ОҚУШЫЛАРҒА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ТҰРЫСҚҰЛОВ ӨМІРӘЛІ ЖҮСІПҰЛЫ п.ғ.к., доцент ОҚМПИ, Шымкент қ.
Мақалада мектеп оқушыларына дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарының пайдалану технологиясы көрсетілген.
Кілт сөздері: Мектеп оқушылары, дене шынықтыру, ұлттық ойындар элементтері, технология, қимыл-қозғалыс, тәрбие.
Резюме
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ТЕХНОЛОГИИ НАЦИОНАЛЬНОГО ВИДА СПОРТА ДЛЯ УЧЕНИКОВ НА УРОКЕ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЕ
В статье рассмотрены воспитание школьников на уроках физической культуры использование национальных видов спорта и технологии для развития двигательных навыков, воспитание моральных качеств, уважение человеческих и общественных ценностей.
Ключевые слова: школа, физические элементы национальной игры, технологии, движение, образование.
Summary
USING TECHNOLOGY NATIONAL SPORT FOR PUPILS AT PHYSICAL CULTURE
The article describes the training of schoolboys at lessons of physical training the use of national sports and technology for the development of motor skills, education of moral qualities, respect for human and social values.
Keywords: school, physical elements of the national games, technology, movement education.
Халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп жинаған мұраларының бірі – ұлттық ойындар, билер, ән-күйлер, жырлар, еңбек қимылдары, ұлттық қимыл-қозғалыс жаттығулары мен тіршілік салттары. Бұл құбылыс жастардың сана-сезімі мен парасатының, ішкі мәдениетінің халықтың асыл да өлмес қазынасымен сабақтас, ұштасқан, содан нәр алған, терең тамырласқан. Халық өнерінің шын табиғатын, сыр-сипатын дене тәрбиесінде қимыл-қозғалыстарды сабақтарда, жаттығуларда қолдану болашақ дәрігерлерге ұлттық тәрбие беру үшін аса қажет. Өйткені ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық ойындар халық даналығынан туған мұндай өнердің шын табиғатын тану студенттер үшін қажет.
Оқушылардың дене тәрбиесі процесінде, олардың әртүрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындаулары арқылы олардың тек қана дене күші ғана емес, сондай-ақ халықтың ұлттық ойындарымен, халық әуендерімен, билерімен, қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салтымен, халықтың жүздеген жылдар бойы сұрыптап жинаған, мұра етіп қалдырып келе жатқан қасиетті дәстүрлерімен терең танысу мүмкіншілігі туады.
Бүгінгі күн талабына сай дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындар элементтерін пайдалану қазақтың би өнерлері ең алдымен денені түзу ұстап үйренуден басталады. Бұл дене тәрбиесінде біз көздеген мақсатқа жетудегі жолдардың бірі. Осындай ерекшелік тұрғыдан қимыл-қозғалыс жаттығуларды былай деп жіктеуге болады:
1. бас және мойын қимылдары;
2. иық бұлшық еттері қимылы;
қол қимылы;
аяқ бұлшық еттері қимылы;
қазақтың қолөнерінен туындайтын жаттығулар;
тұрмысқа байланысты туындайтын қимылдар;
аударыспақ қимылдарын жұптасып орындау.
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарды өткізгенде жоғарыдағы жаттығулардағы қимылдардың барлығы қамтылады. Бұлардың бәрі тұрмыс-тіршілікте жасалынатын еттене таныс қимыл-қозғалыстар.
Қимыл-қозғалыстар мен ойын-жаттығуларды дене тәрбиесі сабағында орындаудың нәтижесінде ұлттық ойындар элементтері мен дене динамикасы бірін-бірі үйлесімді түрде сабақтастырып, күшейтіп, әдемі әуезді сазбен дене тәрбиесі сабағының әсерлілігін арттыра түсетін болады.
Бірақ бұл ұлттық қимыл-қозғалыстар мен ойын жаттығуларды дене тәрбиесі барысында қажетті мезгілде ұлттық әуенмен бірге пайдаланылса, онда шаршағанын басып, жұмыс қабілетін тұрақтандырып, ұлттық тәлімге деген ынтасын арттырады.
Ұлттық ойындар немесе ұлттық қимыл-қозғалыс жаттығулары оқушыларға дене тәрбиесі барысында бірнеше рет қайталанса, онда орындау ережелері тұрақталып, оқушы дағдысы, машықтануы, белсенділігі, шығармашылығы, іскерлігі дамып, қалыптасады.
• Кез келген ұлттық ойындар мен жаттығу ойындарының негізінде нақты мазмұнын және белгілі нәтижеге жету мақсаты бар, олай болса оларда белгілі бір бағыт, педагогикалық құндылық та бар. Педагогтың міндеті – солардың әрқайсысының білімдік, сауықтыру, тәрбиелік мүмкіншілігін дұрыс анықтап, қызметтік іс-әрекеттеріне дұрыс енгізіп, пайдалана білуінде.
• Ұлттық ойындар мен ұлттық спорттық жаттығуларын оқушылардың дене тәрбиесі сабағында қолдану мәселесін тәжірибелі педагог өзі шешеді. Олай болатыны, дене тәрбиесінде халықтың педагогика элементтерін пайдалану, оқушылардың басқа да қимыл-қозғалысын ұштастыруға септігін тигізіп, танымдық және тәрбиелік функцияларды қоса атқарады.
Сондықтан, біз ұсынған оқушыларға дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындар элементтерін пайдаланудағы дене динамикасы және оны пайдалану технологиясын төмендегідей ұйымдастыру оң нәтижеге жететіндігі дәлелденіп отыр:
1. Дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық ойындар негізіндегі спорттық жаттығулар, ойындар оқушылардың қызығушылығын, ынтасын туғызады.
2. Бір сарынды өтетін дене тәрбиесі сабағы және үйреншікті жаттығулардан қажып, шалдыққанда және спорт өнерінен нәтиже болмаған кезде оқушыны ширатып, белсендіреді.
3. Оқушылардың эмоциялық жағынан әсер ету қажет болғанда, олардың назарын көңілді, шабытты күйді орнықтыратын ұлттық ойындарды пайдалану арқылы тәрбиелік әсер қалыптастырады.
Ұлттық ойындар элементтерін кез-келген формада мақсатты пайдалануға болады. Сондықтан дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындар элементтерін пайдаланудың технологиясы оқушылардың ұлттық ынта-ықыласын, ізденіс әрекетін, сана-сезімін оятуға бағытталады. Сонымен қатар педагог әр оқушының деңгейіне сәйкес қабілеті мен икемділігіне, ой өрісіне қарай, жеке-жеке әсер ету жолдарын қарастырады. Атап айтқанда, дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындар элементтерін пайдаланудағы дене динамикасын пайдалану технологиясын төмендегідей бөліп қарауға болады:
1. Жалпы - ұлттық ойындар элементтерін пайдаланғандағы дене тәрбиесі сабағының негізгі ұстанған бағыты, оның негізгі элементтерін үйрету, оқыту барысында оқушылардың көзқарасы және қарым- қатынасын қалыптастыру.
2. Салалық – дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындар мен ұлттық спорттық қимыл-қозғалыс жаттығулары жөнінде мағлұмат беру, үйрету, тәрбиелеу. Ұлттық ойындар мазмұнын жүзеге асыру арқылы тәрбиелік, рухани дамыту мүмкіндігін арттыру;
3. Локальдік – оқушының күш, шапшаңдық, ептілік, машықтану деңгейін арттыру, ұжымдық жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру, ұлттық ойындар элементтерінің мазмұнын меңгерту технологиясы арқылы жеке дара, өз бетінше ізденісті ұйымдастыру, меңгерту, қайталау, машықтандыру, ретке келтіру, есепке алу, тексеру, бақылау, ықпал жасау, бағалау.
Ұлттық ойындар пайдалану технологиясының көмегімен дене шынықтыру сабағында экспроматтардың орнына алдын-ала бағдарлама жасау, сабақ барысын хабарлау, ұлттық ойындар мен ұлт қимыл-қозғалыс жаттығуларын іс тәжірибеде, яғни сабақ барысында пайдалану, ұлттық мұраны қайта жаңғырту арқылы жоғары нәтижеге жетудің жолдарын қарастырады.
Сонымен қатар бұл технология төмендегідей құралады:
• Диагностикалық жолмен мақсат қоя білу және оқушылардың ұлттық ойын және ұлт қимыл-қозғалыс жаттығуларын меңгеру сапасын, машықтану дәрежесін, ұлттық тәрбие деңгейін объективті түрде анықтау, ықпал ету, бақылау.
• Мақсатты конструктивті, айқын, нақты түрде қою.
• Жеке тұлғаны шынықтыру, сауықтыру және емдеу.
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды пайдалануда дене динамикасын дамыту және оны пайдалану технологиясы оқушылардың ұлттық ойындарға және дене тәрбиесі сабағына ынта-ықыласын, сонымен қатар осы бағытқа сәйкес, қабілеті мен икемділігіне қарай, жеке-жеке әсер ету жолдарын қарастырады.
1-кесте - Дене тәрбиесінде қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдаланудың технологиясы
Ойындардың аты
|
Ойынның мақсаты
|
Тәрбиенің бағыттары
|
Қалыптасатын тұлғалық қасиеттері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
«Арқан тартыс»
|
Дене шымырлығын шыңдау, қимыл бірлігін қалыптастыру, білек күшін жетілдіру
|
Дене тәрбиесі
|
Бұлшық еттерінің жетілуі, ерік қайраты-ның шыңдалуы, төзімділік, шыдамдылық
|
Адамгершілік тәрбиесі
|
Сыйластық, ұжымшылдық, басқалармен санаса білу, жеңіске қуана білу, жеңілістің ренішін жою.
|
Ақыл-ой тәрбиесі
|
Ұстамдылық, батылдық, жасампаздық, байсалдылық
|
Құқықтық тәрбиесі
|
Сыйластық, сабырлылық, тәртіптілік, адалдық, әділдік
|
«Алты бақан»
|
Шығармашылық қабілетін арттыру, танымдылық
|
Ақыл-ой тәрбиесі
|
Тапқырлық, жасампаздық, белсенділік, көңілді ұстай білу, ой-өрісін дамыту, ұстамдылық, байсалдылық, қызығушылық
|
Адамгершілік тәрбиесі
|
Сабырлылық, басқалармен тіл табысу, ізгілік, сыйластық, өзін-өзі ұстай білу
|
Дене тәрбиесі
|
Салауаттылық, сезім мүшелерін жетілдіру (көру, есту, сезі, ерік-қайратын шыңдау)
|
Патриоттық тәрбиесі
|
Салт-дәстүрді құрметтеу, ұлттық дәстүрлі ойынға сүйіспеншілігін арттыру, өз ұлтының өкілі екенін мақтан өту.
|
Демек, біз кестеде ойындар аты, ойын максаты, оның тәрбиелік бағыттары нәтижесінде қалыптасатын тұлғалық қасиеттері көрсетілді.
Ұлттық ойын түрлерін оқушылардың дене тәрбиесі сабағында пайдалану оны ұйымдастырушы педагогтан үлкен теориялық әзірлікті, білімділікті, шеберлікті, әрі соның нәтижесін көруге деген құштарлық пен төзімділікті, сабырлықты қажет етеді. Себебі, ол аз ғана уақыттағы іс-әрекеттің жемісі емес, ұзақ жылдар бойы жиылған іс-әрекеттің жемісі болып табылады.
Ұлттық ойындар мен ұлт қимыл-қозғалыс жаттығуларын оқушылардың дене тәрбиесі сабағында пайдалану педагогикалық процестің жалпы заңдылықтарына негізделеді. Педагогикалық процестердің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құраса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылығы нәтижені қамтамасыз етеді. Ұлттық ойындар мен ұлт қимыл-қозғалыс жаттығулары, ұлт спорт түрлері өзінің жан-жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Сондықтан ол тәрбие процесінің міндеттері мен формаларын толықтырып қана қоймайды, дене тәрбиесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін байытуға, оны жетілдіре түсуге де өз үлесін қосады, барынша белсенді әрекет жасайды.
И. Хейзинг: «Адамзат мәдениеті ойын ретінде пайда болды және ойын арқылы дамуда», - деген [3, 99 б.].
Ойын - іс-әрекеттің бір түрі. Ойындық жағдаяттар негізінде қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға, әрі меңгертуге бағытталған тәлім-тәрбие арқылы жүреді, әрі соның негізінде тәртіп шыңдалып өзін-өзі реттеу, жетілдіру жүзеге асырылады.
Ойын әрекеті адамзат тәрбиесінде төмендегідей қызметтер атқарады:
- көңіл көтеру, қызығушылығын ояту;
- қарым-қатынастың, қатынас жасау диалектикасын меңгерту;
- өзін көрсету, өз мүмкіндігін жүзеге асыру, адамның тәжірибе жасау алаңы ретінде;
- ойын терапиясы қызметін атқарады, әртүрлі қиындықтарды жеңуге үйретеді;
- диагностикалық қалыпты тәртіппен ауытқушылықты, ойын үстінде өзін-өзі тануына көмектеседі;
- коррекциялық, реттеушілік қызмет атқарады. Жеке тұлғаның өмірлік орнын өзгертуіне, жеке тұлға құрылымының өзгеруіне көмектеседі;
Көптеген ойын түрлеріне негізінен төрт түрлі басты белгілер сипаттары тән:
- еркін дамымалы іс-әрекет баланың өз қалауы бойынша ғана жүзеге асатын процесс. Тек қана нәтижесінде емес, ойын барысында да іс-әрекет үрдісінде алынатын жан рахаты үшін бала ойын ойнауға келеді;
- шығармашылық, көп жағдайда импровизациялық, өте жоғары деңгейде дамыған белсенді іс-әрекет, нағыз «шығармашылық айдыны»;
- іс-әрекет эмоциялық көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, бәсекелестік эмоциялық күш-жігер жұмсалады;
Ойын әрекетінің себепкерлігі оның еріктілігімен, таңдап алу мүмкіндігімен және жарыс элементімен өзін-өзі бекіту күш жігерін жұмсау, қажеттігін өтеуге жағдай жасайды [4, 43 б.].
Білім алу, іскерлік пен дағдыға машықтану, оқу еңбек және ойын үстінде болатын процесс. Осы айтылғандардан тәрбие процесі шығады.
Адамның тәрбиелілігін бағалайтын белгілер (критерий) мыналар:
- басқа адамға (топқа, ұжымға, жалпы алғанда қоғамға) жақсылық, мейірімділік жасау;
- әрекетті, қылықты бағалағанда шындықты басшылыққа алу, ақиқатты қолдау;
- жасампаздықтың барлық көрінісінде әдемілікке жол ашу.
Адамның тәрбиелілігінің өлшемдері мыналар:
- Құндылықтың биік шыңына өрлеу, оны мұра тұтынуы;
- қоғамның құндылықтары мен идеяларын, нормаларын, ережелерін игеру дәрежесі, оларды күнделікті іс-әрекетінде, қылығында басшылыққа алу, соларды өз бойына сіңіре білу дәрежесі.
Ал дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындар элементтерін қолданудың мақсаты – тәрбиелеу. Оқушылардың дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойын тәсілдері мен ұлт қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйретуді ұйымдастырған уақытта негізінен мынадай бағыттарда жүреді: ойын міндеттері қойылады; ережесі мен тәртібі жөнінде мағлұмат беру; халықтық педагогика материалдарын оның құралы ретінде қолданылады; сабақ әрекетіне жарыс, байқау элементтері енгендіктен, жақсы мағынасындағы бәсекелестік рух береді, әрі жарыстық рух оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттырады; ұлттық ойын мен ұлт қимыл-қозғалыс жаттығуларының жемісті, жетістікпен орындалуы сабақ нәтижесімен байланыстырылады. Ұлттық ойын әрекетінің психологиялық механизмі өзін-өзі көрсету, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі жүзеге асыру сияқты және қажеттілігіне ұлттық және өзіндік «мен» тұжырымдамасының іргетасына сүйенеді.
Оқушыларға дене тәрбиесін беруде ойын элементтері халықтық педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде пайдаланудың тәрбиелік, білімдік, сауықтыру міндеттерді шешіп қана қоймайды, сонымен қатар жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесін беруде халықтың педагогика элементтерін пайдалану: пед.ғыл.канд..дис.: 13.00.01. – Алматы, 1995. – 124 б.
2. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, 1991. – 77 б.
3. Бүркітбаев Ә. Спорттың ұлттық түрлері және оның тәрбиелік мәні. –Алматы, 1985. – 83 б.
4.Бекбатчаев Т.М. Применение традиционных казахских игр и упражнений в системе физического воспитания в школе: Дис. ... к.п.н: 13.00.01. – Алматы, 1982. – 131 с.
Достарыңызбен бөлісу: |