ІІІ топ - пациенттердің еңбекке қабілеті аздап шектелген, жеңіл еңбек ұсынылады.
ІІ топ – пациенттер еңбекке жарамсыз, кейде уақыты қысқартылған жұмысқа рұқсат беріледі.
І топ –пациенттер еңбекке жарамсыз және күтімге мұқтаж
Мұгедектік тобын МСЭК (медико - санитарлық эксперттік комиссия) мүшелері белгілейді.
Этиология – аурудың себептерін зерттейтін ғылым.
Себептер әр түрлі болады. Олар бір неше негізгі топтарға бөлінеді.
Биологиялық себептер: аурулардың қоздырушылары ( бактериялар, вирустар, саңырауқулақтар, таяқшалар, құрттар, гельминттер. Сырқаттанған адамдардан сау адамдарға аурудың қоздырушыларын тасымалдаушылар - қан сорғыш жәндіктер, шыбындар, шіркейлер, кенелер
Механикалық себептер:жарақаттар, сынықтар, мидың шайқалуы, езілулер созылулар.
Физикалық себептер: температураның әсер етуі/ күйктер, үсулер, ыстық өту,күн өту, ылғалдың, электр тоқтың, ионды радиацияның әсер етуі және басқалары.
Химиялық себептер: қатты немесе жұмсақ шаңды заттар, жедел немесе созылмалы ұланулар, өндірістік зияндылар.
Алиментарлы себептері: тамақты көп ішіп жіберу, ащы, ыстық, майлы, бұзылып кеткен тағамдарды қабылдау, саңырауқұлақтармен ұлану.
Психикалық себептер: жедел немесе созылмалы стресс жарақаттардың орталық жүйке жүйесіне әсер етуі. Бұл себептерден гипертониялық ауру, асқазанмен ұлтабардың ойық жара ауруы және басқа аурулар дамиды. Науқастың төсегінің жанында дұрыс айтылмаған сөз, ятрогенді ауру (ятрогения) тудыру мүмкін.
Әлеуметтік себептер: адамның тіршілігінің, еңбегінің қолайсыз төмен жағдайы, жұмыссыздық, панасыздық, жалғыздық.
Генетикалық себептер : тұқымқуалаушылық немесе хромосомды жүйеде өзгеріс. Бұл аурулар: гемофилия, қант диабеті, психикалық аурулар- шизофрения.
Экологиялық себептер: экологияның бұзылуы.
Патогенез – аурудың даму механизмін, ағымын және аяқталуын зерттейтін ғылым.