Энергетика


 тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
саяси

7 тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам 
 
1 Мемлекеттің пайда болу теориялары мен концепциялары. 
Мемлекеттің белгілері мен құрылымы. 
2 Мемлекеттің функциялары. Қазіргі заманғы Қазақстандағы 
демократиялық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы. 
3 Азаматтық қоғам: мәні, құрылымы, функциялары. Азаматтық 
қоғамның негізгі концепциялары. Қазақстан Республикасындағы азаматтық 
қоғамның даму келешегі. 
Дәрістің мақсаты: 
Мемлекеттің қоғамның саяси жүйесінің негізгі 
институты ретіндегі рөлі және негізгі функциялары туралы білім беріп, 
азаматтық қоғамның мәні, қалыптасуы және дамуымен таныстыру.
1. Мемлекет – белгілі бір аумаққа, ресми басқару және күштеу 
аппаратына ие жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан саяси билік ұйымы, саяси 
жүйенің орталық институты. 
Мемлекеттің пайда болуы және оның мәні төңірегінде ғылымда түрлі 
тұжырымдамалар бар: 
1) 
Теократиялық теорияның
негізін салушылар көне рим философы, 
христиан теологы А. Августин (354-430) мен италияндық діни ойшыл, 


40 
католиктік шіркеудің өкілі Ф. Аквинский (1225-1274) еңбектерінде 
мемлекеттің пайда болуы кұдаймен байланыстырылады. Мемлекеттің 
құдайлық болмысы болуы себепті, оған әрбір адам сөзсіз бағынуы тиіс. 
2) 
Патриархалдық теория
. Оның негізін салушы ағылшын саясаткері 
Роберт Филмер (1588-1653). Бұл теория мемлекеттің пайда болуын рулардың 
тайпаға, тайпалардың қауымдастыққа, одан әрі мемлекетке дейінгі бірігуімен 
аяқтайды.
3) 
Қоғамдық келісім теориясының 
өкілдері Т. Гоббс (1588-1679), Г. 
Гроций (1583-1645), Ж. Ж. Руссо (1712-1778). Олардың пікірінше, билеуші 
мен оның қол астындағы адамдардың арасындағы қалыптасатын өзара 
түсіністік пен келісім нәтижесінде мемлекет құрылады.
4) 
«Мәжбүрлеу» теориясының
негізін салушылар Е. Дюринг (1833-
1921), К. Каутский (1854-1938), т.б. елдер арасындағы өзара жаулаушылық 
соғыстар барысында сол елдердің арасындағы қатынастарды реттеу 
мақсатында жаңа бір құрылым - мемлекет пайда болады деп есептейді. 
5) 
Әлеуметтік-экономикалық немесе марксистік теория. 
К. Маркстің 
пікірінше, мемлекеттің пайда болуы өндірістің, әлеуметтік және мүліктік 
теңсіздіктің, қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы нәтижесінде қалыптасатын 
қоғамның таптарға бөлінуімен байланысты. Марксистердің пікірінше, 
мемлекеттің пайда болуы жеке меншік пен таптардың шығуымен тікелей 
байланысты. Мемлекет үстем таптың саяси басымдығын, билігін қамтамасыз 
ету және төменгі бағынушы таптардың қарсылығын басу мақсатында 
құрылады. 
6) 
Психологиялық теория 
өкілдері мемлекеттің пайда болуын 
адамдардың психикалық айырмашылықтарымен байланыстырады. Данышпан, 
тапқыр адамдардың қалың бұқараға ықпал етуі, солардың ойлап тапқан 
ұшқыр идеяларының нәтижесінде құрылады. 
Мемлекеттерге тән өзіндік белгілер болады. Оның түрлі тарихи 
кезеңдерде және халықтарда өзіндік ерекшеліктерінің болуы мүмкін. 
Мемлекеттерге тән жалпы белгілер төмендегідей: 
1) 
Мемлекеттік шекарасымен нақтыланған аумағының болуы. 
Мемлекеттің заңдары мен өкілеттіктері осы аумақты мекендеуші азаматтар 
мен тұрғындарға таралады. Бұл туыстық қарым-қатынастар мен діни белгілер 
емес, аумақтық және адамдардың этникалық қауымдастығы негізінде 
құрылады. 
2) Егемендік, яғни белгілі бір аумақтағы жоғарғы билік. Кез-келген 
қоғамда бірнеше билік түрлері өмір сүреді. Олар отбасылық, өндірістік, 
партиялық болуы мүмкін. Ал сол елдің азаматтары, ұйымдары мен мекемелері 
үшін міндетті болып табылатын жоғарғы билік мемлекетке ғана тән. 
Мемлекет қана бүкіл коғам атынан ресми істі жүргізе алады.
3) Ерекше өкімет аппараты. Бұқара халықтан бөлек, айрықша өкімет 
аппараты – кәсіби басқарушылар тобының болуы. Бұл белгі мемлекетті өзін-
өзі басқаруға негізделген рулық-тайпалық ұйымнан ерекшелеп тұрады. Бұл 


41 
аппарат өзінің билігін қарулы күштер, полиция, сот, баспасөз және т.б. 
құралдар арқылы жүзеге асырды.
4) Мемлекеттің маңызды белгісінің бірі – ел азаматтары үшін міндетті, 
әрі тең заңдар мен нормаларды шығару құқығы. Демократиялық, құқықтық 
мемлекеттерде мұны заң шығарушы билік жүзеге асырады. 
5) Халықтан салық және міндеткерліктер жинау құқығы. Бұл 
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени, қорғаныс сияқты ішкі 
және сыртқы саясатын жүзеге асыру үшін қажет. 
6) Мемлекеттің міндетті түрде азаматының, халқының болуы. Халықсыз 
мемлекет болмайтыны белгілі. Алайда мемлекетсіз халық болуы мүмкін. 
Мәселен, еврейлер өз мемлекетін осыдан 71 жыл бұрын ғана, яғни 1948 жылы 
ғана құра алды. Ал бүгінде әлемде саны 40 миллионға жуық күрд халқының 
күні бүгінге дейін өз мемлекеті жоқ.
Бұл белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме, бірлестіктерден ерекшелеп 
тұрады. 
2. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары болады. Ішкі 
функцияларына мыналарды жатқызады: 
- мемлекет ішіндегі экономикалық үдерістерді ұйымдастыру, реттеу 
және үйлестіру. Ол түрлі қысқа, орта және ұзақ мерзімді экономикалық 
бағдарламаларды қабылдап, оларды жүзеге асыру жолымен жүзеге асады. 
Халық шаруашылығының түрлі салаларының арасындағы байланыстарды 
үйлестіру, реттеу, экономикалық интеграцияны өрістету, ғылыми-техникалық 
революцияның заманауи жетістіктері мен алдыңғы қатарлы технологияларын 
енгізу, т.б. мәселелер жатады; 
- саяси функциясына елдегі саяси тұрақтылықты сақтау, полиэникалық 
мемлекет жағдайында этносаралық араздыққа жол бермеу, елдің саяси 
бағытын анықтау, билік өкілеттіліктерін жүзеге асыру, т.б. кіреді; 
- әлеуметтік - халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін көтеру, тұрғын 
үй мәселесін шешу, денсаулық сақтау ісін дамыту арқылы халықтың орташа 
өмір сүру ұзақтығын көтеру, тұрмыс кажетін өтеуді жетілдіру, т.б.; 
- құқықтық, яғни құқықтық нормаларды айқындау және бекіту, олардың 
орындалуын қадағалау. Қоғамдық қатынастар мен тәртіпті реттеу. Түрлі 
экстремистік, террористік қауіптердің алдын алу және жол бермеу; 
- мәдени-тәрбиелік. Мемлекет білім беру, ғылым, мәдениет пен өнердің 
дамуын қамтамасыз етіп, ел азаматтарының рухани-мәдени қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға ат салысуы қажет. 
Мұның сыртында мемлекеттің сыртқы функциялары да бар. Оларға 
сыртқы саяси және қорғаныс функцияларын жатқызуға болады.
Сыртқы саяси – шет мемлекеттермен дипломатиялық, саяси, 
экономикалық, әскери, т.б. салалардағы ынтымақтастығын жатқызуға болады. 
Мемлекеттің халықаралық ұйымдарға мүшелігін қамтамасыз ету. 
Қорғаныс – елдің қауіпсіздігі, егемендігі мен тәуелсіздігін, аумақтық 
тұтастығын сақтау жатқызылады. 


42 
Билікті ұйымдастыру тәсіліне қарай мемлекетті басқару формалары 
монархия және республика болып екіге бөлінеді. 
Монархия (грек. monarchia) - мемлекеттегі жоғарғы билік толығымен 
немесе ішінара бір адамның, мемлекет басшысының қолына шоғырланған 
басқару формасы. Билеуші мұрагерлік жолымен (патша, король, хан, сұлтан, 
шах, т.б.) билік басына отырады. Бұл билік формасы мыңдаған жылдар бойы 
үстем құрған.
Монархияның да бірнеше түрі бар: абсолюттік монархия, шектеулі 
монархия және конституциялық монархия.
Абсолюттік монархияда мемлекет басшысы шексіз билікке ие болады. 
Ол мемлекет басшысы мен үкіметтің функцияларын атқарады, заңдар 
шығарады, жоғары сот және бас қолбасшы болып табылады. 
Шектеулі монархия басқарудың мәслихаттық органы функциясын 
орындайтын заң шығарушы жиналыстың қатысуымен жүзеге асырылуымен 
ерекшеленеді. 
Конституциялық 
монархияда 
өкілдік 
демократияның 
барлық 
институттары қызмет етеді. Монарх билігі заң шығарушы қызметке 
таралмайды және басқару ауқымы шектелген. Заңдарды парламент 
қабылдайды, ал үкімет парламенттік көпшілік негізінде және парламентке 
есеп беретіндей құрылады. 
Республика (лат. res publica – қоғамдық іс) - мемлекет басшысын өкілдік 
органдар немесе ел азаматтары сайлайтын басқару формасы. Мұнда жоғарғы 
билік (заң шығарушы, атқарушы және сот) сайлау арқылы құрылатын 
өкілеттік органдардың қолында болып, мемлекет басшысын халық немесе 
өкілеттік органдар сайлайды.
Республикада биліктің қайнар көзі халық болып табылады. Бүгін 
әлемде негізінен республиканың мына үш түрі өмір сүреді: парламенттік, 
президенттік және аралас. Республика қазіргі әлемде кең тараған басқару 
формасы.
Президенттік республика алғаш рет АҚШ-та құрылған және кең 
өкілеттіктерге ие күшті президенттік билікпен сипатталады. 
Ұлттық-аумақтық құрылымы бойынша мемлекеттер унитарлық, 
федеративтік және конфедеративтік болып бөлінеді. 
Унитарлық мемлекет - әкімшілдік-аумақтық құрылымдардан тұратын, 
билік жүйесінің, басқару мен құқықтың біртұтастығымен сипатталатын 
мемлекет. Мұндай мемлекетте біртұтас конституция, біртұтас сот билігі және 
біртұтас азаматтық болады. 
Федерация (лат. federatio – одақ, бірлестік) – бұл заңды түрде саяси 
дербестікке ие бірнеше мемлекеттік бірлестіктердің одағы.
Конфедерация – тәуелсіз, өзінің билік органдары бар, белгілі бір 
мемлекеттік істерді үйлестіру, реттеу мақсатында (негізінен әскери, сыртқы 
саяси) құрылған бірнеше мемлекеттердің одағы. Конфедерацияда үстемдік 
Конституцияға және келісімге қатысушы мемлекеттердің заңдарына беріледі.


43 
3. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын 
әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың 
жиынтығын айтады. 
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель 
еңбектерінде азаматтық коғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлері кездеседі. 
Философ кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады 
деп жазды. 
Кейіннен бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар Т. Гоббс, Ш. Монтескье, 
Ж. Ж.Руссо және т.б. Азаматтық қоғам тұжырымдамасын жасауда ерекше 
еңбек еткен немістің атақты философы Г.Гегель болды. Оның пайымдауынша, 
азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік 
топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың 
мақсаты коғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды 
қамтамасыз ету. 
Азаматтық қоғам ерікті және теңқұқылы жеке тұлғалардың нарық пен 
демократиялық құқықтық мемлекеттілік жағдайында қарым-қатынастардың 
көптүрлігін білдіреді. Құқықтық мемлекеттің пайда болуы азаматтық 
қоғамның қалыптасуының, дұрысын айтқанда, оның дамуы мен кемелденуінің 
арқасында мүмкін болады. 
Азаматтық қоғам өзінің кең мағынасында қоғамның мемлекет және 
оның институттарын қамти алмайтын бөліктерін қамтиды, яғни мемлекеттің 
қолы жетпеген нәрсенің бәріне жетеді. Ол автономды, мемлекеттен тәуелсіз 
болады. Азаматтық қоғам тек демократиямен ғана емес, авторитаризммен де 
өмір сүре алады, бірақ тоталитаризм оның өмір сүруіне жол бермейді. 
Азаматтық қоғам құқықтық мемлекетпен тығыз байланысты, олар бір-
бірінен бөлек өмір сүре алмайды. 
Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері құрған түрлі 
қауымдастықтар - кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдык ұйымдар, кәсіби, 
шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер кіреді. 
Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің 
түрін еркін тандауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. 
Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. 
Адамның жалпы кұқықтары сақталады, бұзылмайды. 
Азаматтық қоғам экономикасының негізі - әр түрлі меншіктегі көп 
укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады 
және оны өз калауына сай пайдалана алады деген сөз. Сондықтан мұнда 
белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең мүмкіндіктер 
ашылады. 
Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және 
қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды.
1991 жыл 27 маусымда «Қазақ КСР-iндегi қоғамдық бiрлестiктер 
туралы» Қазақ КСР-iнiң Заңы қабылданды. 
1990 жылдардың басында республикада бірнеше қоғамдық ұйымдар 
құрылды еді: «Қазақстанның халық конгресi», Қазақстанның социал-


44 
демократиялық партиясы, «Алаш», Қазақстанның социалистiк партиясы, 
«Лад» республикалық славян қозғалысы, «Азат» Қазақстанның азаматтық 
қозғалысы, «Әдiлет» тарихи-ағарту қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер 
қозғалысы. 
1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 
жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» және 
«Саяси партиялар туралы» заңдарының қабылдануы елдегі азаматтық қоғам 
ұйымдарының жұмысының одан әрі жандануына оң ықпал еттi. Мұның 
сыртында түрлі ұлттық-мәдени орталықтар, Қазақстан халықтары 
Ассамблеясының жұмысы қарқын алды.
2000 жылы мемлекеттiк билiк органдарымен өзара iс-қимыл тетiктерiн 
жасау үшiн үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ұйымдастыратын 
Қазақстанның үкiметтiк емес ұйымдарының (ҮЕҰ) конфедерациясы 
жұмысын бастады. 
2001 жылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңы, 2002 жылы Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк 
қолдау тұжырымдамасы қабылданды. 2003 жылы ел үкiметi ҮЕҰ-ды 
мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын 
бекiтіп, осы бағдарлама аясында облыстық (қалалық) бағдарламалар 
дайындалды. 
2006 жылы 25 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы Азаматтық 
қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» 
қабылданды. Егер тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстанда 400-ге жуық 
ҮЕҰ болса, тұжырымдамаға сәйкес 5820 ҮЕҰ тіркеліп, олар ел ішіндегі өте 
маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси шешімдердің қабылдануына оң 
ықпал етті. 
2018 жылдың көрсеткіші бойынша Қазақстанда тіркелген ҮЕҰ саны 22 
мыңды құрайды. Елімізде еріктілер қозғалысының жұмысы айтарлықтай 
дамыған. Республикада өткен халықаралық деңгейдегі Қысқы Азиада 
ойындары, Универсиада, ЭКСПО-2017 сияқты іс-шаралар барысында бұл 
айқын көрінді. Сонымен қатар әлемнің 1 миллиардан астам азаматтары 
айналысатын қайырымдылық көрсету шаралары да бір ізге қойылды. 
Қазақстанда ондаған қайырымдылық қорлары жұмыс істейді. 
Бұқаралық ақпарат құралдары, олардың еркіндігі мен бостандықтары да 
азаматтық қоғамның маңызды шарты. 
2019 жылдың 15 қаңтарының көрсеткіші бойынша Қазақстанда 3328 
БАҚ тіркелген. Олардың 2790 баспасөз басылымдары, 128 телеканалдар, 70 
радио, 340 ақпараттық агенттіктер мен желілер, 1800 газет, 990 журналдар. 
225 шетелдік теле-радио каналдар бар, олардың 161-і ресейлік каналдар болса, 
15-і АҚШ, 16-ы Эстония, 20-ы Ұлыбритания, 6-уы Франция, 1-і Кипрге тән.
Дегенмен Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму индексі туралы 
Халықаралық «Transparency International» ұйымының нәтижелері бізді әлі де 
үлкен жұмыстардың күтіп тұрғандығын аңғартады. Осы ұйымның 2017 
жылғы Қазақстандағы азаматтық ұйымның даму индексі туралы мәліметі 100 


45 
баллдың 50,9-ын құрайды. Тағы бір осындай беделді ұйымның бірі «CIVICUS 
State of Civil Society Report»-тың 2018 жылғы мәліметтері бойынша Қазақстан 
азаматтық қоғамы шектеулі елдер қатарынан орын алған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет