11. Су көлігі мамандықтары (бірінші қатарлы теңізші,
машинист, моторшы, кеме радио операторы және т.б.).
Кәсіби қимылдық даярлаудың міндеттері: деңсаулықты нығайту; СӨС-ті қалыптастыру; вестибулалық
тұрақтылықты арттырды; өрмелеп шығу, секіру, тепе-теңдік
-
ті сақтау дағдыларын жетілдіру; аяқ, құрсақ тығыршығы және
иық белдеуі бұлшықетінің күшін, төзімділігін жетілдіру; жадты
дағдыландыру; еңбекқорлықты, мұқияттықты тәрбиелеу.
Өзіндік кәсіптік аурулар: остеохондроз, радикулит, та-
мырлардың кеңеюі, созылмалы бронхопневмония, тығын
-
далған эндартериит, Меньер ауруы.
Дене шынықтыруға ұсынылатын құралдар: гимнастика
(бұрылулар, еңкеюлер, баспен және денемен айналу; арқанға,
сырыққа, баспалдаққа көтерілу; шектелі тіреуішпен жүру; гим
-
настика орындығы мен бөренеде тепе-теңдікті сақтап үйрену;
(акробатикалық жаттығулар); тыныс алу гимнастикасы; жүзу
(әртүрлі айналымдар, бұрылулар және т.б. жүзу әдістерін үй
-
рену); жаттығу құрылғысында жаттығу (гимнастикалық дөңге
-
лек, айналмалы кресло, белдемше, төрт адымды және тік әткен
-
59 ДЕНЕ
ТӘРБИЕСІНІҢ
КӘСІБИ
САУЫҚТЫРУ
БАҒЫТЫ
шектер және т.б.); массаж және өзіне-өзі массаж жасау.
Машықтандыру әдістері: бірқалыпты, интервалды, қайта
-
ланбалы жүктемелер.