Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет121/244
Дата13.12.2021
өлшемі34,93 Mb.
#100184
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   244
Байланысты:
Бишаева Дене шынықтыру

138
ҚИМЫЛ 
БЕЛСЕНДІЛІ
-
ГІНІҢ ДӘСТҮРЛІ 
ЕМЕС
ТҮРЛЕРІ
Шейпингке 
арналған 
жаттығулар кешені
45
 
 
 
 
 
 
 


139
ҚИМЫЛ
БЕЛСЕНДІЛІ
-
ГІНІҢ ДӘСТҮРЛІ 
ЕМЕС
ТҮРЛЕРІ
Ырғақты гимнастиканың элементтері және аэробты жаттығу
-
лар артық салмақтың тез «жойылуын» қамтамасыз етеді, жүрек-
қан тамырлары жүйесін нығайтады, жағымды эмоция тудырады, 
әдемі және жеңіл қимылдауды үйретеді, икемділік пен кербезде
-
нуді тәрбиелейді. Білікті мамандармен таңдалған спорттық гим
-
настика құралдары дене кемістіктерін тиімді түзетуге мүмкіндік 
береді.  Жаттығу  барысында  күрделі  және  жергілікті  әсер  бе
-
ретін әр түрлі жаттығу құрылғылары пайдаланылады (46 сурет). 
Сымбатын түзету және денсаулық жағдайы нәтижелерін талдау 
үшін арнайы, бұрын мақұлданған сынақтарды қолдану арқылы 
шейпингпен дербес және ұйымдастырылған түрде айналысуға 
болады.
«Шейпинг» сөзі 1987 жылы пайда болған. Ағылшынша shape қазақ тіліне «пішін» 
болып аударылады. Шейпингпен айналысу — өз сымбатының «пішінің жасау» 
дегенді білдіреді.
1980-і жылдары Илья Викторович Прохорцевтің басқаруымен отандық ғалымдар 
тобы бірегей «адам денесінің құрамын өлшеуге бағытталған жаттығу әдісін» ой
-
лап тапты. Зерттеу нәтижелері Сеченов атындағы 1-ші Мәскеу медицининалық 
институтынан  және  Мемлекеттік  патент  ведомствосынан  шейпингті  дене  шы
-
нықтыру  саласында  өнертабыс  құқығын  растау  арқылы  жағымды  қорытынды
-
ларға ие болған. Шейпингтің отаны болып Санкт-Петербург саналады.
Дәл сол жерде Халықаралық шейпинг федерациясының штаб-пәтері орналасқан.
Шейпинг — бұл алдыңғы қатарлы технологиялар, ең соңғы ғылым мен техни
-
каның жетістігі қолданылатын, ғылыми еңбек сіңіруді қажетсінетін жүйе. Шей
-
пинг-жүйесі дара дамудың технологиясын алдын-ала қарастырады. Шейпингте 
«технология» сөзі кепілденген нәтижеге жету үшін қимылдың нақты реттілігін 
және көлемін, ережелерді, тәртіптерін  білуді білдіреді. Шейпинг-технологияны 
таңдау адамның өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысына байланысты болады.
Жаттығудың мәні түрлі бұлшықет топтарына шығармашылық 
бағытталған ықпал ету болып табылады. Жаттығуды бастамас 
бұрын, оның мақсатын айқын анықтап алу керек. Соған байла
-
нысты  жаттығу  әдісі  таңдалады.  Мысалы,  іштен  арылу  үшін, 
құрсақ тығыршығын нығайту керек, жаттығудың төрт түрі бар:

  денені қозғалтпастан аяқпен жұмыс істеу: көтеру және 
түсіру, иілу және түзелу, қайшылай, айналмалы қозғалы
-
стар және т.б. Бұл жағдайда құрсақ тығыршығының төмең
-
гі бөлімі нығайтылады;

  аяқты қозғалтпастан денемен жұмыс істеу: көтеру, түсіру, 
денені бұру және т.б. Бұл жағдайда құрсақ тығыршығының 
үстіңгі бөлімі нығайтылады;


140
ҚИМЫЛ 
БЕЛСЕНДІЛІ
-
ГІНІҢ ДӘСТҮРЛІ 
ЕМЕС
ТҮРЛЕРІ

  дене  мен  аяқпен  қатар  жаттығу.  Әдеттегідей,  қозғалыс 
кезінде құрсақ тығыршығының көп бұлшықеті қосылады;

  дене мен аяқты айқастырып. Жіктемені іштің қиғаш бұл
-
шықеттері қабылдайды (47 сурет).
Жаттығу жасау кезінде, құрсақ тығыршығының бұлшықет
-
тері  бір  жағынан  қабырғаның  астыңғы  шетіне,  ал  екінші 
жағынан жамбасқа бекітілгенін есте сақтау керек. Сондықтан, 
аяқты көтерген жағдайда, жамбасты да көтеру ке
-
рек. Ол үшін шалқамен  жатып  тізені ішке қарай 
қысу  керек;  көзді  еденнен  алып,  тізені  мандайға 
дейін жеткізу керек; бастапқы қалпына келіп және 
жаттығуды  қайталау  керек.  Қоссырық  немесе 
швед  тосқауылына  асылып  тұрып,  жамбасты  кө
-
теру арқылы тізені кеудеге дейін жеткізу.
Егер  іштегі  артық  майларды  кетіру  мақсат
-
талса,  онда  жаттығуларды  жылдам  қарқынмен 
және  максималды  қайталау  ұсынылады.  Егер 
бұлшықеттерді  нығайту  керек  болса,  онда  сол 
жаттығуларды  ауыр  салмақ  салып  жасалынады. 
Олардың салмағы 8—10 рет қайталау мүмкін бо
-
латындай тандалынады.
Басқа да қыздар үшін маңызды мәселе сымбат
-
ты белге жету.  Белгілі мақал бар: «Белін қанша
-
лықты  жіңішке  болса,  өмірің  соншалықты  ұзын 
болады». Алдымен артық майдан құтылып, содан 
кейін құрсақ тығыршығының  бұлшықетін нығай
-
туға көңіл бөлу керек.
Бұны аяқты қозғалтпастан денені бұру, тіке тұру 
және отыру қалпында жан-жаққа иілу, денемен айналмалы қи
-
мылдар жасау арқылы орындауға болады.
Аяқтың  пішінін  жақсартуға  арналған  тиімді  құрал  болып 
салмақ салынып және салмақсыз орындалатын жаттығулар са
-
налады.
Көп қыздарды толғандыратын кең таралған кемістіктің түрі 
болып санның ішкі бетінің бұлшықетінің жеткілікті дамуы  са
-
налады. Сонымен бірге, түрегеп тұру күйінде табандарды қо
-
сақан кезде сандардың арасында ара қашықтық болады. Оны 
санның  ішкі  бетіне  жеткілікті  ауырлық  түсіретін  жаттығулар 
жасап, азайтуға немесе жоюға болады. Ең пайдалы жаттығу – 
оң жақ бетке жатып, ауырлық салынған сол аяқты көтеру және 
Степ-платформа
-
дағы
жаттығулар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет