімге сайланады. Президенттің және Бас төрешінің сайлауы әр жылдың мамыр айында өткізіледі.
20. Егер президент (бас төреші) өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыра алмаса немесе Клуб мүшелерінің кем дегенде 50%-ның бастамасы бойынша Төрағаны (бас төрешіні) кезектен тыс сайлау өткізіледі.
21. Президент және бас төреші лауазымына кандидатураны Клубтың кез-келген мүшесі ұсынуы мүмкін.
22. Жалпы жиналысқа қатысқан Клуб мүшелерінің қарапайым көпшілігі кандидатураны қолдаса, президент (бас төреші) сайланды деп есептеледі. Клуб мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, президенттің (басты төрешінің) кандидатурасын ұсыну үшін сайлаудың екінші айналымы өткізіледі.
23. Клуб президенті (бас төреші) Клубтың жаңа президентінің (бас төрешісінің) нақты сайланғанға дейін өз өкілеттігін сақтап қалады.
24. Дебат клубы президентінің (жетекшісінің) міндеттері:
дебат клубының аталуы мен белгілері туралы шешім;
жұмыс жоспарын әзірлеу, келісу және бекіту;
дебаттық форматтарды үйрету;
оқытудың белсенді топты және жеке түрлерін жүргізу: семинарлар, тренингтер, пікірсайыстар, рөлдік ойындар, турнирлер;
ағымдағы қызметті жүргізу;
клуб мүшелерін барлық деңгейдегі турнирлерге дайындау;
дебат клубының қызметімен байланысты мәселелер бойынша педагогикалық қызметкерлердің мүшелерімен өзара әрекеттесу;
оқу жылында кемінде 2 рет жалпы жиналыстарды өткізу;
дебат клубының іс-шараларын өткізу;
дебат клубының портфолиосын құру (аудио, видео және фото материалдар);
әр түрлі іс-шараларда, оның ішінде басқа ұйымдар өткізетін дебат клубының тұсаукесері;
дебаттық клубының қызметі туралы ақпарат;
жинақталған жұмыс тәжірибесін қорыту;
ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескере отырып, дебаттың жалпы принциптеріне негізделген ойын форматтарын дамыту;
турнирлерді өткізу кезінде ойыншылардың сөйлеу тәртібі мен ережелерін анықтау;
дебат клубының үздік мүшелерін көтермелеу туралы мектеп директорына ұсыныстар дайындау;
клубтармен, студиялармен және зияткерлік-сауық бейініндегі қауымдастықтарымен өзара әрекеттесу;
дебат клубының қызметі туралы ағымдағы және жылдық ақпаратты дайындау.
25. Дебат клубының бас төрешісінің міндеттері:
тренингтерді өткізу үшін тақырыптарды таңдау;
іскерлік ойындарды өткізу үшін тақырыптарды таңдау;
дебат клубы өткізетін барлық жарыстарда төрешілік ұйымдастыру және өткізу.
26. Дебат клубына мүшелік. Дебат клубына кіру дебат қозғалысының идеяларын өз еркімен қабылдайтын білім беру ұйымдарының барлық білім алушылары мен педагогтері үшін ерікті болып табылады.
27. Дебат клубының мүшесі болу үшін Клубтың Президентіне Клубқа қосылуға өтініш жазып, тиісті шешім Клубтың жалпы жиналысында қабылданады.
28. Пікірсайыстарға, турнирлерге, форумдарға қатысу үшін дебат клубының мүшелері топ болып бірлеседі.
29. Дебат клубына мүшелікті клуб президентінің атына өтініш беру арқылы немесе клуб қызметіне бір жыл ішінде нақты қатыспауына байланысты өз қалауы бойынша тоқтатуға болады.
30. Дебат клубының әрбір мүшесі:
дебат клубының мүшелері шешуші дауыс беру құқығы бар жалпы жиналыстарға қатысуға;
дебат клубының кез келген іс-шараларына қатысуға;
білім беру ұйымы басшысының келісімі бойынша әртүрлі пікірсайыс турнирлерінде дебат клубын ұсынуға;
дебат клубының қызметі туралы ұсыныстар енгізу, оларды талқылауға және іске асыруға қатысуға;
дебат клубының қызметі туралы ақпарат алуға;
дебат клубының мүшелігінен ерікті түрде шығуға;
дебат клубының үйлестіру органдарына сайлауға және сайлануға құқылы.
31. Дебат клубының әрбір мүшесі мынаны сақтауға міндетті:
осы Ережені;
Дебат клубының және оның мүшелерінің қызметін реттейтін басқа да ережелерді;
Дебат клубының басқа мүшелерін құрметтеуге;
Дебат клубының жұмысына белсенді қатысуға, іс-шараларды жоспарлауға және өткізуге;
Дебат клубы мүшелерінің жалпы жиналысының барлық шешімдерін орындауға;
Дебат клубы мүшелерінің кездесулеріне уақтылы қатысуға;
осы Ережелерді бұзатын әрекеттер, ұжымдық қатынастардың этикасы, сондай-ақ Клубқа моральдық немесе материалдық зиян келтіретін әрекеттер жасауға болмайды.
32. Дебат клубтарының қызметін басқару. Дебат клубтарын басқарушы орган – өңірдегі дебат клубының қызметін үйлестіру мақсатында облыстық (қалалық, аудандық бөлімдер) білім басқармалары құрған өңірлік дебат клубы болып табылады.
33. Жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өңірлік кезеңдерді өткізуді ұйымдастырушылар болып табылады.
34. Өңірлік дебат клубының міндеттері:
өңірдегі Дебат клубтарының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мәселелерін шешу;
Дебат клубтарының заңды түрде жұмыс істеуін бақылау, сондай-ақ пікірсайыстар мен негізгі ережелердің негізгі принциптерін сақтау;
Дебат клубтарының тиімділігін арттыру бойынша қажетті шараларды әзірлеу;
өңірлік ойындар, турнирлер үшін тақырыптарды таңдау және бекіту;
Дебат клубтары үшін өткізілетін барлық жарыстарда төрешілікті ұйымдастыру және өткізу;
білім мен дағдыларды алмасу жүйесін құру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
өңірлік турнирлерді, ойындарды өткізу туралы сұрақтарды шешу;
жергілікті атқарушы және өкілдік органдарға дебаттық турнирлерді өткізуді және оған қатысуды қаржыландыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
облыстық, республикалық және халықаралық турнирлерге дебат клубтарының командаларын дайындау және ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |