12
кесу, шап сүйекті шабу,
тік ішекті айналдыра кесіп, қуықты байлап қою
керек.
Ішкі мүшелерді конвейерлі және конвейерсіз үстелде алуға болады.
Конвейер үстелдің жылдамдығы мен жұмыс конвейерінің жылдамдығы
бірдей болу керек. Алдымен пышақпен ұшаның ішін жарып, содан кейін іш
майды,
ішек-қарынды, өкпе-бауырды, жүректі, өңешті,кеңірдекті және көк
етті алу керек. Ішкі мүшелерді алатын конвейерде
мал дәрігері ішкі
органдарды қарайды. Асқазанды бөлшектеп, майсыздандырып, субөнімдер
цехіне жіберіп, ішектер ішек цехіне жіберіледі.
Ішкі мүшелерді
абайлап алу керек, ішек-қарын, өкпе-бауырдыжәне
ұшаның ішкі қабатын бүлдіруге, ластандыруға болмайды.
Ірі қара мал
конвейер үстелінің конструкциясы табақша тәрізді.
Конвейерлі үстел мен ұша конвейерінің жылдамдығы бірдей
болғандықтан жұмысшылар ішкі мүшелерін алғанда ұшаға қарағанды
стоционарлық қалыпта тұрады. Операция аяқталған
соң қайтадан бұрынғы
орнына келіпбасқа ұшаны өңдейді. Шошқа мен қойдың ішкі мүшелерін дәл
ірі малдың ішкі мүшелерін алғандай етіп орындайды, тек айырмашылығы
аспалы жолмен конвейермен үстелдің
өзара орналасуында; шошқа және
қойдың ішек-қарын мен өкпе-бауырын бірге алады.
Шошқа мен қойдың ішкі мүшелерін өңдейтін конвейер үстелі жалпақ
табақ тәріздес болып келеді.
Алынған ішкі құрылыс органдарын ұшаға
қарама-қарсы табақшаға
қояды. Ұсақ ет комбинатарында ішкі мүшелерді стационарлық үстелде алып,
өңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: