Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі


-тақырып. Ертегі әлемінің тҥрі мен кейіпкерлеріне мағлҧмат



Pdf көрінісі
бет72/151
Дата11.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#142420
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   151
Байланысты:
ana tln oqytu adstemes 2

5-тақырып. Ертегі әлемінің тҥрі мен кейіпкерлеріне мағлҧмат 
беру 
Бҧл тақырыпта "Ертегі әлемінің тҥрі кӛп пе әлде кейіпкері кӛп пе?" деген 
сҧрақ пайда болып отыр. 
Қазақ ертегілерін мазмҧнына, оқиғажелісі, сипатына қарай бірнеше тҥрге 
бӛлеміз. Солардың ішінде ең бастылары: 
А) Қиял-ғажайып ертегілері. 
Ә) Хайуанаттар жайындағы ертегілер. 
Б) Тҧрмыс-салт ертегілері. 
Қиял-ғажайып ертегілеріне кіретін ертегілер ескі заманда пайда болғаны 
аңғарылады. 
Қиял-ғажайып ертегілер ертедегі адамдардың болмыс жайындағы 
ҧғымынан, әр тҥрлі қауіп-қатерлерден қҧтылу, тіршілік ету, табиғат сырын 
танып білу және оны ӛзіне бағындыру жайындағы арман-қиялынан туған. 
Сондықтан Бҧл ертегілерде ертедегі адамдардың арман мҥддесі, 
жақсылықты болашақтан кҥтуі, оптимистік кӛзқарасы да кӛрініп отырады. 
Олар ауыр еңбекті жеңілдетсек, жақсы шат ӛмірге жетсек деп арман 
қылған. Бҧл жӛнінде М. Горький былай дейді: Тіпті атам заманғы уақытта-
ақ адам баласы әуеде ҥшу мҥмкіншілігі жӛнінде ойлаған. 
Қиял-ғажайып ертегілердің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар 
болып отырады. Олар алдына қойған мақсатына жету ҥшін, табиғат сырын 
танып білу, тіршілік ету, жауларын жеңу ҥшін кҥреседі. Кӛптеген 
қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, аңырында, мақсат-мҧратына 
жетеді, біртіндеп табиғат сырын ҧғына бастайды, қандай жаулары болса да 
талқандап жеңіп жҥреді. 
Хайуанаттар жайындағы ертегілер. Бҧл топтағы ертегілердің де алғашқы 
ҥлгілері ӛте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар ӛздерінің кҥн кӛрісі ҥшін 
тӛрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды ҥйрету, асырау жайын 
қарастырған, әрбір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы тҥрлі мифтік 
ҧғым-тҥсініктер 
ойлап 
шығарған. 
Табиғат 
сырын, 
жаратылыс 


116 
қҧбылыстарын тҥсіне алмаған, ертедегі адамдар әрбір хайуанаттардың 
жаратушысы, иесі бар деп ойлаған, кейбір хайуанаттарды пір тҧтып, оған 
табынатын болған. 
Бергі заманда шығарылған халық ертегілерінде хайуанаттар бҧрынғы 
керемет бейнесінде емес, ӛз болмысына байланысты алынады. 
Тӛрт тҥлік мал шаруа адамына, бір жағынан, кӛлік кҥші болса, екіншіден, 
ішетін тамақ, киетін киім еді. Сондықтан да халық тӛрт тҥлік малды, ҥй 
хайуандарын ӛзінің ертегісіне қосқанда, олардың пайдалы қызметін 
даралап кӛрсетуге мән береді. 
Хайуандарды ӛз бейнесінде алады. Әрқайсысының ӛзіне тән 
жыртқыштық қылығы, ісі суреттеледі. 
Тҧрмыс-салт ертегілері. Қазақ ертегілерінің ішінде тақырыбы мен 
оқиғасы аса мол тҥрі тҧрмыс-салтқа байланысты туған ертегілер. Тҧрмыс-
салт ертегілері қарапайым адамдардың ӛмірі менісін, тҧрмыс-тіршілігін, 
топтық-ңоғамдық жайларын, әлеуметтік кӛзқарастарын суреттеуге 
қҧрылады. Бҧлардың бәрі халық ортасынан шыққан басты кейіпкер еңбек 
адамы арқылы баяндалады. Неше тҥрлі қиыншылық, кедергілерді, аңдыған 
жауды жеңетін де, сӛйтіп, мақсатына жететін де қарапайым адам болады. 
Халықтың тҧрмыс-тіршілігіне, салтына байланысты туған ертегілері бір 
ғасырдың ғана жемісі емес, ол ондаған ғасырлардың жемісі. Халықтың 
тҧрмыс-салтына байланысты туған ертегілердің басты тақырыбы еңбек 
адамдарының ӛмірі, ісі болып келеді. Бҧл ретте қарапайым адамдар халық 
ертегілерінде қанаушы топқа қарсы бейнеде алады, олардың ісі ақылы, 
ӛнері, адамгерші-лігі хандар мен байлардан әлдеқайда артық етіп 
суреттеледі. 
Бҧл тақырыптағы ертегілер М.Әуезов айтқандай, адамға пайда келтіретін 
ақыл - ӛсиет тҥрінде келеді. 
Ертегінің оқиғасын тартымды етіп қҧру, бір әңгіме-ден екіншісін тудыру 
ертегішілердің шеберлігіне байланысты. 


117 
М.Әуезов пен Е.Исмайылов қазақ ертегішілерінің айтқыштық ӛнеріне 
ерекше мән береді. 
Олар ертекшіні ҥлкен шығармашылықтың иесіне, дарынды ақынға 
теңейді. Шынында да ертегі айту еріккенің ермегі емес. Неше тҥрлі 
ғажайып оқиғаға қҧрылған ертегілерді жігін бҥзбай әрістете айту, әрбір 
эпизодты арасынан қыл ӛтпестей етіп байланыстыру, сюетін қызғылықты 
етіп баяндау, ертегілердің әрбір кейіп-керлеріне лайықты мінездемелер 
беру, олардың образдарын кӛз алдына елестетерліктей портретін жасау, 
әрқайсысының іс-әрекеттеріне қарай сӛз таба білу ғажап ӛнер. 
Белгілі Қазақ жазушылары, зерттеушілері С.Қасқабасов, Е.Тҧрсынов 
"Ертекші болу ҥшін арнайы дайындық мектебінен ӛту керек" деді. 
Ертекші адамның қиялын ҥштап, ойын дамытады, халықтық тәрбие 
кӛзімен табыстырады. Сондықтан баланы тал бесікте жатқан кҥнінен 
бастап танымдықта тәлімдік мәні зор халық шығармаларымен сусындату 
тәрбие ісіндегі маңызды міндет. 
Ертегілер әлемі - ӛмір әлемінің шарайнасы. 
Ертегі ішінде балалардың жас ерекшеліктеріне сай мҧралар фантазиясы 
кӛп, Халық ертегісі ғасырлар бойы балаларды ӛзіне қызықтыра тартып, ой-
қиялын жетілдіреді. Ертегілердің балалардың ойына қозғау салып, ӛмірдің 
неше алуан соқпағын танытады, сана-сезім, ақыл-ойының ерте дамып
эстетикалық талғамдарының қалыптасуына әсер етеді. 
Ертегілерді 
оқу 
арқылы 
оқушыларды 
қарапайымдылыққа, 
қайырымдылыққа адалдыққа, т.б. сияқтыңа-сиеттерге баули отырып, 
олардағы қанатты да асыл сӛздермен оқушылардың сӛздік қорын міндетті 
тҥрде молайту қажет. 
Бастауыш сынып аралығындағы ертегілерді ғылым мен техникалық 
прогреске сай дамытып, тҥрлендіре пайдалану қажет деп ойлаймын. 
Ана тілі сабағында ертегілер тақырыбының сабақ жоспарына кӛп кӛңіл 
бӛлуі керек. Себебі бҧл сабақ ӛте қызықты да кӛңілді ӛтуі тиіс және Бҧл 
сабақтың жоспары дәстҥрден тыс жоғарыда айтып кеткендей болған дҧрыс. 


118 
Мысалы, "Кӛктем сәні" деген ертегіні, оқушыларды тҥгелдей 
қатыстырып, кейіпкерлер бӛліп оқып, тҥсініп, содан соңсахнаға қойып 
қорытындылайды. Бҧл оқушылардың есте сақтау қабілеті мен 
қызығушылығын арт-тырады. 
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.
 
"Ерте - ерте ертегі, ертегі сыр шертеді".
 
2.
Ертегілердің тәрбиелік мәні; 
3.
Бастауыш сыныпта ертегілерді оқытудың тҥрлері; 
4.
Ертегі ӛлемінің тҥрі мен кейіпкерлеріне мағлҧмат беру; 
5.
1-4 сын. ертегілерді таблицала, тер; 
6.
Бастауыш сыныптағы ертегілерді тақырыптар бойын-ша топта. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет