П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет224/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   272
Л.Б. Бердіғожин – т.ғ.д.,
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті гуманитарлық зерттеу орталығы директоры
К.Б. Меңдігереев – т.ғ.к.,
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университетінің доценті
Р.Е. Бердіғожина – магистрант,
Қызылорда «Болашақ» университеті,
E-mail: berdyguzhin@mail.ru
Мұнайшы мамандар естелігі - тарихи дерек көзі


Аңдатпа. Мұнайшы мамандар туралы естеліктерді нарративтік тарихи құнды дерек көзі ретінде пайдалану Қазақстан мұнай кәсіпшіліктерінің қалыптасуы, дамуы, мұнайшы кадрларды даярлау жөнінде маңызды мағлұматтар алуға, қазақ мұнайының тарихын жан-жақты саралауға мүмкіндік береді.
Түйін сөз: мұнайшы, мамандар, мұрағат, деректер, естелік, мұнай, газ.

Қазақстан мұнай өнеркәсібінің қалыптасып, дамуы және маман кадрларының өсіп, жетілуі туралы естеліктер де нарративтік тарихи құнды дерек бола алады.


Естеліктердің тарихнамалық зерттеу объектісіне айналуы тәуелсіздік жылдарынан басталады. Бұл бағытта С.Шеретов [1], Қ.Әлімғазинов [2] диссертациялары қорғалды.
С.Шеретов естеліктерге Ресей тарихнамасы тұрғысында теориялық – методологиялық мән берсе, Қ.Әлімғазинов азамат соғысына қатысушылар естеліктерін тарихи дерек көзі ретінде зерделейді.
Естелік иелері, олар мемлекеттік құрылыс қайраткерлері, партия, кеңес қызметкерлері, өндіріс ұйымдастырушылары. 1920-1940 жылдардағы мұнай кәсіпшіліктерінің дамуы, өндіріс мәселелері, маман кадрлардың жағдайы туралы қоғам қайраткері Сабыр Шарипов (1882-1942) естеліктерінің мәні зор.
С.Шарипов 1928-1932 жылдары «Ембі-мұнай» бірлестігі басшысының орынбасары, 1938-1941 жылдары Құлсары, Доссор кәсіпшіліктерінде қызмет атқарған.
С.Шариповтың ерекше еңбегі, ол жергілікті жерлердегі қазақ балаларының техникалық білім алуына қамқор болуы еді. Оның еңбектерінде мұнайшы мамандар туралы шыншыл деректер көп. Осы жылдардағы кәсіпшіліктердің материалдық-техникалық базасы, темір жол құрылысын салу, кадрларды ФЗУ, Горпромуч, мұнай техникумында және орталықтан дайындау мәселесі комсомол ардагері Қ.Ізімбергенов [3], Ембі мұнай трест басшылары Я.Лаврентьев естеліктерінде баяндалады.
Соғыс жылдарындағы ғалымдар мен мұнайшылардың ерен еңбегі туралы сол кездері КСРО мұнай өнеркәсібі министрінің орынбасары болған Н.К.Байбаковтың [4] жазбалары тарихи құнды.
Себебі, онда отты жылдары Сібір мен Қазақстандағы мұнай кеніш-терінің ашылуы нақты баяндалады.
1930-1960 жылдардағы мұнай кәсіпшіліктері туралы, Ұлы Отан соғы-сының отты күндері, өндіріс орындарының ашылуы жөніндегі мағлұматтар С.Мұқашев [5], С.Өтебаев [6] естеліктерінде баяндалады.
Қазақстанның мемлекет қайраткері Саламат Мұқашев (1927-2004) 1947 жылы Атырау мұнай техникумын бітірген. 1970-1988 жылдары Атырау, Маңғыстау облыстық партия комитетін басқарған. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі төрағасы қызметтерінде мұнай өнеркәсібімен тікелей айналысқан.
Мұнайшылар туралы естелік кітаптардың авторы,көп жыл мұнайлы Атырау, Маңғыстау облыстарын басқарған Саламат Мұқашев туралы Рахмет Өтесінов мол деректер келтіреді.
«Ол жұмыспен қатар оқудан қол үзбеді. Әуелі Харьковтан екі жылдық кәсіподақтар мектебін бітіріп алды. Содан кейін Мәскеудегі кәсіподақтардың жоғарғы мектебін тәмамдады.
Әңгіме кімнің не бітіргенінде емес, сол алған білімін өмірде қолдана білуінде ғой. Ол әрине адамның жеке басының қабілетінде, ой өрісінің кең-дігінде. Қандай іске де жауапкершілікпен кірісуінде. Бұл жағынан Саламат өзін көрсете білді. Әуелі алған мамандығы бойынша кәсіподақтар жүйесінде істеп жүрді де кейін партиялық жұмысқа ауысты. аудандық, облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы болды. Еңбек жолын Қазақ ҚСР Жоғары Кеңесі президиумының төрағасы қызметінде жүріп аяқтады.
17 жыл бойы жоғарғы лауазымды жұмыста жүргеніне қарағанда жаман жасамаған болу керек. Менің білетінім, Маңғыстау облысында бірінші басшы болып істеген уақытында жергілікті кадрлерді көтеру жөнінде батыл қимыл жасады. Бұдан бұрын аудан, облыс басшы орындарында жергілікті жігіттерді саусақпен санап алған еді. С.Мұқашев өзі істеген 5 жылдың ішінде аудан-дардың бірін басшыларын түгелімен жергілікті мамандармен ауыстырды. Кейін облыстық басшы орындарға да соларды қойды.
Саламат зейнеткерлікке шыққасын да қарап жатқан жоқ. Заманы туралы, замандастары туралы ой тербеп, қалам тартып, бірнеше кітап шығарды. Бұл Атырау, Маңғыстау облыстары тарихына қосқан үлесі. Кезінде алдыңғы қатарлы азаматтарға тиісті бағасын берсе, енді соларды болашақ ұрпақтың жадында қалдыру жолындағы еңбегі елеусіз қалмаса керек» [7].
Сафи Өтебаев (1909-2007) болса, алғашқы қазақтың кәсіби мұнайшы маманы. Сафи Өтебаев 1928-1930 жылдары Доссор кәсіби мектебінде, жылдары Орынбор жұмысшы факультетінде, 1931-1935 жылдары Баку мұнай институтында білім алған.
Қатардағы мұнайшы инженерден Ембі кәсіпшіліктерінде басшы, Маңғыстау мұнай бірлестігінің алғашқы бас директоры.
1960 жылдары Қазақстан өнеркәсібін Маңғыстау мұнайынсыз елестету мүмкін емес. 1950 жылдардың екінші жартысында Ембі мұнайшы маманда-рының ізденістері және қажыр қайраты негізінде Маңғыстауда ірі мұнай газ қоры анықталды. 1958 жылы Маңғыстада барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресті құрылды. Оны кәсіби мұнайшы Бердіғожин Орынбай Адайұлы басқарып, мұнайшылар құлан түзде Өзен, Жетібай кеніштерін бұрғылай бастады. Нәтижесінде ірі мұнай-газ кеніштері ашылып, тез арада мұнайшылар қалалары Ақтау, Өзен бой көтерді. Міне, осындай қажырлы істер Рахмет Өтесіновтің естелік еңбектерінде баяндалады.
Р.Өтесінов 1951 жылы Мәскеудегі Губкин атындағы мұнай институтын бітіріп Ембі мұнай кәсіпшіліктерінде қызмет атқарды, 1964-1969 жылдары Өзен мұнай басқармасының тұңғыш бастығы болған.
1960-1970 жылдары Маңғыстау түбегінде көмірсутегі қорының ашылуы, оған деген КСРО Одақтық, Қазақстан Республикалық партия, үкімет органдары тарапынан үлкен қамқорлықты туғызды. Одақтық маңыздағы «Маңғыстау мұнай газ» өндірістік бірлестігі құрылып, ол тікелей Мәскеуге бағынды.
1960 жылдары ашылған Жаңажол, Кенқияқ кеніштері мен Қосөзен аралығы: Жайық-Еділ аралығы кәсіпшіліктері Мартыши, Камышитовый, Ровное кеніштері ашылғанмен республикалық сала министрлігі құрылмады.
Кәрі Ембі кәсіпшіліктерінің сол кезеңдердегі даму тарихы, мұнайшы мамандардың тұрмыс тірлігі туралы деректі мәліметтер мұнайшы Сағынғалиев Бөлекбайдың еңбегінен кездестіреміз [8].
Б.Сағынғалиев 1954 жылы Мәскеу мұнай институтын бітірген соң, мұнай кәсіпшіліктерінде инженер қызметін атқарған.
1971-1986 жылдары Ембі мұнай бірлестігін басқарған.
1970-1980 жылдары Ембі мұнайшы мамандары ескі кен орындарын тиімді пайдаланып қана қоймай, жер қыртысын терең геологиялық-геофизи-калық зерттеуге кірісті.
Осы жылдары жүргізілген жұмыстар желісі, ғалым-мұнайшы Мақаш Балғымбаев (1932-2005) еңбегінен көрініс тапты (9].
М.Балғымбаев 1955 жылы Мәскеу мұнай институтын бітірген соң, көп жылдары барлау экспедицияларында геолог қызметтерін атқарды. Жалпы мұнайлы Ембі тарихи шежіресін ел басқарған ел ағаларынсыз елестету мүмкін емес. Солардың бірегейі-Көшеков Оңайбай. О.Көшековтың облыс басқарған 1977-1986 жылдары кәрі Ембі аты екінші мәрте (1899 жылғы Қара Шұңғылдан кейін – Л.Б.) Әлемге әйгілі болды. 1979 жылы әлемде теңдесі жоқ Теңіз мұнай кеніші (Теңіз, Королевск, Огайск – Л.Б.) ашылды. О.Көшеков өз естеліктерінде, сол бір жылдары теңіз кенішін игерудегі облыс басшылары Е.Тасқынбаев, Ю.Викулов, Р.Бердіғожин еңбектеріне ерекше тоқталады [10].
Қазірде Қазақстан мұнай өнеркәсібін Оңтүстік Торғай өңіріндегі Құмкөл мұнай кенішінсіз елестету мүмкін емес.
1984 жылдары ашылып, алғашқы 1 млн. тонна мұнайын еліміз тәуелсіз-дігіне арнаған, Құмкөл кеніші 1991 жылдан қарқынды жұмыс жасауда. Кенішті осы заманғы қуатты өндіріс ошағына айналдыруда өндіріс басшы-лары М.Саламатов, Т.Хасанов, Р.Бердіғожин т.б. және Сыр өлкесі басшылары Е.Әуелбеков, С.Шаухаманов, Б.Сапарбаев т.б. еңбектері туралы Бақберген Досманбетовтың өмірбаян деректері сыр шертеді [11].
Б.Досманбетов 1997-1999 жылдары Қызылорда қаласы әкімі, арнайы экономикалық аймақ басшысы болды.
Тарихи фактілерді тікелей мұрағат деректері арқылы анықтап, мағлұмат алсақ, естеліктер сол мұрағат деректерінде жарияланған оқиғалар мен олардың куәсі тарихи тұлғалардды сөйлетуде, бағалауда аса құнды дерек болмақ. Өзімізге дейінгі зерттеулерде естеліктер нақтылы пайдаланылған жоқ. Мұнайшы мамандар туралы естеліктер баспасөз беттерінде кейінгі кездері қазақ мұнайының жүз жылдығы қарсаңы мен соңғы жылдары жазыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет