///
бөлім. Тэрбие теориясы
291
18-тарау. ГӘРБИЕ ҮРД ІСІНІҢ Ә ЛЕУ М ЕТТІК К Е Ң ІС Т ІГ І
18.1. Әлеуметтік кеңістік туралы тусінік
Өмірдегі кезкелген оқиға кеңістікте пайда болады және әрбір оқиға үшін
өзіндік ерекше кеңістік бар.
Тәрбиелеу үрдісі әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде кеңістік
шектері бар белгілі бір қоғамда қүрылады, орналасады, дамиды.
Ал әлеумет денелік, психикалық, деңгейлерде адамдардыц ішкі сезімдеріне
эсер ететін географиялық кеңістікте орналасады. Әлеуметгік кеңістік туралы
айтатын болсақ, жалпы кеңістік - бүкіл заттардың орналасу жері екенін
үмытпауымыз керек.
Мектеп тәрбиесінің тәжірибесі табиги кеңістіктердің арнайы ерекше-
ліктерін еркін пайдаланады: теңіз жағалауында түратын балалардыц мектеп
өмірі теңіз болмысымен тығыз байланысты - балалар теңіз оқиғаларымен
бірге омір сүреді; далалық жерлерде туған балалардың өмірі басқаша: олар
далада өмір сүреді, даланы өз бойына сіңіреді, игереді және даланы өмір
маңызы ретінде таниды; қаладағы балалар қазіргі заманғы үлкен ғимаратгар
арасында өмір сүріп, дүниені урбанизациялық призмасынан танып біледі,
табиғатга өмір сүріп жүрген балалардан өзгеше болады.
Достарыңызбен бөлісу: