ӘОЖ 371.133.2
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДА ҮЙІРМЕЛЕРДІҢ РОЛІ
Г.Халикова, А.Есенбекова, А.Аршабаева
ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В этой статье показано, что достижение в системе среднего образования связано с реализацией на практике задач: обучения учащихся самостоятельной познавательной деятельности и получению новых знаний не только репродуктивно, но и через поисковую и учебно-исследовательскую деятельность.
Summaru
In this paper we show that achievement in secondary education is associated with the implementation in practice of tasks: teaching students independent cognitive activity and acquisition of new knowledge is not only reproducible, but also through a search and teaching and research activities.
2015 жылдың 26 сәуірде Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынған болатын.
«100 нақты қадам» елімізде « 2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Аталған міндеттердің жүзеге асырылуы ел келешегінің кемел болашағының жарқын болуына негіз болары сөзсіз. «Индустрияландыру және экономикалық өсім» институционалды реформаның 64 қадамында ғылым мен өндірісті ұштастыру мақсатында құрылған технологиялық парктер мен жеке шағын кәсіпорындардың Ғылым Академиясы мен жоғарғы оқу орындарының жанынан құрылуы, ғылыми қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарына конкурс өткізу бойынша қызметті белсендіру, жас ғалымдар арасында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысу мәселелері қарастырылған. Осы мақсатты орындауда студенттерді институт қабырғасынан бастап дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Толыққанды жеке тұлға дайындау жүйесінде биологиядан оқушылардың ізденуін, зерттеушілік біліктілігін, шығармашылығын үйірме жұмыстары арқылы екі бағыт дамытуға: сабақ барысында игерген білімдерді кеңейту және тереңдету; өлке тану материалдарын оқып үйрену арқылы жүзеге асыруға болады. Соңғы нәтижеде- ғылыми-зерттеу жұмыстарына бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Оларда еңбексүйгіш, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау, өзара көмек, тәртіптілік сияқты құзырлылық қасиеттері жақсы қалыптасуы керек. Үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың кітаппен, анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу, кітапқа, рефератқа сын-пікір жазу, реферат жазу, дерек көздерінен жинақтаған материалды қорыту, көпшіліктің алдында хабарлама, баяндама, ғылыми жоба жасау дағдылары қалыптаса бастады.
Бұл кезде білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсаттары да шешімін табады, олар:-үйрету; шығармашылық өсулеріне жағдай жасау;өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануына көмектесу.
Үйірме жұмыстары арқылы тарихи-биологиялық деректерді оқып-үйрену оқушылардың білімін байытып, олардың көзқарасын қалыптастырып, сабақ мазмұнын жан-жақты әрі кең түрде игеруіне көмектеседі. Олар тіпті небір қызықты қосымша материалдарды тауып келіп сыныптастарына айтқан кезде, оқуға қызығушылығы төмен оқушылардың өзі көңіл қоя ықылас білдірді.
Оқушылардың биологиядан өз беттерінше жұмыс істеуінің негізгі формасы — үйірме– бұл оқушылардың жалпы қызығуымен сыныптан тыс қызметінің негізінде құрылған бірлестік. Үйірме жұмысы оқушылардың белгілі бір ғылымның, өнер мен спорттың саласына қызығуы мен қабілеттілігін дамытуға және анықтауға көмектеседі. Үйірме жұмыстары оқушының сабақта алған білімін тереңдей түседі, бағдарламалардан тыс жаңа білім мен ептілігін дағдыны қалыптастырады. Осы орайда білім беруде мұғалімдерге үлкен міндеттер жүктелері анық. "Егер ісім өнсін десең — ретін тап" деп Абай атамыз айтқанындай, оқыту барысында тек сыныптан тыс, сабақтан тыс жұмыстар жүргізу ғана керек екен демей, біз оның тиімділігіне ерекше назар аударуға тиіспіз. Кез келген сабақ, үйірме барысында оқытудың жаңа технологиясын ретті, ретсіз пайдалануға жол берілмей, бұл тұрғыда тақырыптың теориялық жүгіне, сыныптағы жеке оқушының қабілетіне, олардың білім деңгейіне қарай қолданудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ізденімпаздығы талап етіледі.[ 3]
Үйірме өте кең ауқымды пәнаралық байланыс негізінде (информатика, тарих, медицина, география, валеология, математика, физика, химия т.б.) құрылып оқытылады.
Биология пәні бойынша үйірменің мақсаты:
— оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру, әрбір оқушының қызып қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау;
— барынша баланың өздік тәжірибесін анықтау, жетелеу, пайдалану;
— алдын-ала белгіленген қасиеттерді қалыптастыру емес, өзін-өзі тануға, анықтауға жүзеге асыруға жағдай тудыру;
— Жергілікті материалдарды пайдалана отырып, еліміздегі әр аймақтың этнолингвистикалық және экологиялық-географиялық жағдайларын ескеріп, оқушыларда натуралистік рефлексия тудыруға мүмкіндік жасайтындай тиімді әдістемелік жағдай жасайтын біріңғай биологиялық білім беру Елбасының алға қойып отырған бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына ену стратегиясын іске асыру үшін білімді де білікті маман кадрларды даярлаудың алғы шарты болмақ. Демек бағдарлы оқыту бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті жеке тұлғаларды қалыптастыруда маңызды орын алады.[4]
Үйірменің міндеттері:
— Оқушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды, негізгі тірек ретінде пайдалана білу.
— Биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып тақырыпқа сай тәрбиелеу.
Үйірме оқытудың формалары мен әдістері:
— Курста оқытудың интерактивті тәсілдері пайдаланылады. Оқушының өзінің белсенді пікірінде қаралып отырған мәселені шешудің ұсыныстарын айтады. Жеке, топпен, ұжымдық жұмыстар атқара отырып, танымдылығы артады.
— Қазіргі кездегі биология мәселелері туралы пікірталастар
— Биология мәселелері туралы ғылыми көпшілікке арналған және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей біледі. Интернет материалдарын пайдаланады.
— Шығармашылық жұмыстар (жоба қорғау) жасау арқылы болжау, анықгау, соларды түсіндіру, қолдану әдістерін жүргізеді.[5]
Үйірмеден күтілетін нәтиже:
— Оқушының, жеке тұлғалық сипатын айқындау, оларды кәсіпалды дамыту, пән олимпиадасына қатыстыру, жоба қорғату, өзін-өзі бағалау.
— Танымдылық іс әрекеті, тапқырлығы артады, қызығушылығы оянады.
— Жоғары деңгейдегі оқу дағдылары дамиды, ізденеді, ойларын жеткізеді.
— Жаңа ұғымдардың мәнін дұрыс түсінеді, орынды қолдану біліктілігі артады.
Пәндік үйірме – жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұлғасынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндер биімділілігін дамуда және тапсырылған жұмыстарда нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар оқытудың өмірімен байланысын қамтамасыз ету пәнаралық байланыстарын нығайтуға ықпалын тигізеді. Оқушылардың пән үйірме жұмыстары оқыту процестерін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді. Биологиялық білім беруді жетілдіруде басымды бағыт-ұлттық, этномәдени және басқа ерекшеліктерін ескере отырып, биологиялық білімді халқымыздың өміріне барынша қабыстыру мақсатында оның мазмұны мен құрылымын аймақтың нақты жағдайына келтіріліп отырады. Мысалы, «Жас ботаниктер» үйірмесінде – жергілікті ағаштар мен бұталардың шөптесін өсімдіктердің түр құрамын зерттеумен шұғылдануға жергілікті флораның т.б. күй жайына назар аударуға болады. «Жас зоологтар» – жергілікті фаунаның түр құрамын адамның шаруашылық қызметімен орманды кесу, батпақты құрғату, жасанды су қоймаларын дамуға байланысты жануарлардың түр құрамының өзгерістерін анықтай алады. Осы үйірменің арқасында – табиғатты қорғау жөнінде шараларды: құстар күнін, бақ апталығын, орман айлығын т.б. өткізу дәстүрге айналады. [5]
Егер үйірменін жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса ғана тиімді нәтиже алынады. Ойдағыдай жұмыс істеу үшін әрбір жеке үйірмені білім деңгейі, іскерліктері мен дағдылары шамалас екі (ең көп болса үш) сыныптардың (мысалы, 6 және 7 немесе 7 және 8) оқушыларынан құрған абзал. Бір үйірмеде бастауыш және жоғары класс оқушыларын біріктірген күнде оның жетекшісіне әңгіме өткізіп, тапсырма беру т. б. жасау өте қиын болған болар еді. Үйірме арнаулы бағдарлама негізінде бір немесе жарты жылға жасалған жоспар бойынша жұмыс істейді. Мұндай бағдарлама мектептің оқу бағдарламасының тақырыптарына сәйкес болуы керек. Ол үйірме жетекшісінің мектептің мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, оны өндірістік жағдайларды, оқушылардың жас ерекшеліктерін, талаптары мен ынталарын, әзірлік дәрежелерін т. б. ескеріп нақтылы жұмыс жоспарын жасауды жеңілдететін бағыт болып табылады. Әрбір үлгі бағдарламада танымдық және теориялық мәліметтердің белгілі шеңберін және практикалық жұмыстардың белгілі түрлерін көздейді. Бірақ, практикалық жұмыстарды таңдау әрқашан тек қана бағдарлама бойынша болмайды. Олардың орындалуы көптеген себептерге: интерактивті, техникалық, табиғи, жасанды құралдардың болуына, жетекшінің білімі мен іскерлік дәрежесіне, үйірме мүшелерінің даярлығы мен ынталарына байланысты. Практикалық жұмыстардың сипаты мен көлеміне байланысты жетекші бағдарламаға: бір тақырып бойынша материалды қысқартып, екінші тақырып бойынша көбейтуге, жеке тақырыптарды шығарып, орнына жаңа тақырыптар қосып, өз өзгерістерін енгізе алады. Осыдан келіп үлгі бағдарлама бойынша әрбір тақырыпқа берілген уақыттың шарттылығы туады. Биологиядан практикалық жұмыс та жалпы регламенттеуге жатпайды. Бұл жоспарға үйірменің жүргізуге жоспарлаған көпшілік шаралары да енеді: экскурсия, тақырыптық кештер, көрмелер, жарыстар, ғылыми-техникалық бюллетень шығару т.с.с. Жоспары жасауда үйірме мүшелерінің тілектері мен ұсыныстарын ескеру үшін үйірме ұжымының бірінші немесе екінші сабақтарында талқылау қажет. Үйірмеде оқушылар үшін ережелерді, қатаң, саналы тәртіпті сақтау, мәдени дағдыларды тәрбиелеу міндетті. [6]
Биологиялық үйірмені ұйымдастырудың жоспарын жасауда ескерілетін жағдайлар:
1. Қайсы бір нақтылы істің оқушыларды қызықтыра алатын және үйірме ұйымдастырудың бастамасы бола алатын биологиялық үйірмелер, викториналар, кітап, мақала оқулар, баяндамалар дайындау, экскурсия, жорық өткізу т.б ұйымдастыру негізінде сабақтан тыс сабақтың жоспарын жасалынады.
2. Оқушылар өткізілетін сабаққа қалай тартуды ойластыру, әрі тапсырмаларды ерекше мұқият іріктеп алу (мысалы, практикалық жұмыстарды дербес орындау, баяндамаға көрнекі құралдарды даярлап, көрсетіп өткізу, экскурсия, жорық кезінде материал жинау, оны өңдеу т.б) тапсырмаларда студенттер үшін нақтылы жұмыстармен оларды орындаудың әдістерін құрастырылды.
3. Сабақтарды неғұрлым нақтылы өткізу үшін әрбір тапсырма бойынша жоспар жасау, мұнда жұмыстың мазмұнымен дәйектілігін қажетті жабдықты, жұмысқа басшылық ету формаларын істелген жұмыстардың нәтижелерін практикада пайдалану көрсетіледі.
4. Үйірмені ұйымдастыру туралы үйірмелерге кіретіндер үшін үлгі ережелер туралы оқушылар әңгіме жоспарын жасалынды (мысалы, басталған жұмысты ақырына дейін жеткізу, үйірме жетекшісіне сөзсіз бағыну).
Үйірменің жұмыс жоспарын жасауда экологиямен байланыстыруға болады. Сондықтан да биология мен басқа пәндерді окытқанда байланысты ескере отырып үйірме жұмысының бағыты мен мазмұнын қарастыру керек. Сондай-ақ жарты жылға жұмыс тақырыбын белгілеп, оларды үйірме мәжілісінде талқылау, осы тақырыптарды ашу жолдарын және үйірмешілердің жұмысының мүмкін формалары мен түрлерін ойластыру жөн болады. Мысалы экскурсия, жорық, табиғатты бақылау, әдеби көздермен жұмыс істеу, рефераттар, баяндамалар құрастыру, қолжазба басымдарды шығару, викториналарды, жұмбақтарды, ойындарды құрастыру, кештерді т.б. ұйымдастыру
Үйірмелерде оқушылар қалай жұмыс істеуге болады? Үйірме жұмысынан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды [6]
Қорытындылай келе, үйірме жұмыстарының жоспарын жасауда мына жағдайлар көбірек қарастырылса:
1.Қазақстанның, оның ішінде оқушы тұратын аймақтың өсімдіктер және жануарлар әлемінің көптүрлілігі;
2.Республиканың өсімдіктер мен жануарлардың әдеттегі өкілдерінің тіршілік қалпының ерекшеліктері: қазіргі уақыттағы олардың саны, қорғау шаралары;
3.Еліміздің мал шаруашылығымен шұғылданудағы тарихи жинақталған тәжірибелері (үй жануарларын өсіру, олардың ауруларының ерекшеліктері, алдын алу мен емдеу шаралары;
5. Ауруларын емдеуде пайдаланылатын Қазақстанның дәрілік өсімдіктерін білу
6.Қазақстанның әртүрлі климаттық жағдайындағы адам және жануарлар, өсімдіктер физиологиясы ерекшеліктерін білу
7.Дұрыс тамақтану ерекшеліктері, тамаққа жануар текті пайдалы тағамды пайдалану (сүтті, етті) т.б., биотехнологиялық процестер, микрофлорасы
8.Гигиеналық білім: қазақ халқының мәдениетінде қалыптасқан біліктілік (тамақтану гигиенасы, денені таза ұстау) және денсаулықты нығайту
Әдебиеттер:
1.Н.Назарбаевтың 2015 жылдың 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзі
2.А.Абилқасымова Студенттердің танымдық іздемпаздығын қалыптастыру. Алматы «Білім» 1994ж.
3.Жунісова Р. Ботаника сабақтарында жергілікті материалдарды пайдалану : Мұғалімдерге арналған құрал. - Алматы : Мектеп, 1984.
4.Сумотохин. С.В. Биология, экология. Пособия для учащихся основной школы. Москва. 2000 год.
5.В.В. Травникова. Биологические экскурсии СПб. «Паритет» 2002г
6.А.В. Бинас Р.Д. Маш и др. Биологическиий эксперимент в школе. М.
Достарыңызбен бөлісу: |