C.
Сапарға шыққан күндері
D.
Демалыс күндері
E.
Қуанышты күндері
1449-нұсқа
4-мәтін
1.Ертеде бір ханның ұлы болыпты. Күні бойы үйден шыкпайтын ханзада әбден
зерігетін халге түсіпті. Себебі онымен ойнайтын бауыры
не болмаса досы жоқ
екен. Ханзада есік алдына шығып, балалардың ойынына қосылса,
олардың
барлығы тым-тырақай үйлеріне қаша жөнеледі екен. Олар бұның хан баласы
екенін білетін, сондықтан да онымен бірге ойнауға батылдары жетпейтін.
Өздерінше: «Жазатайым құлап мертіксе, не ойында
жеңіліп қалса, ондай
жағдайда міндетті түрде әкесіне шағымданады. Оның бізге қандай жаза
беретінін кім білсін», - деп ойлайды екен. Міне, осылайша доссыз қалған ханзада
барлық күнін сарайдың терезесінен сыртқа қарап отырумен откізеді екен.
Сырттағы ойынға берілген балаларға қарап: «Уф! Ханзада болып
жалғыз
қалғанша, кедей ұлы болғаным әлдеқайда жақсы еді ғой», - деп күрсінеді екен.
2.Ханзаданың бұл күйін көрген шешесі ханға кіріп, бар жағдайды баяндапты да,
бір шарасын табуды өтініпті. Хан: «Оның бір жолы бар. Ата- аналарына ақша
беріп, балаларын сарайға ойнатуға әкелдірейік»,- депті.
Ертесіне сарайға
ханзадамен ойнайтын бес-алты бала жеткізіліпті. Ханзада оларды коргенде
қатты қуаныпты. Алайда бірнеше күннен кейін қайтадан зеріге бастапты. Себебі
ақша үшін келген балалар оның хан баласы екенін біліп, ойыннан тек қана
жеңілетін болыпты. Оның қайғысын сыртынан байқаған сарай қызметшісі бір
күні: «Ханзадам,
рұқсат етсең, мен саған көмектесе аламын», - деп ойлаған
жоспарын айтыпты. Екеуі уақыт өткізбестен сол жоспарларын іске асыруға
кірісіпті. Қызметші күн сайын өз ұлдарының ескі-құсқы киімдерін әкеліп,
ханзадаға киіндіреді екен. Ал ханзаданың киімдерін бір қарақшыға киіндіріп,
терезенің алдына отырғызыпты. Хан мен әйелі оны өз ұлдары ден ойлапты. Ал
ханзада болса сыртта балалармен құмары қанғанша ойнайды екен.
Алайда бұл
жайт ұзаққа созылмапты. Сарайдың бағбаны ханзада мен қызметшінің
сырларын ханға жария қылып үлгеріпті. Хан бұған қатты ашуланыпты да,
қызметшіні жұмыстан қуыпты.
3.Кедей лашығына оралысымен қызметші: «Ендігі уақытта
балаларымды қалай
асыраймын, оларға қалай нан тауып беремін?» - деп қайғырыпты. Бір күні есігін
ашса, табалдырық алдында тамақ толы себет тұр екен. Қатты таң қалыпты, бір
жағынан қатты қуаныпты. Себетті ішке алып, балаларын тойдырыпты. Бұл
оқиға бірнеше күндей қайталаныпты. Қызметшінің есігінің алдында мұндай
себет күн сайын тұрады екен. Бұның кімнің қолынан келгенін білуге қатты
құмартыпты. Бір күні ерте оянып, терезе жақтауынан сығалапты.
Көп кешікпей
есіктің алдына себеітің иесі де жетіпті. Қызметші өз көзіпе өзі сенбей,
таңғалыпты. Бұл, әрине, кішкентай ханзада еді. Қызметші дереу есікті ашыпты
да: «Ұлым, мені ұмытпағаның үшін мың алғыс!» - депті. Ханзада: «Негізі мен сізге
алғыс айтуым керек.
Сіздің арқаңызда аз да болса, бақытты күндерді бастан
өткердім. Оның үстіне сіз менің кесірімнен жұмысыңыздан қуылдыңыз. Бұл
үшін сізден басымды иіп кешірім сұраймын», - депті. Ханзаданың бұл сөздері
қызметшіні қатты қуантыпты. Байғұс қызметші: «Саған өмір бойы озің сияқты
тек жақсы адамдар ғана кездесуін тілеймін», - депті.
Достарыңызбен бөлісу: