Оқушылардың ғылыми қоғамыН ҚҰру негіздемесі


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫ



бет2/5
Дата03.10.2023
өлшемі25,98 Kb.
#183558
1   2   3   4   5
Байланысты:
болашақ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫ
Оқушылардың ғылыми қоғамы – ғылымның, техниканың, мәдениеттің түрлі саласындағы жетістікті аса терең білуге, шығармашылық тұрғыдан ойлауды, зияткерлік бастамасын, өз алдын болуды, өз іс-әрекетіне аналитикалық көзқарасты болуды дамыту, зерттеу жұмысын пайдалану мен қолдануды тырысатын мектеп оқушыларының өз еркімен жасалатын бірлестігі. Ғылыми қоғамның іс-әрекеті осы Қаулы негізінде жүзеге асады.
1. Оқушылардың ғылыми қоғамының өз атауы, эмблемасы, ұраны бар.
2. Оқушылардың ғылыми қоғамының міндеті:
- ғылыми білімнің кеңінен танылуына көп жәрдемдесу;
- мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеті мен таным белсенділігін дамыту;
- мектеп оқушыларды ғылыми ізденістегі әдіспен және амалмен таныстыру;
- ғылыми әдебиетпен жұмыс жасауды, іріктеуді, сараптауды, ақпаратты жүйелеуді үйрету; зерттеу барысындағы мәселелерді анықтап және тұжырымдау; ғылыми жұмысты сауатты ресімдеу;
- оқушылардың кәсіби тұрғыдан өздігінен таңдау жасауға жәрдемдесу.
3. Оқушылардың ғылыми қоғамының нысаны мен мазмұндылығы:
- бағдарламаларды құрастыру, зерттеу тақырыптары мен жобаның әзірлемесі;
- мекеме мен ұйымның тапсырысын орындау;
- қызықтыратын мәселелерді зерделеуге ғылыми қоғамны қатысушыларының жеке сұранысын қанағаттандыру;
- олимпиадаларға, байқауларға, турнирлерге, көрмелерге қатысу;
- семинарларды, сөз таластарды, ғылыми-тәжірибелікконференцияларды өткізу;
- дәрістерді, баяндамаларды, хаттарды, сығармашылық есеп берулерді оқу;
- ғалымдармен кездесу;
- мектептің орта буынды оқушылары үшін қызығушылық бойынша топтастыру;
- ғылыми қоғамының мектептік және студенттік секцияларының бірлесіп өтетін отырыстар;
- шығармашылық жұмыстарды даярлау және оларды жинақа жариялау.
4. Оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысының құрылымы мен ұйымдастырылуы түрлі білім саласы бойынша секцияларға біріккен, оқушылардан құрылған шығармашылық топты өзіне қамтыған.
Ғылыми қоғамның жоғары ұйымы ретінде есеп беру кезеңінде қорытындылау үшін жылына бір рет өткізілетін қоғамның барлық мүшелерінің жиналысы, жаңа оқу жылына міндеттерді анықтау, жоспарды бекіту, қоғамның Кеңесін сайлау, ғылыми қоғамның іс-әрекетін анықтайтын құжаттар мен шешімді қабылдау болып табылады.
Кеңес өз құрамынан ғылыми қоғамның төрайымы мен хатсыны сайлайды. Кеңес, ұйымдастырушылық сұрақтарда, оқу жиындарды, конференцияларды, көрмелерді, жиналыстарды өткізу бойынша жұмыстарда ғылыми жетекшілер мен кеңесшілерге көмек көрсетеді, жоғары оқу орындарының студенттер қоғамымен бірлесіп жұмыс жасайды. Оқушылар кеңесі мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесінің жетекшілігімен жұмыс жасайды. Ғылыми қоғамы мүшелерінің сабақтары қажеттілік бойынша ғылыми жетекшілер мен кеңесшілердің жетекшілігімен ұжымдық немесе жеке түрде өткізіледі, бір-ақ айына берден кем болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет