164
II бөлім. Дидактика
Сонымен, оқыту әдістерінің осы жіктемесіне сәйкес әдістер бір-бірінен
оқушылардың материал мазмүнының түрлерін меңгергендегі танымдық әре-
кетінің сипатымен және окушылардың осы түрлі әрекеттерін үйымдастыратын
мүғалімнің әрекетінің сипатымен ажыратылады.
Оқыту әдістерін жіктеудің басқа да тәсілдері кездеседі. Мысалы, Ю.К.Ба
банский оқыту үрдісін түтас негізде қарап, әдістерді мынадай үш топка бөледі:
1. Оқу-танымдық әрекеттерін үйымдастыру және атқару әдістері:
а) сөздік, көрнекілік және практикалық (оқу ақпаратын беру және
қабылдау аспектісі);
б) индуктивті және дедуктивті (логикалық аспект);
в) репродуктивті және мәселелі -ізденістік (ойлау аспектісі);
г) өзіндік жүмыстар және мүғалімнің басшылығымен болатын жүмыстар;
2. Ынталандыру мен мотивация одістері:
а) оқуға қызығушылық;
б) оқудағы міндет пен жауапкершілік.
3. Оқытудағы бақылау мен өзіндік бақылау әдістері:
а) ауызша, жазбаша, зертханалық-практикалық.
Қазіргі таңда оқыту әдістерін жіктеуге көзқарастың көпшілігі объектіні
зерттеудің күрделілігімен және қоғам алдындағы міндеттердің маңыздылы-
ғымен айқындалады. Жаңа талаптарға сәйкес ғалымдар мен мүғалімдер осы
міндеттерді шешуде оқытудың ең тиімді, жақсы әдістерін іздестіруде. Міне,
сондықтан да оқытудың әдістерін жіктеуге барлык көзқарастарды бағалай
отырып, көптеген дидактар мен әдіскерлердің ізденістері мен үсыныстарын
оқыту үрдістерінде қолдану керектігі бүгінгі таңда дүрыс әрі қажет екендігін
айта кету керек. Бүл ізденістер: а) енжар білімдердің белсенді қызметтерін
жандандыруға; б) жаңа білімдер меңгеруге жоне оларды практикада қолдануға
итермелейді. Бүл ретте оқыту әдістерін түрліше жіктеудің оқушылардың
оқытудағы оқу-танымдық әрекетіне септігін тигізетін түрліше мүмкіндік
әлеуеті бар екенін айта кету керек. Білім көздері бойынша жіктелген әдістер
оқушыны оқу міндетін түсінуге бағыттайды. Танымдық әрекет негізінде
жіктелген оқыту әдістері оқушыларды мәселелік-танымдық міндеттерді
шешуге, оқу танымында қиындықтарды жеңуге, мақсатқа жетуге үмтылуға,
үнемі ізденіс жолында болуға, табыс, қуаныш сияқты сезімдерге итермелейді.
Сабақта оқушылардың интеллектуалдық көңіл-күйін қолдау мақсатында түрліше
тәсілдер қолданылады. Олардың тәжірибесінің мүғалімдердің практикасында
көп тарағандарын атайтын болсақ, олар мыналар: сезімдік-адамгершілік жағ-
даят туғызу, ойындық-қызығушылык жағдаят келтіру, табысқа жету жағдаятын
жасау, таңқалу тәсілдерін, тәжірибелерді, кейбір табиғи қүбылыстарды
ғылыми және түрмыстық талқылауларды оқу үрдісіне енгізу және басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: