Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына»
енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен,
тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын
толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды,
оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік
туғызады.
«Бөлмедегі заттар» Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір
жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан
суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы
туралы сөйлейді. Мысалы: «Мен столмын. Бүгін маған тыныштық
болмады. Алдымен, топқа бөліну үшін құлағымнан ұстап алып жан-
жаққа сүйреледі. Содан соң үстіме қағаздар жайып тастап, постер
сызды. Мен бүгін «Сын есімнің түрленуі оның шырай формасына енуі
екенін. Шырайдың екі түрі болатынын айтып бере аламын.» т.с.с.
жалғасып кете береді.