§ 10.
ШЕҢБЕРДЕГІ БҰРЫШТАР
1. Шеңбер туралы бастапқы мәліметтер.
Анықтама.
Шеңбер
деп берiлген нүктеден бiрдей қашықтықта жат
қан жазықтықтың барлық нүктелерiнен тұратын пiшiндi (фигу раны)
айтады.
Шеңбер жазықтықта берiлген
O
нүктеден
бiр дей қашықтықта ор наласқан нүктелерден
құралған. Берiлген
O
нүкте
шеңбердiң ортасы
деп аталады. Шеңбердiң кез келген нүктесiн оның
ортасымен қосатын кесiндi
шеңбердiң
радиусы
делiнедi. Шеңбер нүктесiн оның ортасымен
қосатын кез келген кесiндi де оның радиусы
болады. Әдетте ортасы
O
және радиусы
R
шеңбер
мынадай белгiленедi: (
O
,
R
) (1-
a
сурет)
.
Шеңбердiң кез келген екi нүктесiн қосатын
кесiндi
хорда
делiнедi. Шеңбердiң ортасынан
өтетiн кесiндi оның
диаметрi
деп аталады.
1-
б
суретте шеңбердің радиусы мен екі хор-
да сы бейнеленген, хордалардың бірі шең бер-
дің диаметрі:
OE
– радиус,
CD
– хорда,
AB
–
диаметр.
Әдетте диаметр
d
әрпімен белгіленеді. Бізге
мә лім болғанындай, диаметр радиустан екі есе
үлкен, яғни
d
= 2
R
-ге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |