П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы



бет5/12
Дата11.01.2017
өлшемі3,83 Mb.
#7013
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Әдебиеттер

Жұматов Хамза Жұматұлы // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1988. – 3 т. – 245 б.

Жұматов Хамза // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2002. – 4 т. - 73 б.

Жұматов Хамза // Қазақстан ғылымы.Энциклопедия. – Алматы, 2009. – 1 т. – 446 – 447 б.



***

Кәткенова, Ж. Медицина майталманы: [республикадағы вирусология және эпидемиология қызметінің негізін қалаушы ғалым-дәрігер Х. Жұматовтың туғанына 95 жыл толды] / Ж. Кәткенова.



// Сарыарқа самалы. – 2007. – қазан. – 6 б.

25 қыркүйек Ақын, журналист В. Г. Семерьяновтың туғанына 80 жыл (1937)


Виктор Гаврилович Семерьянов (25.09.1937 ж., Алтай өлкесі Новоегорьевка ауылы) Рубцовка қаласында орта мектепті, бұдан кейін Семей өзен училищесін аяқтаған. Бүкіл өмірін Павлодармен байланыстырып, әуелі матрос, бұдан соң меңгерікті басқаратын адам, теплоход капитаны болды. 1969 жылдан бастап теледидарда жұмыс істеді.

1970 жылы П.Васильев атындағы әдеби бірлестіктің төрағасы болып сайланады.

1971 жылдан бастап «Звезда Прииртышья» газетінің редакциясында тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

1972 жылы М.Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын аяқтаған. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Оның шығармалары «Иртышские напевы» (1962 г.), «Ступеньки» (1976 ж.), «День поэзии» (1978 ж.) өлеңдерінің ұжымдық жинағына енеді. Өлеңдерінің авторлық жинақтары: «Высокий берег» (1981 ж.), «Незакрытая калитка» (1983 ж.), «Я тебе расскажу» (1984 ж.), «Зимняя радуга», «Гусиный перелет» (1998 ж.), «Звонок старому другу» (1998 ж.), «Песнь о батыре Жасыбае» (2000 ж.), «Вслед за журавлями», «Стук сердца в тишине». «Вольные цветы. Сказ о Павлодаре» поэмасы жеке кітап болып жарыққа шыққан.

Ақынның өлеңдерінде Отанға, туған жер табиғатына, Ертіс өңірінің адамдарына деген сүйіспеншілік сезінеді. Профессор Н.Г. Шафер: «Виктор Семерьяновты тілінің айқын тазалығы, ашықтығы пушкиндік шығармашылық дәстүрлер арнасына енгізеді. Құбылыстар мен тұлғалардың бетін аша отырып, ақын олардың нағыз жүзін жүрегімен сезеді. Бұл оның өлеңдерінің көркем байлығы болып табылады» деп жазады.

Оның соңғы өлеңдері – өмір, бастан өткізген жылдар, елдің тарихы, махаббат пен достық туралы толғаныс.

В. Семерьянов – талантты аудармашы (қазақ тілінен). Ол Абай шығармаларын да аударған.



Әдебиеттер

В. Семерьянов // Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: анықтамалық. – Алматы, 2004. – 281 б.

В. Семерьянов // Қазақстан жазушылары: анықтамалық. – Алматы, 2009. – 357 б.

В. Семерьянов // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. –654 б.



***

Семерьянов, В. Мәшһүр шыңы: поэма / В. Семерьянов; аудармашы К. Салықов

// Егемен Қазақстан. – 2006. – 28 желт. – 5 б.

Семерьянов, В. Мәшһүр шыңы: поэма / В. Семерьянов. // Сарыарқа самалы. – 2007. - 22 қыркүйек. – 6 б.


***

Жырға бөлеп өлкені: [ақын В. Семерьянов 70-ке толып отыр] // Сарыарқа самалы. 2007. – 22 қыркүйек. – 6 б.

Түгелбай, Г. Ақын мерейтойына арналды : [«Шаңырақ» облыстық халық шығармашы-лығы мен мәдени-сауық қызметі орталығында жерлес ақын, журналист, аудармашы Қазақстан одағының мүшесі В. Семерьяновтың «Өткеннің бәрі қымбат...» атты 70 жылдық мерейтойлық шығармашылық кеші өтті] // Сарыарқа самалы. – 2007. – 27 қыркүйек. - 20 б.

Әбіш, А. Қазақ тілінде жарық көрді: [ақын В. Семерьяновтың «Мәшһүр шыңы» поэма-сы қазақ тілінде жарыққа шықты] / А. Әбіш. // Сарыарқа самалы. 2008. – 9 тамыз. – 5 б.




1 қазан Ғалым-энергетик, техника ғылымдарының докторы Ш. Ш. Шөкиннің туғанына 105 жыл (1912-2003)

Шапық Шоқыұлы Шөкин 1912 жылы 1 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. КСРО энергетигі, техника ғылымдарының докторы (1953), профессор (1956), Қаз КСР –нің академигі (1954), Қаз КСР – нің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1962), КСРО – ның Құрметті энергетигі (1982).

1937 жылы Омбы ауылшаруашылық институтының гидротехнология факультетін бітірген. 1937 – 1943 жылдары ҚазКСР Егіншілік халкоматында инженерлік қызметте болды. 1943 –1944 жылдары КСРО ҒА – ның Қазақ филиалында энергетика секторын басқарды. 1944 – 1988 жылдары КСРО Энергетика және электрлендіру Мининстрлігі Қазақ энергетика ғылыми – зерттеу институтының директоры, 1988 жылы Құрметті директор аталды. 1964 – 1967 жылдары ҚазКСР ҒА – ның президенті болды.

Ш.Шөкиннің негізгі ғылыми еңбектері энергетика мәселелеріне арналған. Қазақстанда, оның жеке аймақтарында энергетиканы жан-жақты өркендету жөнінде ғылыми - техникалық болжамдар жасады; отын – энергетика комплекстерін құру жолдарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді; энергиялық қуаттардың ауқымы мен құрылымын, оларды орналастыру жұмыстарын бағалау әдістерін тауып, өндіріске енгізді. Республикада халық шаруашылығының энергия тұтынуы, энергиямен қамтамасыз етілуі жөнінде іргелі зерттеулер жүргізді.

Ш.Шөкин Қазақстанда энергетиканы одан әрі дамытудың негізін салды. 1972 жылы ҚазКСР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Қазан революциясы, Еңбек Қызыл ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер

Шөкин Шапық Шоқыұлы // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1988. – 3 т. – 570 – 580 б.

***

Ертайқызы, Д. Қазақ энергетикасының атасы: [энергетик, Қазақ ҚСР академигі, техника ғылымдарының докторы Ш. Шөкин] / Д. Ертайқызы // Сарыарқа самалы. – 2008. – 14 тамыз. – 6 б.


***

Шөкин Шапық Шоқыұлы // Қазақ елінің ғылыми тұлғалары= Лидеры науки земли казахской: библиогр.көрсеткіш/ биобиблиогр.указ. – Павлодар, 2006. - 174 - 179 б.



15 қазан журналист, жазушы Ғ.С.Жұматовтың туғанына 65 жыл (1952)

Ғалымбек Сағымбайұлы Жұматов 1952 жылы 15 қазанда Павлодар облысы Ертіс ауданында туған. 1979 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірді. Көп жылдары «Қызыл ту» (қазір «Сарыарқа самалы») газетінде алдымен журналист, кейін бөлім меңгерушісі және редактордың бас орынбасары болды.

1991-1995 жылдары «Халық кеңесі» газетінде корреспондент болып жұмыс істеді. Қазір қалалық «Шаһар» газетінде редактор болып жұмыс істейді.

1980 жылы «Арман қанатында» атты бірінші жинағы шықты. 1984 жылы «Трактор қалай жасалады?» кітабы, 1986 жылы «Ала көжек», 1992 жылы - «Жалғас - жауынгердің баласы», «Кең аулалы үйденбіз» повесть жинақтары шықты.

2003 жылы Ғалымбек Жұматов «Қазақстан - қара шаңырағым» республикалық фестивальда бірінші орын үшін сыйлық алды. Осы жылы балалар үшін «Біз - 42 әріппіз» кітабы басылып шықты. 2005 жылы - «Жеңіс жалауын желбіреткен» әндер жинағы, 2006 жылы - «Ана өсиеті» кітап эссе, «Сағыныш сазы» поэтикалық жинағы, 2007 жылы - «Кемелді елдің Кемері» деректі повесі, 2008 жылы - «Мәшһүр тағлымы» публистикалық кітап жарық көрді.

Әдебиеттер
Жұматов, Ғ. Ала көжек:повестер / Ғ Жұматов. - Алматы: Балауса, 1992. - 128 б.

Жұматов, Ғ. Ала көжек: повестер / Ғ. Жұматов. - Алматы: Балауса, 1992. - 128 б.

Жұматов, Ғ. Біз 42 әріппіз. Әліппе: Мектепалды жасындағы балаларға және бастауыш сынып оқушыларына арналған суретті әліппе / Ғ. С. Жұматов - Алматы: Арман, 2003. - 84 б.

Жұматов, Ғ. Жеңіс жалауын желбіреткен / Ғ. Жұматов . - Павлодар: ЭКО, 2005. - 44 б

Жұматов, Ғ. Сағыныш сазы: өлеңдер / Ғ. Жұматов. - Павлодар: ЭКО, 2006. - 134 б.

Жұматов, Ғ. Кемелді елдің Кемері / Ғ. Жұматов - Павлодар: ЭКО, 2007. - 268 б..

Жұматов, Ғ. Астанам әсем-асқақ ән / Ғ. Жұматов., Н. Дүкенбай. Павлодар: ЭКО, 2008. - 48 б. + CD-ROM

Жұматов, Ғ. Мәшһүр тағлымы: елге танылған есімдер / Ғ. Жұматов. - Павлодар: ЭКО, 2008. - 293 б.



***

Ғ. Жұматов // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. – 353 б.



18 қазан Ғалым, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы З. Д. Дүйсенбековтың туғанына 80 жыл (1937)

Зайролла Дүйсенбеков 1937 жылы 18 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы (1985), профессор (1987), Қазақстан ҒА – ның академигі (1996). Қазақ ауылшаруашылық институтын (қ. ҚазҰАУ) бітірген (1960).

Павлодар облысы “Баянауыл” кеңшарында бас агроном, директордың орынбасары (1960 – 1962), Қазақ ауылшаруашылығы институтының аспиранты, ассистенті, аға оқытушысы, доценті (1962 – 1987), агрономия факультетінің деканы (1974 – 1984), кафедра меңгерушісі (1987 – 1993), Қазақ мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі жобалау институтының директоры (1993 – 1994) қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Жер қоры және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми - өндірістік орталықтың бас директоры.

З. Дүйсенбеков Қазақстанда ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын болжаудың ғылыми - әдістемелік негіздерін алғаш зерттеушілердің бірі. Ғалымның негізгі ғылыми зерттеулері аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, егіншіліктің табиғи мүмкіндігін, биоклимат және топырақ құнарлылығын, материалдық әрі энергетикалық шығындарды ұтымды пайдалануға арналған, оның басшылығымен агроэкологиялық өлшемдер негізінде Қазақстанның таулы және суармалы егіншіліктеріндегі арамшөптермен күресудің интеграциялық жүйесінің, нарықтық экономика жағдайында жер қатынастарын дамытудың, жер реформасын жүргізудің теориялық негіздері мен технологиялық тәсілдері жасалды, автоматтандырылған жер ақпараттық жүйесі құрылды.


Әдебиеттер

Дүйсенбеков Зайролла // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1988. – 3 т. – 212 б.

Дүйсенбеков Зайролла // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2001. – 3 т. – 303 б.

Дүйсенбеков Зайролла // Қазақ елінің ғылыми тұлғалары = Лидеры науки земли казахской: библиогр.көрсеткіш/ биобиблиогр.указ. – Павлодар, 2006. - 82 - 87 б.



Дүйсенбеков Зайролла // Қазақстан ғылымы: энциклопедия. – Алматы, 2009. – 1 т. - 377 б.

21 қазан Жазушы, журналист, өлкетанушы С.П.Шевченконың туғанына 90 жыл (1927-2001)

Сергей Павлович Шевченко (21.10.1927 ж., Солтүстік Қазақстан облысы Борки ауылы - 19.06.2001ж., Павлодар қаласы) - жазушы, тілші, өлкетанушы.

1948 жылы Петропавл қаласы мұғалімдер институтының филология факультетін аяқтаған.

1949-50 жж. жеті жылдық мектептің директоры болып жұмыс істеген.

1951 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан ОблХББ инспекторы, Омбы педагогикалық институтының оқытушысы, проректоры болған.

1965 жылы теледидар студиясын ашу үшін Павлодар қаласына жіберіледі. Студияны он үш жыл бойы басқарған. «Зеленая лампа» бағдарламасын жүргізіп, «Надежда» жастар шығармашылық тобын басқарған.

Бұдан кейін облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеген.

1979 - 80 жж. «Октябрь» зауытының мұражайын ашты. Павел Васильев мұражайының ғылыми қызметкері, облыстық тарихи-географиялық қоғам жанындағы әдеби қызметкері болған.

Сергей Павлович Шевченкомен он бес кітап жазылған, соның ішінде «Наследство» романы, «Пушки грохотали далеко», «Сегодня вы увидите», «На краю света», «Да свершится», «Зимние каникулы» повестері; Павел Васильев туралы «Будет вам помилование, люди» кітабы бар.

Сергей Шевченко «П.Васильев. Таңдаулы» кітабының құрастырушысы, көптеген телесценарийлер, очерктер, мақалалар т.б. авторы.

Жазушының «Халықтық білім үздігі» , «Теледидар және радио үздігі», «Шахтер белгісі» (Екібастұз туралы очерктер сериясы үшін) наградалары бар.
Әдебиеттер

Шевченко С. П. Экибастуз / С. П.Шевченко. –Алма-Ата: Казахстан, 1982. – 140 с.

Шевченко С.П. На краю света: историческая повесть. / С.П.Шевченко. –Алма-Ата: Жалын, 1983. – 152 с.

Шевченко С.П. Наследство: роман / С.П.Шевченко. – Алма-Ата: Жазушы, 1985. – 208 с.

Шевченко С.П. Да свершится: повесть-хроника. / С. П.Шевченко. – Алма-Ата: Жазушы, 1990. – 192 с.

Шевченко С.П. Завод и время / С.П.Шевченко. – Алма-Ата: Казахстан, 1992. – 97с.

Шевченко С. П. Зимние каникулы: повесть / С.П.Шевченко. – Павлодар: Тривиум, 1994. – 88 с.

Шевченко С. П. Уходя, оглянуться... / С.П.Шевченко. – Павлодар: РИА «Имидж-Мастер», 1997. – 195 с.

Шевченко С.П. Будет вам помилование, люди...: повесть о П.Васильеве. /С. П.Шевченко. – Астана: Елорда, 1999.- 258 с.

Шевченко С.П. Тлеген-су – желанная вода: очерки истории строительства и эксплуатации канала Иртыш-Караганда / С.П.Шевченко. – Павлодар, 1999. – 224 с.

Шевченко С.П. Очерки истории Павлодарского Прииртышья. Ч. 2, 20 век. / С.П. Шевченко. – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2000 – 240 с.

Шевченко Сергей. Наследство: (Роман) // Найзатас.- 2013. - №1. - С. 108 - 148; №3. - С. 22 - 36

***

Шевченко, С. П. Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер, 2-ші бөлім, ХХ ғасыр. / С. П. Шевченко. – Павлодар; ЭКО, 2001. - 239 с.



С. П. Шевченко //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: анықтамалық. – Алматы, 2004. – 340 б.

С. П. Шевченко //Қазақстан жазушылары: анықтамалық. – Алматы, 2009. – 430- 431 б.



8 қараша Ғалым, профессор Т. Қ. Шаяхметовтың туғанына 80 жыл (1937-2008)

Шаяхметов Тасболат Қасенұлы РФ Омбы облысы Азовский ауданында туған. Физика-математика ғылымдарының кандидаты (1970), профессор (1992). 1961 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. 1961 – 1963 жылдары Павлодар индустриалды институтының Жоғары математика кафедрасының оқытушысы. 1963 жылы Павлодар педагогика институтының Жоғары математика кафедрасына аға оқытушы болды. 1966 – 1976 жылдары пединституттың сырттай оқу бөлімінің проректоры. 1976 жылы оқу жұмысының проректоры. 1977 – 1996 жылдары пединституттың ректоры. 1996 – 1998 жылдары Павлодар мемлекеттік университеті құрылғаннан кейін жоғары оқу орнының бірінші проректоры қызметтерін атқарды.

Т.Шаяхметов “Құрмет Белгісі”, “КСРО ағарту үздігі”, “Жоғару оқу жұмысында үздік табысы үшін” медальдарымен марапатталған.
Әдебиеттер

Шаяхметов, Т. Қ. Өрлеу жолында / Т. Қ. Шаяхметов // Сарыарқа самалы. – 2007. – 28 қараша. - 2 б.

Ертайқызы, Д. Қазақ энергетикасының атасы: [энергетик, Қазақ ҚСР академигі, техника ғылымдарының докторы Ш. Шөкин] / Д. Ертайқызы // Сарыарқа самалы. – 2008. – 14 тамыз. – 6 б.

Тасболат Хасенұлы Шаяхметов:[Республика білім беру саласының құрметті ардагері, профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік институты ректорының қеңесшісі Т. Қ. Шаяхметовтың некрологы] // Сарыарқа самалы. – 2008. – 14 маусым. – 7 б.



***

Тасболат Хасенұлы Шаяхметов // Бижан Ж. Ардақты елім – Ақтоғай / Ж. Бижан., С. Мағзұмов. – Павлодар, 2003. – 206 – 208 б.

Молдайып, С. «Математика саласы мені көп қызықтырды»: ардагер ұстаз Т. Шаяхметов – 70 жаста / С. Молдайып // Сарыарқа самалы. – 2007. –3 қараша. – 4 б.

Шаяхметов, Т. Қ. Өрлеу жолында / Т. Қ. Шаяхметов // Сарыарқа самалы. – 2007. – 28 қараша.- 2 б.

Тасболат Қасенұлы Шаяхметов : библиогр. көрсеткіш / Павлодар мемлекет. Пед.ин-ты – Павлодар, 2008. - 17 б.

Нұрмағанбетов, Ж. Ұстаздық пен ұлылық: [ұстаз, физика-математика ғылымдарының кандидаты Т. Қ. Шаяхметов жайлы] /Ж. Нұрмағанбетов // Сарыарқа самалы. – 2009. – 2 маусым. – 6 б.



29 қараша Ғалым, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы

Б. У. Уахатовтың туғанына 85 жыл (1932-1984)


Бекмұрат Уахатов 1932 жылы 29 қарашада Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай совхозында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1954), 1957 – 1958 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінде тілші, 1958 – 1982 жылдары ҚР ҒА – ның Әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкер жұмыстарын атқарды. 1982 – 1984 жылдары қолжазба және тектология бөлімінің меңгерушісі болып, қызмет істеді.

1976 жылы Алматы қаласында өткен ІІ – Бүкілодақтық түркология конференциясына қатысты. Ал, 1980 жылы Ташкент қаласында болған ІІІ – Бүкілодақтық түркология конференциясына делегат болып, онда «Қазақтың халық өлеңдерінің типологиялық ерекшеліктері» деген тақырыпта баяндама жасады. 1981 жылы өткізілген «Сібір халықтарының тұрмыс-салт жырлары» атты ғылыми-теориялық конференцияның делегаты болды. Әдебиет сыншысы Б.Уахатов халық өлеңдерінің мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде 1975 жылы «Қазақтың халық әндері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, филология ғылымдарының докторы деген атақты ие болды.

1958 жылдан өмірінің ақырына дейін (1984) ҚазКСР ҒА – ның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында әуелі кіші, одан кейін аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып, қызмет етті және 1980-1984 жылдары институт жанындағы Орта Азия мамандандырылған Орталығының ғылыми Кеңесінің ғылыми хатшысы болды.

Б.Уахатов ұстазы М.Әуезовтың ақыл-кеңесімен біржола ғылым жолына түседі. Оның жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғағаннан бастап, ол әдебиеттану саласына белсене араласты.

1969 жылы «Таланттар, туындылар» деген атпен жарық көрген монографиялық еңбегінде қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтен бастап, одан кейінгі толқынның ірі өкілдері С.Мәуленов, Т.Ахтанов, М.Әлімбаев, А.Шамкенов және т.б. қаламгерлердің шығармашылығы туралы түйінді ой- пікірлерін ортаға салады.

Б.Уахатов ауыз әдебиетінің негізі – халық өлеңдері туралы тыңғылықты зерттеу жұмыстарын, ғылыми мақалалар жазды. Ол еңбектерінде фольклоршы-ғалым халық өлеңдерінің шығу тегін, поэтикалық құрылысын, жанрлық жүйесін айқындап берді және оны басқа халықтар әдебиетімен салыстырып қарастырды. Ғалымның сол мақалалары жинақталып «Қазақтың халық өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты.

Б.Уахатовтың әдебиеттану ғылымына қосқан еңбегін саралағанда ғалым 1960-1984 жылдар аралығында жиырма екі көлемді зерттеу мақала, сегіз монография жазған. Сонымен қатар көптеген жинақ, кітап, томдар құрастырып, оларға алғы сөз жазған бірнеше кітаптың жауапты сарапшысы болған. Ғалымның ғылыми еңбектерінің негізгі тақырыбы қазақ фольклорының мәселелеріне арналған. Ол фольклорист ғалым ғана емес, ұшталған журналист ретінде де көрінді.


Әдебиеттер

Уахатов Бекмұрат // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1988. – 3т. – 535 б.

Уахатов Бекмұрат // Қазақ әдебиеті: энциклопедия. – Алматы, 1999. – 650 б.

Уахатов Бекмұрат // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. – 522 б.

***

Боранбаев, С. Ғылымда өшпес із қалдырған:[ғалым Б. Уахатовтың 75-жылдығына орай] / С. Боранбаев, Е. Рахимов Рахимов // Сарыарқа самалы. – 2007. – 3 сәуір. – 6 б.



Есімі ел есінде: Ғалым, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Б. Уахатовтың туғанына – 75 жыл // Сарыарқа самалы. – 2007. – 22 қараша. – 12 б.

6 желтоқсан Ақын-импровизатор, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері

Н. Баймұратовтың туғанына 130 жыл (1887-1969)



Ақын-импровизатор Баймұратов Нұрлыбек 1887 жылы Павлодар облысы Май ауданында туған. Нұрлыбек ақын Қазақстан халық ақындары ішінде өзіндік орны, өлең өрнегі, суреттеу мәнері бар өр дауысты, суырып салма төкпелігімен аты бүкіл Қазақстанға танымал болған аса дарынды тұлға.

Жасынан жалшылықта жүрген Баймұрат егін кәсібімен айналысып, күн көрісті ойлаған. Ақынның арғы тегі мен ұрым бұтағын тарата айтар болсақ, қазіргі Павлодар облысының Май ауданына қарасты Бозарал – Жалаңаш деген Ертіс бойындағы шағын қазақ ауылдарын мекендеген орта жүздің белді руы Найман ішінде Кенжалы бұтағынан тараған.

Н.Баймұратов ескіше де жаңаша да сауатын ашқан ақын. Оның өлеңдері 1924 жылдан бастап жариялана бастады. Абай, Әріп, Әсет шығармаларынан тәлім алды. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, насихаттаумен шұғылданды. Иса (1922), Нартай (1939), Маясар (1943), Төлеу (1944), т.б. ақындармен айтысты.

Ұлы Отан соғысының қаһарманы Төлеген Тоқтаровқа арналған “Ер Төлеген” (1945), азамат соғысын суреттеген “Қанды жорық” (1962) дастандары жеке кітап болып басылды. Шығармаларының жинағы 1957 жылы жарық көрді.

Н.Баймұратовқа 1939 жылы Қазақ КСР– нің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілген. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


Каталог: orgs
orgs -> П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел
orgs -> Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел Павлодар
orgs -> Ашы ОҢҒарсынова фариза
orgs -> «Жусан иісті дара талант»
orgs -> ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар туралы есеп
orgs -> Алаш идеясының жаршысы
orgs -> Жаңа кітаптар Новинки литературы
orgs -> «Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мм әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі
orgs -> Новинки литературы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет