Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің мақсатын және міндеттерін, басқа ғылымдармен байланысын түсіндіріңіз



бет2/20
Дата13.06.2023
өлшемі327,29 Kb.
#178709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 деңгейдегі ОФД
2 тоқсан БЖБ №2, adicteme
Қалқанша без тироксин гормонын бөледі. Тироксин гормоны қалыпты түзілуі үшін ағзада йод жеткілікті болуы керек. Егер де ересек адам тамақпен және сумен жеткілікті мөлшерде йод алып отырмаса, эндемиялық зоб ауруына шалдығады. Бұл – қалқанша безінің ісінуі. Жас балаларда йодтың жетіспеуінен кретинизм ауруы пайда болады. Эпифиз (мидың жоғарғы қосалқысы)—аралық мидың таламус бөлігінің үстінде, III қарыншаның арт жағында, төрт төмпешік үстінде орналасқан. Ұзындығы 7—10, көлденеңі 5—7 мм, бұл без жасөспірім балада ересек адамға қарағанда ірілеу келеді. Өсіп-даму жағынан кемелді көлеміне 7 жасқа таман жетеді.Эпифиздің атқаратын қызметі әлі толығымен тексерілмеген, бірақ без алынып тасталған жас малдарда сүйектерінің жылдам өсуі, жыныс белгілерінің ерте дамуы және жыныс мүшелерінің кенеттен тыс өсуі бай-қалады. Сол себептен эпифиз безі жыныстық мүшелердің дамуын тежейді деген болжау бар.
Айырша без (вилочковая железа) төстің ішкі жағында жабыса жатады, мұның өзі екі бөліктен түзілген. Бөліктерінің ортасы дәнекер тканімен байланысып отырады. Әрбір бөліндінің жоғарғы жағы сүйірленіп қалқанша безге дейін жетсе, төменгі жағы толықтана келіп, жүрек қапшығына дейін барады. Айырша бездің мөлшері, жұмысы адам жасына қарай өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестеде орташа салмағы 12 г болады. Содан жыныстық жетілу кезінде (14—15 жаста) без жақсы дамып, салмағы 30—40 грамға дейін жетеді. Бұдан әрі бездің өсуі баяулап жұмысы нашарлай бастайды. 60—70 жаста бездің салмағы 6 грамға дейін азаяды. Қәрі адамдарда без тканьдері майға айналып, жұмысы мүлдем жойылады.Айырша бездің шығаратын гормоны, оның организмге тиетін әсері мүлдем тексеріліп біткен жоқ. Бірақ жыныс мүшелерінің дамуы, жыныс белгілерінің пайда болуын тежеп тұрумен бірге организмдегі улы заттарды усыздандырады деген пікірлер бар.
Бүйрекүсті безі (надпочечная железа)— атына сай бүйрек үстінде орналасқан. Оң жақ бүйрекүсті безінің пішіні үш бұрышты болып келсе, сол бүйрекүсті безі жарты ай тәрізді. Олардың салмағы адам жасына қарай өзгеріп отырады. Егер жас балада 6—7 г болса, ересек адамда 20 грамға дейін барады. Бүйрекүсті безі сырт жағынан дәнекер тканьді фиброздық қапшықпен қапталған. Бездің сыртқы ашықтау келген затын қыртыс заты, ішкі қоңыр түсті жұмсақтау келген затын милы заты деп атайды. Бұл екі зат атқаратын қызметі жағынан да, әрі құрылысы жағынан да бір-бірінен өзгеше келеді. Қыртыс қабаты май (липоид) түйіршіктерінен тұратын холестерин торшаларынан түзілген. Милы қабаты хром тұздарының әсерінен сарғыш түске боялған хромофиндік торшалардан тұрады. Мұнда көптеген нерв талшықтары мен ганглиоздық (симпатикалық) нерв клеткалары кездеседі. Бүйрекүсті бездерінің қызметі нашарласа адам адиссон ауруына душар болады. Денеге қоңыр түсті дақтар пайда болып, ми қабілеті нашарлап қимыл әрекеті азаяды. Ас қорыту процесі де бәсеңдейді, егер уақытында емделмей ауруын асқындырып алса, осы сырқаттан өліп кетуі мүмкін. Себебі қан қысымының төмендеу нәтижесінде адам арықтап, жалпы ағза қатты әлсірейді. Бұл бездің кенеттен тыс қатты жұмыс істеуі жыныс органдарының жылдам жетілуіне әсер етеді. Осы жағдайда екі жастағы қыз баланың менструациясының келуі, 4—5 жастағы ұл баланың мұрты шыққаны байқалған.

  1. Сүйектің құрылысы мен құрамын талдаңыз

Адам қаңқасының негізі — сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар. Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар.Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады. Сүйекті күйдіргенде бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті түз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты. Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады. Сүйектердің қозғалмалы байланысын буын дейді. Организмде сүйектердің өзара жалғасуының үш түрі болады: қозғалмайтын, қозғалмалы және жартылай қозғалмалы. Сүйектің қозғалмайтын жалғасуына — бас сүйегі, жамбас сүйегі; жартылай қозғалмалы байланыс түріне — омыртқа жотасы; сүйектердің қозғалмалы байланыс түріне буын арқылы жалғасатын, яғни кол сүйектері, иық пен аяқ белдеулері, қабырғалар жатады.Сүйектердің дәнекер ұлпасы немесе шеміршек ұлпасы арқылы байланысын қосылу деп атайды. Сүйектердің қосылуының ерекше түрі бас сүйегінде кездеседі. Оны сүйектіц тігісі дейді. Сүйектердің шеміршек ұлпасы арқылы қосылуы омыртқа жотасында кездеседі. Олардың серпімді және созылмалы қасиеті бар. Шеміршек ұлпасы арқылы жартылай қозғалмалы омыртқалардың қосылуы адам жүргенде, жұмыс істегенде омыртқа жотасының икемділігін қамтамасыз етеді және дененің тербелісі, қозғалысы кезінде соққыны бәсеңдетіп отырады.Қысқа сүйектер денеге мықтылық қасиет береді және иілімді жерлерде орналасады. Олар: омыртқа, табан мен қол сүйектері. Жалпақ сүйектер жұқа болады. Бұларға: бас сүйегі, жамбас, кеуде қуысындағы қабырға, жауырын, самай, бет жене жак сүйектері жатады.

  1. Сыртқа шығару ағзаларына түсініктеме беріңіз

Сыртқа шығару жүйесі Зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, ағзаның ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы зор. Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше оын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше, салмағы 120 -150 г. Сырты дәнекер ұлпасымен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады. Нәрестенің бүйрек массасы 11 -12 грамм, 1 жаста-37 -38 грамм, 5 жаста-55 -57 грамм. Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20 -30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі. Бүйректе сыртқы қызғылт қоңыр түсті қыртыс қабаты және ішкі ортаңғы ақшыл милы қабаты болады. Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен құралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1 -1, 2 млн. Несеп нефронда түзіледі және екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Несептің түзілуі күрделі уш қызметтің нәтижесі: 1. Фильтрация - нефронның капилляр шұмағындағы сүзілу. 2. Реабсорбция - иірімді каналдардағы кері сүзілу. 3. Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсенді секрециялық қызметі. Терінің құрылысы мен маңызы Адамның терісі 3 қабаттан тұрады: 1. Эпидермис – сыртқы қабат. 2. Дерма – ортаңғы қабат. 3. Гиподерма – ішкі қабат. Ең қалың – сыртқы қабат, қалыңдылығы 1 -2, 5 мм. Бұл қабатта меланин өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса – қоңырлау, ал тым көп болса – қара қоңыр болады. Дерма қабатының жасушалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда капиллярлар мен нерв ұштары болады. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметің атқарады.

  1. Өсу мен дамудың биологиялық даму заңдылықтары табыңыз Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерін өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы, салмағы және кеуде шеңбері. Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы дегеніміз ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуы, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюы. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық. Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы. Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минутық көлемін өлшейді. Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар: 1. Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды. Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішінде бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез, қыста нашар немесе түнде бойы көбірек, күндіз аз өседі. Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді: 1) туғаннан 3 жасқа дейін; 2) 3-7 жас аралығы; 3) жыныстық жетілу кезеңінде. 2. Мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі. Баланың алғашқы жылында миы тез өседі, 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90% шамасында болады. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады. 3. Өсу мен даму баланың жынысына байланысты. Жыныстық жетілу қыздарда 9-10 жаста, ұлдарда 10-11 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары болады. 4. Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі. Организмнің өсу және даму қарқыны, жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы мүмкін. 5. Өсу мен дамудың акселерациясы. Акселерация дегеніміз өсу мен дамудың қарқынды жүруі. Яғни, қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:

    • жаңа туған нәрестелердің ірі болуы;

    • белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы;

-ерте жыныстық жетілу;
-баланың сүйегінің ерте қатаюы;
-бойдың өсуінің ерте тоқтауы


2

1

1

Рефлекторлық доға. Рецепторлар туралы сипаттап жазыңыз

2

1

2

Жыныс бездері мен олардың организмнің дамуы, өсуі жəне жыныстық жетілуі үрдістеріндегі маңызын сипаттап жазыңыз

2

1

3

Мектеп оқушыларында дұрыс дене бітімін сақтауды жəне қалыптастыруды тəрбиелеу туралы түсіндіріңіз

2

1

4

Балалардың дамуындағы əлеуметтік факторлардың ролін түсіндіріңіз

2

1

5

Мектепке бейімделу жəне оның кезеңдері. Баланың мектепке бейімделуінің негізгі көрсеткіштерін түсіндіріңіз

2

1

6

Оқушыларда көру жəне есту қызметтерінің бұзылуларының алдын алуды түсіндіріңіз

2

1

7

Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктерін анықтаңыз

2

1

8

Оқушылардың тері жамылғылары құрылысының жас ерекшеліктері. Терінің қызметі. Терінің туындыларын анықтаңыз

2

1

9

Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері, зəр шығару жүйесі ауруларының алдын алуға туралы түсіндіріңіз

2

1

10

Қанның жасалуы және оның топтарына сипаттама беріңіз

2

1

11

Қан элементтеріне сипаттама жазыңыз.

2

1

12

Дұрыс тамақтанбаумен байланысты тундайтын аурулар - анемия, семіздік жəне гиповитаминоз туралы айтыңыз, олардың алдын алу туралы шараларды түсіндіріңіз

2

1

13

Сенсорлық жүйелердің құрылымы мен функциональдық жетілуін түсіндіріңіз

2

1

14

Оқушылардың өсу және жыныстық жетілудің физиологиялық маңызын талдаңыз

2

1

15

Балалар мен жасөспірімдердің көру қабілетінің бұзылыстарының алдын алу. Көру өткірлігін анықтаңыз

2

1

16

Балалар мен жасөспірімдер арасында тараған йодтапшылығы жəне қант диабеті, олардың алдын алу жолдарын түсіндіріңіз

2

1

17

Жыныстық жетілу бойынша тәрбиелік сабақтардың мектеп оқушыларының дамуындағы рөлін көрсетіңіз

211.Рефлекторлық доға (жүйке доғасы) – рефлексті жүзеге асыру кезінде жүйке импульстары өтетін жүйке жолы.


Рефлекторлық доға мыналардан тұрады:
-рецептор – тітіркенуді қабылдайтын жүйке буыны;
-афферентті буын – орталық жүйке талшығы – сезімтал жүйке ұштарынан орталық жүйке жүйесіне импульстарды беретін рецепторлық нейрондардың процестері;
-орталық буын - жүйке орталығы (қосымша элемент, мысалы, аксон рефлексі үшін);
-эфферентті буын – жүйке орталығынан эффекторға жүйке импульсінің берілуін жүзеге асыру;
-эффектор – рефлекс нәтижесінде қызметі өзгеретін атқарушы орган.
212. Жыныс бездері - жыныстық бездер, ағзалар жыныстық жасушаларды, (жұмыртқа мен сперматозоидтар) және жануарлар мен адамның жыныстық гормондары түзеді. Гермафродиттік жануарларда еркектер жыныс бездері, аталық безі, ұрғашыларында, аналық безі, мысалы: жалпақ немесе аз қылтанды кұрттар, сүліктер, мұртты аяқты шаяндардың, бір дарағында еркектің де, ұрғашының да жыныс бездері дамиды. Жыныстық бездері даму үрдісінде екі жыныста да индефферентты, (биопотенциалды) даму сатысынан өтеді жыныстық дифференциациялануы басталады. Жұмыртқалары жыныс бездерінің қабыршақтары, сперматозоидтері, милы қабатында жаралады. Жыныс бездер, жыныс мүшелерінің негізі болып есептеледі.[1] Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары - сперматозоидтар, әйелдер-де жұмыртқа жасушасы түзіледі. ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген жыныс гормондары бірден қанға бөлінеді. Ер адамдардан бөлінетін жыныс гормондары - андрогендер (грекше - еркек), оның негізгісі - тестостерон. Әйелдердің жыныс гормондары экстрогендер деп аталады. Қызметі: ер адамдардың жыныс гормоны еркектерге тән белгілердің дамуына әсер етеді (дауыстың жуандауы, сақал-мұрттың шығуы, бұлшықеттерінің даму ерекшеліктері және т. б.). Андрогендер - бауыр, бүйрек, бұлшықеттегі нәруыздың түзілуін күшейтеді.
Жыныстық жетілу кезеңінде ұл-қыздарға әсер ететін өзгерістер
бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды

  • жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады

  • дауыс жуандайды

  • терідегі май бездер белсендірек істей бастағаны себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкін

  • тер бездері дамиды

  • қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды

  • көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін

  • қарсы жынысқа тартатын күшті сезіле бастайды

Қыздарға әсер ететін өзгерістер

  • емшек өсіп, емшек ұштары ілгері созыла бастайды, бұл ауыртпалы болуы мүмкін

  • сандары жұмырланады

  • жыныс мүшелері дамып, аналық бездері аналық жасушаларды өндіріп шығара бастайды

  • жыныстық жетілудің соңғы сатысында етеккір басталады

Ұл балаларға әсер ететін өзгерістер
кеуде мен иықтары дамиды

  • бетке сақал-мұрт өсе бастайды, кеудеде кейде түк пайда болуы мүмкін

  • аталық жыныс мүшесі мен аталық бездері ісіп, үлкейеді; аталық бездер ұмаға түсіп, сперматозоидтарды өндіріп шығара бастайды

  • аталық жыныс мүшесінің қан тамырлары қанға толғаны себепті эрекция, яни аталық жыныс мушесінің қатаюы жиі-жиі және күтпеген жерде пайда болады

  • кейде ұйықтап жатқанда аталық жыныс мүшесі.

214.Сенсорлық жүйелердің бөлімдері мен олардың орналасу орындарын атаңыз.


Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; лат. sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.
Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезім рецепторлардан түрады. Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып ми қыртысына таситын сезгіш мүшелерден түрады. Қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтарын қүрады.
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.
Қосымша құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық-көз жасын түзейді. Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Көз алмасы- күрделі құрылысты мүше. Ол бас сауытының көз шарасында орналасқан, пішіні шар тәрізді, тек алдыңғы жағы сәл дөңестеу келеді. Көздің сыртын тығыз аққабық қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын тамырлы қабат бар. Ол қан тамырларының торынан тұрады десек те болады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат-пигмент болады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қарашығы деп атайды. Қасаң қабықтың артқы жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз аламасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың іркілдеген мөлдір шыны тәрізді денеге толы болады. Көздің ақ қабығының артқы жағынан көзге көру нерві кіреді. Көздің нұрлы қабығының түсіондағы бояуға байланысты болады. Оның түсі көгілдір түстен қою қара түске дейін болуы мүмкін. Соған байланысты қара, көк, қоңыр т.б. көздерді кездестіруге болады. Кей адамдардың пигментті мүлде болмайды. Ондай адамның (альбиностың) көзі қызыл болады. Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады. Көздің торлы қабғыындағы таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда конустың түктелерінде жинақталған сәулелердің әсерінен. Олардың ішіндегі ерекше арнайы заттар фотохимиялық реакцияларға түсіп ыдырайды. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады. Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 г. көз жасының безі туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды. Жаңа туған нәрестенің қарашығы өте жіңішке-диаметрі 1,5 мм ғана. Бұл ересеке адамның көзінің салмағынан 2 есе кем. Ересек адамның көзі 6-8 грам. Не бары 1 см болып көзі жетілген сайын алыстай береді. 10 жаста ол 7 см 20 жаста 8,3 см 60 жаста 80 см болады. Яғни ересек алыстан көру қабілеті дами бастайды.
Түсті жарықты қабылдау ілімінің негізін алғаш рет М.В.Ломоносов 1756 жылы қалаған. Олардың үш қүрамында жарық қабылдау қағидасы бойынша торлы қабықша сауытша тәрізді клеткалар 3 түрлі болады. Оның бірі қызыл түсті жарық толқындарын 2- шісі жасыл 3 күлгін түсті жарық толқындарын сезеді.
Сонымен анализатордың бөліктері - шеткі, өткізгіш, орталық деп аталады. Анализаторлардың барлық бөлігі бірімен-бірі тығыз байланысты. Егер анализатордың бір бөлігі зақымданса, басқа бөліктеріне әсер етіп, тітіркенуді ажырата алмайды (жойылады).
Есту деп организмнің дыбысты қабылдау қабілетін айтады. Ол есту мүшесінің күрделі қызметі арқылы іске асырылады.Сүт қоректілерде есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады.Сыртқы және ортаңғы құлақ есту талдағышының өткізгіш, ал ішкі құлақ - қабылдаушы бөлімі. Есту органы орналасуына, атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы құлақ дыбыс толқынын жинақтап ортаңғы құлаққа өткізеді, ортаңғы құлақ ішкі құлақтың қабылдау рецепторларына береді.Ішкі құлақта есту (кортиев) органдарынан басқа тепе-теңдік аппараты да жатады. Сыртқы қүлаққа құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады.Құлақ қалқаны сыртқы орталықтағы дыбыс толқынын жинақтап дыбыс жолына қарай икемдейді. Сыртқы қабырғасы дабыл жарғағы арқылы сыртқы дыбыс жолынан бөлініп тұрады, ал ішкі қабырғасында екі тесікше жатады. түтігі ортаңғы құлақты жұтқыншақпен жалғастырып тұрады, оның ұзындығы 3—4 см. Түтіктің ішкі аз бөлігі сүйектен, ал сыртқы бөлігі шеміршектен тузілген. Ауа жұтынған кезде осы түтік арқылы жұтқыншақтан ортаңғы құлаққа еніп, оның ішіндегі ауа қысымын сыртқы ортадағы ауа қысымымен теңестіріп тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет