Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет360/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022


МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН 
МЕКТЕПТЕРДЕ 
ОҚУ 
ПРОЦЕСІН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқыту мен оқытудың 
ерекшеліктері 
 
1. Нормативті-құқықтық қамтамасыз ету 
Зиялы тұлғаны дамыту, ғылым негіздерін, мәдениет, өнер және тілдерді 
тереңдетіп оқыту мен білім беруге бағытталған элитарлы білім беретін 
мамандандырылған білім беру ұйымдары келесі нормативтік-құқықтық 
құжаттарды басшылыққа алады: ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР МЖМБС-2018, 
«Типтік үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту 
туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығы.
 
Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспарын 
мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған типтік оқу жоспарлары 
негізінде «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта 
білім берудің үлгілік типтік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 
4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына сәйкес өздігінен әзірлейді.


332 
Мамандандырылған мектептердің оқу жұмыс жоспарлары білім беру 
ұйымының басшылығымен бекітіліп, ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-
практикалық орталығымен және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы 
органдармен келісіледі.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың 
үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы
24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес мамандандырылған білім беру 
ұйымдарына оқуға қабылдауды «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық 
орталығы (бұдан әрі – Орталық) конкурстық негізде (бұдан әрі – конкурс) 
ұйымдастырып, қабылдайды. 
Мамандандырылған білім беру ұйымына түсу үшін конкурсқа қатысу 
құжаттарын қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 наурызынан 25 сәуіріне 
дейін жүргізіледі. 
Мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен 
құжаттарды қабылдау үшін жауапты тұлға тағайындалады. Жауапты тұлға 
конкурсқа 
қатысуға 
үміткерлердің 
электрондық 
базасын 
құруға 
(мамандандырылған білім беру ұйымының атауы, аты-жөні, ЖСН, сыныбы, оқыту 
тілі, электрондық мекенжайы, дипломдарының көшірмелері (бар болса) жауапты 
болады.
 
Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы/заңды өкілі белгіленген 
мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында 
тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымына жауапты тұлғаға 
келесі құжаттарды ұсынады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет