II бөлім. Дидактика
125
7 -ТАРАУ. ОҚЫТУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
МЕН ҮСТАНЫМДАРЫ
7.1. Оңытудың заңдылықтары
Алдыңғы тарауда оқыту үрдісінің мәні, оның қүрылымы, қызметтері,
мүғалім мен оқушылардың оқытудың түрлеріндегі әрекеттерін, ақыл-ой әре-
кеттерін кезеңдік қалыптастыру жэне дамыта оқыту теориялары моні қарас-
тырылған болатын. Бүл тарауда дидактикада оқытудың зандылықтары мен
үстанымдары деп аталатын оқыту үрдісін үйымдастырудың жалпы нормалары
қарастырылады.
Олар мектептің алдында түрған оқытудың мақсаттары мен міндеттерін
қалай шешуді, мүғалімге қандай нормативтік тәртіптерді нүсқау етіп алу керек
екенін айкындайды.
Алдыңғы тарауларда айтылып кеткендей, дидактика ғылым ретінде өзінің
қызметтерінің бірі - оқыту үрдісін танып білуіне ие. Бүл танып білудің
нәтижесі объективті бар заңдар мен оқыту үрдісі заңдылықтары болып
табылады. Бүл жағдай соңғы жылдардағы дидактикалық жүмыстарда педаго
гикалык заңдар мен заңдылықтардың саны едәуір көп жасалғанын көрнекі
растайды. Алайда, олардың қатаң жүйесі туралы айтуға болмайды, өйткені,
біріншіден, біздің ойымызша, кейбір атап көрсетілген ережелерді зандар
мәртебесіне көтеруге болмайды, өйткені олар ішкі емес, сыртқы, түрақты
емес, балама байланыстарды білдіреді.
Осы, не басқа дидактиканың қағидасын оқытудың үстанымдарына жат-
қызу үшін кандай заңдар мен заңдылықтар педагогика ғылымының негізі
болып табылады? Біз тек көптеген галымдардың көрсетіп жатқан заңдардың
мазмүнына сүйенумен шектелеміз. (Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский,
И .Я. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин жэне т.б.)
Оқыту мақсаттарының, мазмунының жэне әдістерінің әлеу-
Достарыңызбен бөлісу: