348
соңында «Музыка», «Музыка және ән айту», «Көркем еңбек», «Бейнелеу өнері»,
«Дене шынықтыру», «Бейімделген дене шынықтыру», «Өзін-өзі тану», «Жүріс-
тұрыс мәдениеті», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау»
пәндері бойынша «есептелінді» («есептелінген жоқ») қойылады. Жеңіл және
орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
оқушыларға сараланған және жеке тәсілді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Сараланған тәсіл психикалық дамуы тежелген білім алушылардың педагогикалық
(В.В. Воронкова бойынша) классификациясына негізделген. Жетістіктерді бағалау
кезінде әртүрлі типологиялық топтағы оқушылардың мүмкіндіктерін
ескере
отырып, деңгейлік мақсат қою негізінде критериалды бағалау жүйесі
қолданылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері бес
балдық шкала бойынша бағаланады. Нөлдік және 1-сыныптарда балдық бағалар
қойылмайды. Оқытудағы ілгерілеу нәтижесі
оқушылардың өнімді іс-әрекетін,
сөйлеу, жазбаша жұмыстар, суреттер, қолөнер және
сабақтардағы іс-әрекеттерді
бақылау деңгейін талдау негізінде анықталады және сипаттамалық сипатта
болады. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау
кезінде жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған
оқыту мақсаттары негізінде
жүзеге асырылатын критериалды сипаттамалық бағалау пайдаланылады. (Ақыл-
есі кем адамдар диагнозымен білім алушыларды критериалды бағалау бойынша
әдістемелік ұсыныстарды Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА www.nao.kz сайтынан
табуға болады.).
Достарыңызбен бөлісу: