Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б



Pdf көрінісі
бет16/65
Дата08.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#117644
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
Байланысты:
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

Бауыр.
 
Бауыр күрделі құрылымды ірі асқорту безі және мал 
массасының 1,5%-ін құрайды. Бауырда ағзаның барлық қанының мөлшерінің 
20%-і қорға айналады. Бауырдың сырты тығыз шырышты қабықпен 
қапталған. Байланыстырушы ұлпалық тяждер (тяжи
)
бауырды жеке бөліктер- 
бауыр түйіршіктеріне бөледі. Түйіршік аралық байланыстырушы ұлпада қан 
жүретін жіне лимфатикалық тамырлар, сонымен қатар өт жолдары өтеді. 
Түйршіктер ішінде без ұлпасының клеткалары бар.
Бауыр толыққұнды ақуыздардың мөлшері бойынша басқа өнімдерден 
асып түседі.Оның құрамына:глобулиндер, альбулиндер, гикопротидтер 
ферритин феррин кіреді. Соңғылары органикалық байланысқан үш валентті 
безде сәйкесінше 20-23% және 16%, сонымен қатар құрамында 0,34% мыс 
витаминдерінің соның ішінде В
12
витаминінің толық жиынтығы, А витамині 
бар гематоупрейн болады.Липидтер бауырда линоль және арахидон 
қышқылдарының мөлшері көп фосфатидтер, триглецеридтер ретінде 
кездеседі. Бауырда экстративті заттар ретінде холин, креатин, мочевин және 
т.б. бар. Гликоген мөлшері 2-5%-не жетеді. Онда қанның ұюына кедергі 
жасайтын мукополисахарид-гепарин түзіледі. 
Бауыр жоғарғы сыртты ливер шұжықтар, паштеттер, консервілері 
өндіруге пайданылады. Бауырда ерекше ақуыздардың,В тобы, әсіресе В12 
витаминдерінің едәуір мөлшерінің болуы анемияға қарсы жоғарғы қасиетке 


14 
ие препараттар өндірісі және емдік тамақтану үшін оны пайдалану мақсатқа 
сай екенін дәлелдейді.
Бүйрек.
Бүйрек-тамырлары, паренхиматозды, булы мүше. Ірі қара 
малда олар бөлікшелер-бүйрекшеклерге бөлінген, ал шошқа мен қойдікі 
тегіс. Бүйрек сырты бетінде май ұлпасы бар тығыз фиброзды капсуламен 
қапталған. Бүйрек денесі үш: қабықты (сыртқы), милы (ішкі) жіне арқалық 
(орталық) қабаттардан тұрады. Бүйректе белогтар, липидтер, фосфор, 
ферменттер, В тобының витаминдері бар. Белогтар глобулиндер, аз 
мөлшерде муциндер және мукоидтер ретінде кездеседі. Бүйректе 
гликоген,сүт қышқылы, аммиак, мочевина, пурин негіздері бар. Бауыр оның 
физилогиялық қызметіне байланысты арнайы иіс және дәмге ие. Бауырды 
суландырған және жуған соң ержеге сай оны басқа ет шикізатының 
түрлерімен қоспай тамақ өнімдерін өндіруге пайданылады. Одан деликатес 
консервілерін және аспаздық тағамдардың бірнеше түрін өндіреді.
Тіл.
Тіл-сыртынан кілегейлі қабықпен қапталған, етті бұлшықетті мүше.
Тілдің етті денесі көлденең жолақты бұлшық ет және май клеткалары бар 
байланыстырушы ұлпадан тұрады.
Тілде лизин мен лейциннің жоғары мөлшерімен сипатталатын толық 
құнды ақуыздардың едәуір мөлшері бар. Липид фракциясы олеин, линоль, 
және арахидонды май қышқылдары ретінде кездеседі.Минаралды заттардан 
калий, натрий, фосфор, мыс және т.б. кездеседі. 
Тілдер шұжық және консервілер дайындау үшін шикізат болып 
табылады. Өнімдер жоғары биологиялық құндылығымен ерекшеленеді және 
жағымды иіс және дәмге ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет