Бақылау принциптері. 1.Әрекет принципі-оқытушыны да студенті де оқыту кезінде жаңа жетістіктерге қол жеткізу үшін нақты әрекеттерге бастау. 2.Жүйелілік және жан-жақтылық принципі - есептерді,олардың мазмұны мен әдістемесін толық көлемде күрделендіру арқылы білімді,білікті және дағдыларды жүйелі,жоспарлы тексеру. 3.Жекешелеу принципі- жүйке жүйесі әртүрлі деңгейдегі бастапқы білімі бар студенттерге жеке қарау тәсілі. 4.Дифференциялау принципі- оқытушының студенттердің білімдерін,біліктерін және дағдыларын бекітілген бағалау критерилеріне толық сәйкестікте бағалаудың жоғары объективтілігіне ұмтылысы Бақылаудың негізгі талаптары: - әр оқушыға жеке дара түрде болуы керек; -бақылаудың жүйелілік түрде болуы; -бақылаудың әртүрлі формаларын қалыптастыру; -бақылаудың жан-жақтылығы; -бақылаудың объективтілігі; -саралап, сараптап қатынас орнатуы; -бақылауда мұғалімде,оқушыларда бірыңғай талап болу керек; -оқу жұмысын бағалау және оның нәтижелерін есептеу;
мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жағдайын диагностикалау, ұжым және оның жеке мүшелері жұмысындағы білім беру стандартынан ауытқуларды анықтау;
мемлекеттік бағдарламаларды орындау, оқытудың және тәрбиенің қазіргі ғылыми негізделген әдістерін қолдану бойынша мұғалім қызметін тексеру;
студенттердің білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтау, педагогтарға кәсіби шеберліктерін жетілдіру және дамыту мақсатында әдістемелік көмек көрсету;