215. Мектепке бейімделу жəне оның кезеңдері. Баланың мектепке бейімделуінің негізгі көрсеткіштерін түсіндіріңіз
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты- баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Мектепке бару — бала өміріндегі үлкен жаналық, шешуші кезең, өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынғакөшу және қсіп-жетілуіне бір сатысы. Мектепке барғаннан бастап баланың қоғамдағы орны өзгереді, бұл кезеңде бала мектеп өмірімен танысады, жаңа әлеуметтік бастайды, мектепке дейінгі ойын баласы жаңа өмірге қадам басады. Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлем, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді, ойын арқылы құрдастарымен қарым-қатынас жасайды, алғашқы білімдағдыларына бой ұрады. Ал, мектепке барысымен ол ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу, еңбектану іс-әрекетін меңгеретін болады.
Бала ағзасының қызметі мен денсаулық жағдайының даму деңгейімен анықталады. Баланың мектепке оқуға психологиялық және физиологиялық дайындығын анықтаукезінде денсаулық жағдайы юасты назарда болуы шарт. Өйткені білімді игеруге, оқуға деген қызуғушылығы басым болғаны мен денсаулығы сәйкес келмеуі мүмкін.
Әр баланың дамуы түрліше болатынын естен шығармау керек. Олардың жасы биологиялық дамуымен сәйкес келе бермейді. Бір бала 6 жаста өзінің дене дамуы жағынан жүйелі оқуға дайын екінші балаға 7 жас болса да, оған мектепбағдарламасы ауыр тиеді.
Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы ата-ананың, мұғалімнің және психологтің бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шаұтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді.
219. Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері ,зәр шығару жүйесінің ауруларының алдын алуын түсіндіріңіз?
Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше..Адам бүйрегінің салмағы – 150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз – әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.Ересек адамда әрбір бүйректің салмағы 120—200 г-дай, ұзындығы 10—12 см, ені 5—6 см, қалыңд. 3—4 см-дей болады.Цистит — қуықтың қабынуы. Қуыққа жұқпа кіргенде пайда болады. Аурудың дамуына қуықтың шырышты қабығын тітіркендіретін мынадай факторлар себепші болады: дененің қатты тоңуы, тәтті не болмаса тұздалған тағамдарды көп қолдану, спиртті ішімдіктерге үйір болу, сондай-ақ іштің қатуы. Цистит кіші дәреттің аз мөлшерде, үзік-үзік, қиындықпен шығуымен сипатталады. Ауырсыну әртүрлі (шаншып не күйдіріп ауырады), кіші дәреттің соңына қарай күшейеді. Зәрге қан да араласуы мүмкін. Кейде дене қызуы көтеріліп, жүрек айниды.Циститтің алдын алу үшін жыныс ағзаларын ұдайы жуып жүру керек, жеке бастың тазалығын сақтап, қабынған ауруларды дер кезінде емдету қажет. Денеге суық тигізуден (суық суға шомылудан, не болмаса қыста жеңіл киінуден), қалбырланған не тұзы басым тағамдардан аулақ болған жөн. Пиелонефрит – жағымсыз жағдайлар кезінде микроорганиздерден туатын бүйрек сырқаты (бүйрек қабынуы). Бұл аурудың қауіптілігі оның көбіне еш белгі бермей өтуінде. Сондықтан сырқат адам өзін жақсы сезінеді, бүйрегі мазаласа да оған аса мән бермейді. Бұл аурудың алдын алу үшін антибиотикпен, химиялық бактерияға қарсы дәрілермен жүргізілуі тиіс. Созылмалы бүйрек қабынуы кезінде ем осыған ұқсас, бірақ ұзағырақ. Ауру басылғанда бактерияға қарсы емді ара-тұра жасап тұру керек. Бүйрегі ауыратын адамдарға шипажайларда емделген жақсы. Сонымен қатар бүйрек ауруына шөптер тұнбасын ішкен тиімді
216.Оқушыларда көру жəне есту қызметтерінің бұзылуларының алдын алуды түсіндіріңіз
Көз – баланың ең маңызды мүшесі.Еңбек пен демалыстың дұрыс кезектесуі керек .
1Тұрақты тамақтану. 2Белгілі бір ұзақтықтағы ұйқы, дәл тұру және ұйықтау уақыты.
3Таңертеңгілік жаттығулар мен гигиеналық процедуралардың нақты уақыты.
4Үй тапсырмасына уақытты белгілеу. 5Ашық ауада максималды болумен белгілі бір демалыс ұзақтығы.
Сіз баланы қорғай аласыз. Сонымен қатар, ең қарапайым және айқын профилактикалық шаралар ең тиімді болып саналады. Балаңыздың дамуын қадағалаңыз, әсіресе оның өмірінің алғашқы айларында 2 Құлақтарды дұрыс тазалау. 3 Құлағыңызға су түсуін болдырмаңыз. 4 жасқа дейінгі балалардың есту түтігі өте қысқа, сондықтан шомылу кезінде судың шамалы түсуі отит медиасының дамуын немесе құлақ қалқанының зақымдалуын тудыруы мүмкін. 4 Шуды азайту 5 Суық тиюді және жұқпалы ауруларды дер кезінде емдеу есту қабілетінің нашарлауының тағы бір себебі болып табылады. Бұл факторды жою үшін балаларды уақтылы және толығымен емдеңіз.
217Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктерін анықтаңыз
Жоғары жүйке әрекетінің типтерінің балаларда қалыптасуы. Балалардың 1-ші сигнал жүйесі тусымен дами бастайды, ал 2-ші сигнал жүйесі кейінірек қалыптасады. Баланың мінез-қүлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке өрекетінің типтері ықпал етеді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде жоғары жүйке әрекетінін типтері балалардың темпераменті мен мінез-күлықтарының физиологиялық негізі екені дәлелденді. Баланың темпераменті мен мінез-қүлықтарының калыптасуы екі түрлі әсерге байланысты:
• 1)ата-анасынан түқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми кыртысындағы генотиптік қасиеттері;
• 2) сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы, әлеуметтік қоғам орындарының әсері - балалар бақшасындағы, мектептегі, көшедегі тәрбие, т.б.) болатын фенотиптік қасиеттер. Бүл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
Балалардың шартты рефлекстері манызы және олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты жөне шартсыз рефлекстер деп белгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |