П. И. Пидкасистый а у д а р ғ а н д а р



Pdf көрінісі
бет169/400
Дата23.12.2023
өлшемі13,11 Mb.
#198771
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   400
Байланысты:
дидактика кытап 2

II бөлім. Дидактика
137
қалыптасты. «Көп білімділік ақыл бермейді» - деп ерте уақытта Гераклит пен 
Цицерон айтқан өсиетті бүл теория басшылыққа алды. Уақыт өте бүл бағытты 
И.Кант пен И.Г. Песталоцци дамытты. Негізгі білім берудің мақсаты - оқу- 
шылардың дүрыс ойлау қабілетін жандандыру немесе формалды білім беру 
қ а ж е т -д е п түжырымдады, олардың жан-жақты қызығушылығын, психикалық 
үрдісін (ойлау, есте сақтау қабілетін т.б) дамыту керек деді соңғысы. Білім 
мазмүнына ең басты фактологиялық материалдар (мысалы, математика, тілдер) 
емес, қүрал-жабдықты пәндер енуі керек. Бүл түжырымдамада жаратылыстану 
пәндерін оқытуға қарсы болды, оқыту үрдісіндегі мазмүн мен форма, фактілер 
мен интеллектуалдық операциялар арасында байланыстардың түлға қалып- 
тасуға әсері ескерілмейді.
Сонымен, берілген екі теория да бір жақтылықпен көрсетіледі. К.Д.Ушин- 
ский: «сананың формалды дамуы.... тек нақты дәлелдемелерде дамиды» - деп 
сынады. Оның «миы жоқ бас - ойламайды» - деген афористикалық түжырымы 
бар, мектептің білім мазмүнының қалыптасуы материалды және формалды 
көзқарастың бірлігі деп қарастырады (Ушинский К.Д. Собп. соч. в 11 т. Т8, М., 
1951, с. 661).
Педагогика ғылымында В.В. Краевскийдің жүмыстарында білім мазмүны- 
ның түрлі түжырымдамалары бар деп көрсетілген, олардың тамырлары өткен 
формалды және материалды білім теориясына келіп тіреледі. Бүның әрқай- 
сысы адамның әлемде және қоғамдағы қызметімен, орнымен байланысты. Бір 
жағынан, авторитаризм, екінші жағынан, демократия мен гуманизм қарама- 
қарсы түсінік жүреді, адам - қоғамның мақсаты ма, әлде қоғам - адам үшін бе, 
әлде адам қоғам үшін бе деген сүрақтардан өз бастауларын алады. Теориялық 
немесе практикалық деңгейде, яғни адамды қоғамдық дамудың мақсаты емес 
қүралы деп қарастыруға уақытша болса да жол беру ізгіліктен алыстатады. 
Бүндай қайғылы тәжірибе өткен ғасырда болды ғой.
Білім мазмүнының демократиялық қоғамда өз бетімен ойлайтын адам 
қалыптастыруды өз міндеті санайтын негізгі үш түжырымдамасын қарастыра- 
мыз. Білім мазмүнының бір түжырымдамасы педагогикалык бейімделген 
ғылым негіздері мектепте оқытылады, бірақ басқа жеке қасиеттерді, яғни 
шығармашылыққа қабілет, таңдай білу бостандығы, адамдарға адалдық 
қарым-қатынасы ескерілмей, сыртта қалады. Бүл козқарас оқушыларды ғы- 
лымға немесе өндіріске үйретуге саяды да, ал демократиялық қоғамда өз 
бетімен тіршілік етуге үйретілмейді. Адам өндіріс факторы ретінде бейнеленеді.
Келесі түжырымдама, негізінен алдында айтылған түжырымдамаға үқсас. 
Оқушылар білім мазмүнында білімнің, іскерлік пен дағдының жиынтығын 
меңгеруі қажет. “Білім мазмүны” деп “оқыту барысында ғылыми білімдер, 
практикалық іскерліктер мен дағдыларды, сондай-ақ дүниетанымдық көз- 
қарастың, адамгершілік идеялардың жиынтығын түсіну керек”. (Харламов 
И.Ф. Педагогика: М., 1990). Бүл этикалық анықтама адам мәдениеті қүрамын 
талдауға негізделмеген, бүл білімдер мен іскерліктер сипатын ашпайды, сон- 
дықтан да ол келістірушілікті орнатумен шектеледі.
Білім мен іскерлікті меңгеру адамның ішкі қоғамдық қүрылыммен 
сәйкестігін реттейді. Адам білу қажет және ол істей білуі керек. Сол жағдайда 
өсіп келе жатқан үрпаққа ана тілі, математика, физика т.б. пәндерден тиянакты 
түрде жеткізу білім берудің басты талабы болып табылады.


138


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет