Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің мақсатын және міндеттерін, басқа ғылымдармен байланысын түсіндіріңіз



бет7/20
Дата13.06.2023
өлшемі327,29 Kb.
#178709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
1 деңгейдегі ОФД
2 тоқсан БЖБ №2
Онтогонез(грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы.
Эмбрионалдық кезең - ұрықтанғаннан бастап туғанға дейінгі немесе жұмыртқаны жарып шыққанға дейінгі ұрықтың даму кезеңі.
Постэмбрионалдық - эмбрион туылғаннан немесе жұмыртқадан шыққаннан бастап өлгенге дейінгі кезең.
Адам өмірінің кезеңдері
*Нәрестелік кзең *Емшектік кезең *Мектепке дейінгі сәбилік кезең
*Мектепке дейінгі естияр кезең *Мектеп жасындағы ересек кезең *Жасөспірімдік кезең *Балғын жастық кезең *Кемелденген кезең *Мосқалдық кезең *Қарттық кезең.
Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді. Бұл кезеңде сәбидің көп уақыты ұйқымен өтеді. Таиақ қажет болғанда оянады. Емшектік кезеңде тамақ беру уақыты мен тазалықты мұқият сақтау керек.
Нәрестелік кезең – нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезеңде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды.
. Мектепке дейінгі сәбилік кезең – бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүріп, сөйлеп, әр нәрсені білгісі келеді және ойлау қабілеті дамиды.
Мектеп жасына дейінгі кезең - бұл кезеңде баланың айналасында болып жатқан заттарға қызығушылы артады және «бұл не?» деген сұраққа жауап іздейді.
Мектеп жасындағы ересек кезең – баланың іс әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады бұл баланың мектепке баруымен тікелей байланысты. Енді бала мектеп тәртібіне бағынуға байланысты іс-әрекеттерге бағынады.
Балғын жастық кезең – барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің қалыптасуы толығымен жетіледі. Жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі бір-бірімен үйлесімді жүреді.
Мосқалдық кезең – бұл кезеңде адамның қимыл-әрекеті баяулайды, зат алмасу қарқыны бәсеңдейді. Жүйке жүйесінде тежелу айқын басымдылық береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет