172
II бөлім. Дидактика
Сөздің қысқалығы көп сөздің болмауында, бір сөздің, сөз тіркесінің
бірнеше рет қайталанбауында көрінеді. Қазіргі ауызекі тіл өзара логикалық
тізбекпен байланысқан қысқа сөйлемдерден қүрылады.
Мүғалім ауызекі тілінің түпнүсқасы оның ойлау қабілеттілігінің ерек-
шеліктерін көрсетеді. Оқушылар мүғалімнің табиғи түлғасын бағалайды.
Бүған сөздік стереотиптер, көп қолданылатын сөз тіркестері кесірін тигізеді.
Ауызекі сөйлеудің табиғи қалпін мүғалім үран сиякты қысқаша сөзбен,
шешендік сүрақтармен, әзілдік ескертпелермен, метафоралар, үқсастырулар,
мақал-мәтелдер, халық шығармашылығының мысалдарын пайдалану арқылы
сақтауға болады.
10.3. Оқу әрекетінің қуралдары
О қыту қүралдары туралы тусін ік дидактикада мүғалім әрекетінің бір
бөлігін және оқушылардың әрекетін басқа бөліктермен бір қатарда корсету
үшін қолданылады (соңғы нәтиже бейнесі, қайта қүру қүралы, әрекет тех-
нологиялары мен күралдары). Оқыту қүралы оқушылар мен оқу ақпарат-
тары арасында “орналасқан” . О ны ң қы зм еті м атер и ал д ы қ ө н д ір іс
ү р д іс ін д е гі ең бек қүралдарының қызметіне сойкес (балға, станок,
комбайн және т.б.). Оқыту қүрылымы (жеке түлғаның рухани өндірісі)
мен өндірістік еңбек (мәдениеттің материалдық қүндылықтар өндірісі)
арасында сәйкестік кездеседі.
Оқыту қүралдары оқушылардың ақыл-ойына тікелей емес, тан ы м д ы қ
іс-ә р ек ет т ер м ен түтас, осы ү р д іс т ің оры ндалу барысында эсер етеді.
Оқыту қүралдары игерілген білімге сәйкестендіріледі, оларда қоғамдық
тәжірибе, ғылыми жөне техникалық ақпараттарды қолдану әдістері шың-
далады.
Оқу қүралы оқушылардың есептер шығарып, білім игеруінде қолданы -
лады . О ларға д и д акти к ал ы қ тар ату м атериалдары , карталар, сызбалар,
кестелер, зертхана жүмыстарының жабдықтары, оқу шеберханаларындағы
еңбек қүралдары жатады. Окушы есеп пен басқа да пәндерден жауап
немесе баска нәтиже алу мақсатында, пәнді түрлендіруде ол оқу қүралына
айналады. Танымдық тапсырмаларды орындау үрдісінде оқушылардың
түйсігінде білім, біліктілік, әдет, сенім пайда болады. Игерілген білім әрі қарай
одан да күрделі тапсырмаларды шешу үшін қолданылады, яғни олар оқу
қүралының жаңа қызметін атқарады. Мысалы, теориялық тапсырмаларды
шешу барысында оқуш ылар геометрия, физика жэне т.б. пәндерден
формулалар үйренеді (физикалық күбылыс моделін қүру, т е о р е м а н ы н
д ә л е л і). Т е о р и я л ы қ ә р е к е т нәтижесінде олар формула үйренеді. Содан
кейін осы формула есептік және сызба есептерді шешу үшін қолданбалы
әрекет қүралы ретінде қолданылады, нотижесінде формуланы тәжірибеде
қолдануды игереді.
Достарыңызбен бөлісу: