Дамытаоқытудың ЕРЕКШЕЛІГІ:
оқушыларды еріксіз және қыстамай оқыту;
оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін тақырыптарды жаңа бір қырынан қайталауды ұсынып отыру;
білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар
үшін міндеттілігі;
оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;
оқушыларға берілетін білімнің саралануы;
оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
/Дамыта оқыту/ деген термин психологиялық ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьева, С.Л. Рубенштейн) және басқа да психиканың функциясы зерттелген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс –әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды.
Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарды.