Программалау технологиясы



Pdf көрінісі
бет15/136
Дата08.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#121875
түріПрограмма
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   136
Байланысты:
Мукашев С Builder

3-4 дәрістер.
Программалық жабдықтардың технологиялық сипаттамаларын анықтау
Жалпы «технологиялық тиімділік» деп, программалық жабдықтың жобасының сапасын 
түсінеді. Программалық жабдықты жасауға және оны кейіннен жетілдіріп отыруға кететін 
еңбек және материалдық ресурстар тікелей жобамен (проектімен) байланысты болады. 
Барынша жан-жақты, сауатты құрылған жобаны кодтау, тестілеу, жӛндеу және және 
модификациялау да жеңіл болады. 
Программисттердің жинақталған тәжірибелері бойынша программалық жабдықтың 
технологиялылығы келесі факторлармен анықталады: 
-
модельдің жан-жақты қарастырылғандығы (проработанность моделей); 
-
модульдердің ӛзара тәуелсіздігінің деңгейі (уровень независимости модулей); 
-
программалау стилі (стиль программирования); 
-
кодтарды қайталап қолдану дәрежесі (степень повторного использования кодов). 
Програрммалық жабдықтың моделі неғұрлым толық зерттелген, жан-жақты ескеріліп 
жасалған болса, онда жалпы есепке кіретін бӛлек есептерді (подзадачаларды), мәліметтердің 
құрылымын және т.б. анықтау да соғұрлым нақтырақ болады, оларды жобалау және жүзеге 
асыру жеңіл болады, қателер азаяды. Ал модульдер неғұрлым ӛзара тәуелсіз болса, соғұрлым 
олардың жүзеге асырылуы, модификациялануы, олардағы қатені іздеу және т.б. жеңіл 
болады.
Программалау стилі деп программаны әрлеу стилін және құрылымдылығын түсінеді. 
Программаның құрылымдылығы оның оқылуына (читаемость программы) және 
программалауда қате жіберілмеуіне әсер етеді. ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы кризис, яғни 
спагетти- программалар осы құрылымдылықтың болмауының нәтижесі. 
Кодтардың қайта пайдаланылу дәрежесі, бұл бұрыннан бар кітапханаларды, кластарды, 
подпрограммаларды пайдаланумен және жаңадан жасалған кодтарды унификациялаумен 
анықталады. Бұл барлық жағдайда тиімді болмауы мүмкін, мысалы кодтарды қайта 
пайдалану жасанды түрде жоғарылатылса, онда жобаның технологиялылығы да соғұрлым 
тӛмендеуі мүмкін.
Программалық жабдықтың жалпы құрылымы анықталғаннан кейін, әдетте ұстаным 
таңдалынады: құрылымдық ұстаным немесе объектілік ұстаным немесе компоненттік 
ұстаным . 
Ұстаным анықталғаннан кейін, жоғарыдағы айтылған программаның жалпы 
құрылымын жеке компоненттерге декомпозициялау басталады, бұл декомпозиция мүмкін 
емес болғанға дейін жүреді. Мұндай декомпозицияның нәтижесі, құрылымдық ұстанымда – 
подпрограммалар мен модульдердің иерархиясы болып шығады, ал объектілік ұстанымды 
пайдаланатын декомпозиялауда, класстар түріндегі иерархия алынады.
Модуль (Unit) – жеке автономды түрде компиляцияланатын программаның бірлігі.
Модульдердің ӛзара тәуелсіздігі екі критериймен анықталды: жабысу(сцепление) және 
байланысу (связность).
Жабысу – бұл модульдердің бір-бірінен неғұрлым алшақтығын анықтайды. Егер бір 
модульде екінші модуль туралы ешқандай ақпарат берілмесе, онда олар тәуелсіз, ал олар бір-
бірі туралы ақпарат сақтайтын болса, онда жабысқан болып есептеледі. Жабысудың келесі 
түрлері анықталған: 


-
мәндер бойынша (по данным); 
-
үлгі бойынша (по образцу); 
-
басқару бойынша (по управлению); 
-
жалпы мәліметтер орналасқан облыс бойынша (по общей областей данных); 
-
ішкі компоненттері, мәліметтері бойынша (по содержимому). 
Егер «жабысу» жеке-жеке модульдердің бір-біріне алшақтық арақатынасын анықтаса, 
«байланысу» бір модуль ішіндегі программалық элементтердің ӛзара байланысу деңгейін 
анықтайды. Ӛзара тығыз байланыста болатын элементтерді бір модульге орналастырған 
тиімді болады, ал егер оларды әртүрлі модульдерге орналастырса модульдердің бір-біріне 
тәуелділігі артады, бұл қиынырақ болады. Әлсіз байланысқан элементтерді де бір модульде 
пайдалану оның технологиялылығын тӛмендетеді. Әзірге байланысудың келесі түрлері 
анықталған(кему дәрежесіне қарай): 
-
функционалды (функциональная); 
-
тізбектей (последовательная); 
-
ақпараттық (коммуникативная или информационная); 
-
процедуралық (процедурная); 
-
уақытша (временная); 
-
логикалық (логическая); 
-
кездейсоқ (случайная). 
Программалық жабдықты құруда қолданылатын негізгі екі әдіс: 
-
тӛменнен жоғары қарай жобалау (восходящий метод); 
-
жоғарыдан тӛмен қарай жобалау(нисходящий метод). 
«Жоғары қарай жүру» әдісі бұл бірінші пайда болды, мұнда программаның ең тӛмені 
элементтері, сонан соң одан жоғары элементтері т.с. сияқты жасалады. Бұл әдістің тиімсіз 
жағы, кейін біріктірген кезде компоненттер ӛзара үйлеспей қалады, программа интерфейсі ең 
соңынан жасалады, яғни оны алдын-ала кӛрсетіп алу мүмкіндігі жоқ. Бұл әдіс ӛндірісте 
қолданылмайды, әдетте оқыту үшін қолданылады. 
«Тӛмен қарай» программалау мұнда программаның бірінші жоғары деңгейдегі 
компоненттері жобаланады, әрі қарай біртіндеп тӛменгі деңгейдегі компоненттері жасала 
береді, мұнда программаның жасалған бӛлігін тестілеу үшін әлі жасалмаған тӛмендегі 
компоненттерді арнайы модульдермен («заглушка» программа) алмастыра тұрады.
Құрылымдық программалауда, жалпы есептеу процесі үш түрлі ұйымдастырылады: 
ызықтық, тармақталатын және қайталанатын. Бұл процесстерді жүзеге асыру үшін жоғары 
деңгейдегі программалау тілдерінде арнаулы басқарушы операторлар (if, while) 
қолданылады, ал бұрынғы тӛменгі деңгейдегі тілдерде басқару жолға кӛшу арқылы беріліп, 
спагетти- программалар шығатын болды. Сонымен, 1960 жылдардан бастап осы үш 
конструкцияны «базалық құрылымдар» деп қабылдау келісілген, оның жазылуының 
бірнеше түрлі нотациялары бар: блок-схема, псевдокод, Flow-формалар, Насси-Шнейдерман 
диаграммасы және т.б. . Мысалы, базалық құрылымдардың блок-схема түріндегі жазылуы 
(3.5- сурет) : 
2-әрекет 
1-әрекет 
Шарт 
1 - Әрекет 
2 - Әрекет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет