(жастықтың бидайысы)
көк мылжың
дабыра – дабыр
қайны – қайын
дағара – дағар
қақа басы-қақ басы
ерсілі – қарсылы
қары - қар (қолдың
қарысы, қары)
ерсіл – қарсыл
қаса сұлу –
қас сұлу
ертегі – ертек
қодыға – қодық
зейне – зейін
құры – құр ( құры босқа, құр босқа)
нәсібе – нәсіп
нысана – нысан
нышана – нышан
сағана – саған
сигарета – сигарет
таразы – тараз
тәйірі – тәйір
тәңірі – тәңір
түгілі – түгіл
уағза – уағыз
шабдалы – шабдал
шілтері – шілтер
шаштаразы – шаштараз
Осы параллельдерді, сырттай көз салғанның өзінде, бір ғана дыбыстық
құбылыстың шеңберінде қарауға болмайды. Бұл параллельдердің пайда
болуы кем дегенде төрт түрлі құбылысқа саятын тәрізді.
1.
Тәңірі, ертегі, бидайы
(жастықтың бидайысы),
алхоры, шабдалы,
шілтері
тәрізді сөздердің
тәңір, тәйір тәйірі
(тәңірі),
ертек, бидай
(жастықтың бидайы)
алхор, шабдал, шілтер
түріндегі вокалсыз варианттың
пайда болу себебі ашық буынның шектен тыс шоғырлануынан «қашу»
тенденциясына байланысты болуы мүмкін.
Әсіресе тәуелдік жалғау
қосылғанда, мысалы,
тәңірісі, шабдалысы, алхорысы
сөздегі ашық буынның
саны көбейіп, сөйлеуші үшін біршама физиологиялық қолайсыздық
туғызуы ықтимал.
2. Бұл параллельдердің ішінде
бағана-баған, көке мылжың – көк
жылжың
тәрізді түркі-монғол тілдеріне ортақ сөздер бар.
Көкемарал
(немес маралоты) сөзіндегі
көке
де монғол элементі. Мұндағы көке,
бағана
монғол тілінен ауысқан.
3. Жоғарыда айтылған жарыспалы бұл сыңарлардың ішінде өзге тілден
екі түрлі тұлғада енген сөздер бар. Мысалы:
заман – замана
(азмэне парсы
тілінің көптік тұлғасындағы сөз),
нысан – нысана, нәсіп – нәсібе, бекзат –
бекзада
парсы тілінен жарыса енген параллельдер.
Жоғарыда көрсетілген параллельдердің кейбірі қазіргі әдеби тілде
кодификацияланып, семантикалық дербестікке (ертегі «сказка», ертек
«сказание», шаштараз «парикмахерская» шаштаразы «парихмахер», дабыр
«у-шу» дабыра «даурықпа» сөз т.б.), стильдік реңкке ие бола бастағандары да
бар (уағза көне;
уағыз бейтарап, замана поэтикалық, заман бейтарап т.б.).
Ал
қодық – қодыға, зейін – зейне, шілтер – шілтері
тәрізді параллельдердің
дауыстымен айтылатынын сыңарларына орфографиялық сөздіктердің
басылымдарына регламент қойыла бастады.
4. Орыс тілінен енген кейбір сөздердің екі түрлі қолданылуы да
апокопа құбылысымен байланысты. Мысалы:
контор – контора, сигарет –
сигарета, гитар – гитара, папах – папаха, фанер – фанера, наград –
награда, идиом – идиома
т.б. осы типтес жарыспалы сөздердің жазылуын
бір ізге салу үшін алдымен бұл құбылыстың
себебіне назар аудару қажет
тәрізді.
Орыс тілінен енген кейбір сөздердің соңғы дауыстысын қазақ тілінде
сөйлеуші түсіріп айтуы ықтимал. Мысалы:
координата – координат, диет –
диета, арматура – арматур, анкета – анкет, идиома – идиом, карьера –
карьер
т.б. Ал кейбір сөздердегі соңғы дауыстыны түсіріп айту мүмкін емес:
кафедра, плита, шкала, тайга, техника, галифе
т.б. Бұл сөздердегі соңғы
дауыстының қазақ сөзінде (в речи) апокопаға ұшырамауының өзіндік себебі
бар. Орыс тілінің дыбыс заңдылығы бойынша екпін түсетін дауыстыдан
кейінгі дауысты (заударный гласный) басқаларға қарағанда сапалық
редукцияға көбірек ұшырайды. Міне, сондықтан
қазақ тіліне ертеректе
ауызша канал арқылы енген
минута, секунда, газета, цифра, контора
сөздері жазба тіл каналы арқылы игерілген ғылыми-техникалық, қоғамдық-
саяси терминдері, номенклатуралық атауларды (екпіннен соңғы дауыстының
редукциялануына қарамастан) вокалды вариант түрінде қолдану тіл
тәжірибесінде дағдыға айнала бастады. Мысалы:
амплитуда, планета,
директива, фонема, фраза, акула
т.б.
Тіл – жүйелі құбылыс. Әдеби тілдің нормасы,
оның ішінде жазу
нормасы, алдымен тілдік жүйеге негізделеді. Алайда жүйе бар жердің бәрі
бірдей әдеби тілдің нормасы бола бере ме? Кейбір жағдайда тілдік жүйенің
өзі екі немесе үш түрлі болып жарыса қолданылуы ықтимал. Олардың
қайсысы әдеби тіл нормасына лайық деп танылуы керек?
Мәселен, кейбір түбір сөздерде түбір мен қосымшаның жігінде
л/д
дыбыстарының алмасу құбылысы
л
және
д
вариант түріндегі екі түрлі
жүйеге саяды.
Достарыңызбен бөлісу: