Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»



Pdf көрінісі
бет105/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

 
 


69 
ӘОЖ 82 (547.41) 
 
АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
Иканова А.Т.
Ғылыми жетекші: Абешова Н.М.
 
 
КеАҚ «Семей медицина университеті»

Семей қ. Қазақстан
 
Республикасы
 
Тақырыптың мақсаты: 
Абайдың қара сөздеріндегі құндылық мәнге зер салу. 
Зерттеу әдісі: 
талдау, сараптау. 
Тақырыптың өзектелігі: 
Бір ел 

бір кітап. Абайдың қара сөздері жалпы тақырып 
мазмұны жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріндегі 
ойлар, пікірлер өлеңдерімен ұштасып, солардың мән
-
мағынасын кейде қайталап, 
пысықтап, әрі қарай жалғастыра дамытып отырады. 
Қорытынды: 
Бұл қара сөздер жанрлық, стильдік жағынан әр алуан. Мұнда терең 
публицистикалық тебіреністер де, жүйелі философиялық толғаулар да, ойға оралымды 
нақыл сөздер де, ғибрат ретінде жазылған аңыз
-
хиқая да, тарихи эссе

очерк те табылады. 
Қара сөздерді алғаш жазуға кіріскенде ақын: « Ойыма келген нәрселерді жаза берейін 
кімдекім ішінен керекті сөз тапса,
жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім 
өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым», 

деп қарапайымдылық білдірсе де, бұл 
жазбалар ғылыми
-
танымдық және әдеби көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл
-
ой 
өрісін, дүниеге көзқарасын танытуға баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына 
болып табылады. Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме 
дүкен құрып отырған болады. Қара сөздердегі бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің 
көбін заманындағы оқушы ме тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді: Осы 
жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларынын бірталайын 
жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қарасөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған 
ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдармен қайта айтылады. Бұл жөнініде Абай өзінің 
көпшілік оқушы, тыңдаушысымен әңгімелеседі. Сол әңгіме үстінде адамгершілік 
мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, 
еңбекті сияқты жайларды айтады. Сонымен қатар осылардай адамдық сипаттың жауы 
болатын аярлық, жалғаншылық, бәлекұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекшілік, 
еріншектік, арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды 
тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағынан алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері 
мен ойларын мысалдарымен келтіреді. Сөйтіп отырып, үгітөсиет жасайды. Сонда 
тыңдаушысы туралы Абайдың күдігі де көп. Оның байқауынша, кейбір терең өсиет, озық 
ойлар тыңдаушыларының санасына жетпеуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет