1. Метатезаға ұшыраған сөздер әуелде жарыса жұмсала келіп, тілде тек
бір ғана вариант түрінде орнықты. Мысалы:
қақпан, қақпақ, өкпе
т.б. Бұлар
синхрония тұрғысынан
қапқан
,
қапқақ, қапқа, өпке
делініп,
әуелдегі
күйіндегідей қолданылмайды деуге болады. Себеп сөзі де осы тәрізді,
бастапқы түрі
әсбәб
(араб сөзі).
Малақай
сөзінің «
малай
» диалектизмімен
метатезалық байланыста екендігін этимология жасай отырып айқындауға
болады.
Салыстырыңыз:
малақай
(Замахшари,
Мукаддимат)
<
маңқалай>мақалай>
қазақша
малақай
.
Малақай
сөзі
маңдай, маңлай
,
маңқа
атауларымен тектес түбірлер болуы ықтимал [40, 288б.].
2. Метатезалық варианттар мағыналық жақтан сараланып дербес сөзге
айналған: уақ (уақыт) – ауық (бір ауық), демеу (етістік) – медеу (зат есім),
тебірен (әсерлен), тербе (шайқа), айнал (су буға айналады), айлан (айланып-
толғану).
Ш
мен
қ
дыбыстарының
орын алмасуынан
балшық
(
балшақ, а/ы
дауыстыларының алмасуы) және балқаш варианттары пайда болған. Кейбір
түркі тілдерінде балғаш «балшық» деген мағынаны білдіреді [41, 239б.].
Қазақ тілінде
Балқаш
сөзі гидроним ретінде ғана емес, әсіресе байырғы
әдебиет
өкілдері шығармаларында, аға бун тілінде, жалпы есім мәнінде
жұмсалады.
Балқаш, балшық
(балшақ) әуелде мағыналық жақтан жарыса
қолданылғанмен, келе-келе семантикалық дербестікке ие болған.
Балшық
«лай», «батпақ»
деген мағынаны білдірсе, балқаш «сулы, шөбі мол жер»
дегенді аңғартады:
Балқашын
орып мал жеген
Аралас үйрек, қаз жеген
(Қашаған Күржіманұлы)
Метатезалық варианттардың кейбірінде стильдік айырым барлығы
байқалады: ұшпақ – жұмақ. Қазақ тілінде жұмақ стильдік жақтан бейтарап,
ұшпақ көбіне сөйлеу тіліне тән. Сондай-ақ
Достарыңызбен бөлісу: