7.2 Кесінді сызулық примитивті
– LINE командасы (КЕСІНДІ).
Сұраулар: Specify first point – «Бірінші нүктені сұрау» әрбір
әдіспен нүктені құру керек.
Тізбекті сегменттердің бастапқы нүктесін енгізгеннен кейін
Specify next point or [Undo] сұрауы енгізіледі: (Келесі нүктені сұрау
немесе [Жою - Отмени]:). Бұл сұрау екі рет қайталанады – бірінші
және екінші сегменттердің соңғы нүктелері үшін. Тышқанның сол жақ
баcтырмасын басу келесі түйінде нүктені белгілейді. Келесі нүктеге әр
сайын ауысқан кезде қиылысуға «резеңке жіп» тартылады. Бұл сыну
сызығының әрбір келесі кесіндінің жағдайын тексереді. Цикл «Enter»
енгізген кейін бітеді. «Enter» клавишаның орнына тышқанның оң жақ
баcтырмасын қолдануға болады.
Осыдан кейін минимум екі сегмент жасалғаннан кейін шақыру
тексті өзгереді: Specify next point or [Close/Undo]: (Келесі нүктені
сұрау немесе [Тұйықтау/Жою]:). Егер тышқанның оң жақ
баcтырмасын бассақ және контексті Close (Тұйықтау) менюсын
таңдасақ, онда AutoCAD сегмент тізбегінің бастапқы нүктесімен
18
алдында енгізілген соңғы түйінді нүктені біріктіреді және сыну
сызығын тұйықтайды.
Кілттер:
- Close (Тұйықтау) – сыну сызығын тұйықтау;
- Undo (Жою) – соңғы салынған кесіндіні жою.
2 Мысал
Абсолют координаттарында нүктені сұрап, тіктөртбұрышты
құру.
Құру тізбегі:
1 LINE (КЕСІНДІ) командасын шақыру. Сұрау жауабына
«Бірінші нүктені сұрау»: «Enter» 0,0 нүктенің координатасын көрсету;
2 Тұру жағдайы сызығында ORTHO (ОРТО) баcтырмасын басу;
3 Курсорды оңға қарай ауыстырып және 50,0 «Enter» енгізу;
4 Курсорды жоғарыға қарай ауыстырып және 50,30 «Enter»
енгізу;
5 Курсорды сол жаққа қарай ауыстырып және 0,30 «Enter»
енгізу;
6 Курсорды төменге ауыстырып және 0,0 «Enter» екі рет енгізу,
немесе тышқанның оң жақ баcтырмасын басып, Close (Тұйықтау)
контексті менюсын таңдау.
3 мысал
Берілген өлшемдер бойынша тіктөртбұрышты құру.
Құрудың тізбегі:
1 LINE командасын шақыру. «Бірінші нүктені сұрау» сұрауына
тышқанның сол жақ бастырмасымен сызулық экранның бос орнында
басу;
2 Жағдай сызығында ORTHO (ОРТО) бастырмасын басу;
3 Курсорды оң жаққа қарай алмастыру және 50 енгізіп, «Enter»
басу;
4 Курсорды жоғары қарай алмастырып, 30 енгізу, «Enter»;
5 Курсорды оң жаққа қарай алмастырып, 50 енгізу, «Enter»;
19
6 Курсорды төменге қарай алмастырып 30 енгізу, екі рет «Enter»
басу немесе тышқанның оң жақ бастырмасын басып, контекстті
менюде Close таңдау.
Төртбұрыштыларды құруға 2 мысалда және 3 мысалдан қарап,
қорытынды жасауға болады: құрылымдаушы нүктелердің абсолют
координатасын кей кезде біледі, бірақ ол сызатын керек объектінің
өлшемдерін ылғи біледі.
Бөлшекті сызу үшін бастапқы нүктеден бастайды (сызулық
экранның бос орнында тышқанның сол жақ баcтырмасын басу), одан
кейін одан берілген өлшемдерін ескере, құрылымның келесі көрінісі
құрылады.
Егер бастапқы нүкте берілсе (тышқанды жай басу), онда
шақыруға «Келесі нүктені беру немесе [Жою]:» - керекті бағытта
курсордың орның ауыстыруға және кесіндінің керекті ұзындығын
жазуға болады. Егер сызба горизонтал және вертикал сызықтардан
тұратын болса және ортогоналді режимде жақсы істесе,бұл әдіс өте
қолайлы.
AutoCAD жүйесінде тіктөртбұрышты сызу үшін
«Прямоугольник» командасы бар, ол тіктөртбұрышты екі бір-біріне
қарсы жататын төбелер бойынша құруға болады. «Прямоугольник»
командасын шақыру үшін «Рисование» құрал панелінде
«Прямоугольник» пиктограммасында басу керек. Тіктөртбұрыштың
төбесін құру үшін координаттар енгізудін, әр түрлі әдісін қолдануға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |