167
2. Бұлшықет босаңсуға акелетін созылу динамикалық жаттығула
-
ры.
3. Қимылсыздық қалыпын бекіту бойынша жаттығулар, бір мез
-
гілде тыныс алудағы кідірістер мен бұлшықеттердің кейіннен
босаңсуы және тыныс алудың схемаға сәйкес қалыпқа кел
-
тірілуіне арналған жаттығулар: дем алу және одан кейін дем
шығару, дем алудан 2 есе көп.
Жаттығу жасау кезінде бұлшықетті сезіну қабілетін үнемі
бақылап, тыныс ырғағын қадағалап отыру керек.
Көңілсіз, жабырқаңқы көңіл күймен жақсы көңіл-күй қалып
-
тастыруға ықпал ететін жаттығулар жиынтығын қолдануға бо
-
лады. Дене жаттығулары бұлшықет қуанышын сезіну деп ата
-
латын жағымды бұлшықет сезімімен жүретін болса, үлкен әсер
етеді. Бұл сезім бұлшықеттерден, буындардан және сіңірлерден
бас ми қабығына түсетін жүйке импульстері арқылы проприо
-
рецепторлардың ынталандыруынан туындайды. Сонымен қатар
бұлшықет тобымен, функционалды жүйемен (тыныс алу, жүрек-
қан тамырлары, көру-қимыл және т.б.) байланысты нақты қой
-
ылған қимыл мәселесін шешуге көңіл бөлу керек.
Жаттығуларды орындау жеке тәсілді талап етеді: бұлшықет
-
тердің тырысуынан, созылуынан, селкілдеуінен туындайтын
өзіндік бұлшықет сезімін бақылауыңыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: