Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет29/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

қазірет, 
кейбірі 
рақмет, қызмет
түрінде жазылады. Осы типтес сөздерді қысаң дауыстылар 
арқылы жазып, оппозициялық жікке бөліп көрейік: за-қы-мет, ра-қы-мет, қы-
зы-мет т.б. Сөйлеу процесінде бұл сөздердегі <қ>, <з>,<ғ> дауыссыздары [ы], 
[і]-нің шылауында айтылады да өзгеше реңкке (біршама созылыңқы айтылуы 
тәрізді) ие болады.
Осындай фонетикалық әсердің нәтижесінде бұл сөздердің дыбыстық 
құрылымы ритмикалық тұтастықпен айтылатын 
зақым ет, рақым ет, үкім 
ет
тәрізді еркін тіркестердің дыбыс құрылымымен бірдей болып шығады. 
Ал бұл сөздердің [ы], [і] дауыстыларынсыз түріндегі <қ>, <з>, <ғ> 
фонемаларының реңкі өзгеше болып (келте, кілт айтылуы), ритмикалық 
тұтастықпен айтылатын еркін тіркестерден өзгеше дыбыстық құрылымға ие 
болады.
Сөз ажыратуға септігін тигізетін осы өзгешелік ол сөздерді 
ритмикалық 
тұтастықпен 
айтылатын сөз тіркестерінің дыбыстық 
құрылымынан ажыратып тұрады. Сондықтан бұлардың қызмет, зақмет, 
лағнет, рақмет, құрмет т.б. түрінде жазылуын орынды деуге болады.
Сөздердің бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуі қазақ 
сөзінің табиғатына тән. Бұларды біржікті буындар деуге болады. Дегенмен 
біріккен сөздер – көг-ал (мұндағы 
ал
морфемасы 
алсын 
«шабылған шөптің 
орнына қайтадан көктеп шыққан көк» дегенмен этимологиялық 
байланыстағы сөз болуы ықтимал), көг-орай, сондай-ақ өзге тілден қоныс
аударған сөздердің (қа-ре-кет, қа-сі-рет т.б.) ішінде бейүндес буындардан 
құралғандары да кездесіп отырады. Бұларды екіжікті оппозициялық буындар
деуге болады. Ал кейбір сөздерді үш немесе төрт жікті буын (жуан-жіңішке 
– жуан) түрінде жазу, сөзді тым жасанды көрсетеді. Мысалы: 
мұ-ба-рак-қа, 
дән – да- қу-ым, дар – гу-ман, мү-шай-ре, бә-да-уи, пәр – уар – диг - ар
т.б.
Бұл типтес сөздерді сондықтан мүбәрәк, дәндәку, дәргүман, пәруәрдигер 
түрінде жазу әлдеқайда қазақ тілінің дыбыс жүйесіне үйлесімді.
Қазіргі қазақ орфографиясындағы елеулі қиындықтардың бірі – түбір 
сөзге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда түбір сөздің соңғы 
буынындағы қысаң дауыстының түсіріліп немес түсірілмей жазылуы. 
Мысалы: 
ауыл – аулы (ауылы), ерін – ерні (еріні), иық – иығы (иғы), мұрын – 
мұрны (мұрыны), мүлік – мүлкі (мүлігі), бауыр – бауыры (бауры)
т.б. 
Дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанда сөз түбірінде болатын бұл
өзгерістің қанша сөздерді қамтитынын, таралу шегі қаншалықты екенін 


байқау үшін фонетикалық жағдайы бірдей сөздерді өзара салыстырып
көтеруге болады (4-қосымша). 
Бұл 
салыстыруға 
қарағанда 
қысаң 
дауыстыларың 
түсіріліп 
қолданылуының фонетикалық жағдайы бірдей ортада жалпы сипат 
алмағандығы, кейбір сөздермен шектеліп отыратын талғампаздығы 
байқалады. Яғни бұл қысаң дауыстылар фонетикалық ортаға аса тәуелді 
емес. Қайсыбір тұстарда қысаң дауыстыны түсіріп (не түсірмей) қолдану 
дүдәмал болса, енді бір сөздерге келгенде, семантикалық қарсылыққа 
ұшырайды. Мысалы, 
халық – халқы
(халығы) деп айтқанымызбен, осы ізбен 
түлік, күлік
сөздеріндегі дауыстыны түсіріп, тәуелдік жалғауын жалғау сөз 
мағынасын мүлде бұзады (мысалы, 
түлік-түлкі, күлік-күлкі
т.б.). 
Дауыл, 
ауыл, суыл, көңіл
сөздері де осы тәрізді, қысаң дауыстыны түсіріп қолдануға
ырық бермейді: 
даулы, аулы, көңлі, сулы
мүлде басқа сөз ретінде ұғынылады.
Бұл қайшылықтың, қысаң дауыстының сонормен іргелес келгендегі 
«жұтылу» құбылысының (бұл құбылыс тіл білімінде абсорбция деп аталады) 
қалайда бір себепті болуға тиіс. Абсорбция құбылысының себебін әр
зерттеуші әрқилы фонетикалық жағдайға байланысты түсіндіріп келді [35, 
281]. 
а) халық –халқы 
Халық – Халығы (жалқы есім) 
құлық – құлқы (мінез-құлқы)
құлық – құлығы (құлақтың құлығы)
мүлік – мүлкі (мүлігі)
қылық – қылығы
күлік – күлігі 
бүлік – бүлігі 
былық – былығы 
салық – салығы 
қалық – қалығы 
шұлық – шұлығы 
түлік – түлігі т.б.
ә) нарық – нарқы (нарығы) 
көрік – көркі (қыздың көркі)
көрік – көрігі (ұстаның көрігі)
бөрік – бөркі (бөрігі)
қырық – қырқы (этног.)
қырық – қырығы
парық – парқы (парығы) 
тұрық – тұрқы (тұрығы)
ырық – ырқы (ырығы )
ерік – еркі (ерігі) 
түрік – түркі


жерік – жерігі
көрік – көрігі
қорық – қорығы т.б.
б) мұрын – мұрны (мұрыны)
ерін – ерні (еріні)
орын – орны (орыны)
қарын – қарны (қарыны)
сарын – сарыны
нарын – нарыны
в) иық – иығы (иғы)
сиық – сиқы (сиығы) 
ойық – ойығы
сұйық –сұйығы 
киік – киігі
қиық – қиығы т.б.
г) мойын – мойны (мойыны)
қойын – қойны (қойыны)
қайын – қайыны (қайны) 
жайын – жайыны
қиын – қиыны
жиын – жиыны
құйын – құйыны
шойын – шойыны т.б.
д) көңіл-көңілі
жеңіл – жеңілі
қалып – қалпы (қалыбы)
қалып – қалыбы
құлып –құлпы (құлыбы)
әліп – әлпі (әлібі)
тұлып – тұлыбы т.б.
е) ауыз –аузы (ауызы)
қауыз – қауызы
жауыз – жауызы т.б.
з) ауыл – аулы (ауылы)
кеуіл (диал.) – кеулі (кеуілі)
суыл – суылы
дауыл – дауылы т.б.
ж) дауыс – даусы (дауысы)
қуыс – қуысы
туыс – туысы


сауыс – сауысы т.б.
Бірақ, біздің түсінігімізше, қысаң дауыстылардың тап бұл арадағы 
түсіріліп, не түсірілмей қолданылуы таза фонетикалық шарттылыққа, 
мысалы екпінге т.б. тәуелді емес. Егер 
бөркі, аузы
сөзіндегі [ы]-ның «түсіп» 
қалуы екпінге байланысты болса, онда 
құрығы, қауызы
деген сөзде 
ы
дауыстысы неге «түсіп» қалмайды? Тегінде, бұл құбылыстың себебі басқаша 
бір фактормен тығыз байланысты болуы ықтимал. Ал оның қандай фактор 
екенідігін анықтау үшін, алдымен мынадай бір статистикалық салыстыруға 
назар аударайық. Қазақ совет әдебиетінің классигі М.О.Әуезов 
шығармаларының толық жинағындағы (1-3 том)
құрық
сөзінің атау және 
өзге де грамматикалық тұлғалардағы жалпы қолданысының саны – 26. Ал 
осы сөздің тәуелдік тұлғасында жалғануы – 10. Яғни бұл сөздің тәуелдік 
тұлғасында жұмсалынған саны өзге тұлғаларымен салыстырғанда әлдеқайда 
аз [36]. Сол сияқты әртүрлі тұлғада қолданылатын 
жарық
сөзінің жалпы 
саны 120 болса, тәуелдік тұлғасымен қолданылғаны 25 те, өзге тұлғада 
жұмсалғаны – 95. Ал
ерін
сөзі, барлық тұлғасын қоса есептегенде, 30 рет 
қолданылған. Оның ішінде тәуелдік тұлғасымен қолданылған сөздің саны 
20 да, өзге тұлғада қолданылған осы сөздің саны 10-нан аспайды. 
Мұрын 
сөзі, барлық тұлғаларымен қоса есептегенде, 52 рет қолданылған. Оның 
ішінде тәуелдік тұлғасымен келген сөздердің саны 15-тен аспайды. Бұдан 
байқайтынымыз – 
мұрын, ерін 
тәрізді сөздердің дыбыс құрамындағы ы-ның 
түсіп қалып, мұрны, ерні түрінде айтылу себебі бұл сөздердің өзге сөздермен 
салыстырғанда, тәуелдік тұлғасында жиі жұмсалуына байланысты. Ал 
құрық, 
жарық 
сөздері, керісінше, тәуелдік тұлғада, өзгелермен салыстырғанда, 
әлдеқайда сирек жұмсалады екен. Бұл фактор, яғни сөздің тәуелдік тұлғада 
ұзына бойы тұрақты жұмсалуы, сонарлармен іргелес келген қысаң 
дауыстының абсорбцияға ұшырауына, сөйтіп сөздің фонетикалық жақтан
ықшамдалуына қолайлы жағдай тудырса керек.
Тіл – жанды құбылыс. Ол қарым-қатынас қызметін атқару барысында 
басы артық элементтерді екшеп отыруға тырысады. Қысаң дауыстылардың 
белгілі бір сөздер тобында, нақтылы бір фонематикалық жағдайда 
абсорбцияға ұшырауы тілдің дыбыс жүйесіндегі тенденцияның бірі деуге 
болады. Ал оны әдеби тілдің жазу нормасында, сондай-ақ орфоэпиялық 
нормасында елеусіз қалдыру – белгілі бір алшақтыққа әкеп соғар еді. 
Ондайда тілдің шынайы халінен көз жазып қалу қаупі туады. Солай 
дегенмен де «абсорбция» жетегінде кете беруді тіл фактісі көтере бермейді. 
Себебі 
көңіл, бауыр, ауыл
сөздерін 
көңлі, бауры, аулы
түрінде тәуелдеу 
омонимдерді өрбітуге жол ашады. Бұл – тілдің омонимдерден «қашу» 
тенденциясына қайшы келеді.
Әрине, 
ауызы, мұрыны, мойыны, иығы 
деп қысаң дауыстыларды 
бастан-аяқ күмәнді жерде түсірмей жазу орфография үшін оңай жол болар 
еді. Бірақ бұл қиындықтан шығудың бірден-бір жолы емес.
Бұл жерде абсорбция құбылысының семантикалық қарсылыққа 
ұшырауын немесе ұшырамауын таяныш етіп алу принципін ұстануға болады.


а) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет