адамдар көреді. Сондықтанда алдыңғы тақырыптарда аталғандай, таза қоғамдық игіліктердің
ұсынысы тиімді деңгейден төмен болады.
Көптеген игіліктер барлық тұтынушыларға ортақ болғанымен оларды таза қоғамдық
игіліктерге жатқызуға болмайды. Мысалы, тұрғындар зейнетақылар алады, жұмыссыздар
жәрдемақы алады, балалар мектепке тегін барады, қаланың көшесіндегі жолдармен барлық
халық жүреді. Соған қарамастан, оларды көп жағдайда жеке бағалай отырып, тұтынушылардан
ақы алуға болады. Кейбір жағдайларда тұтынушылар санының өсуі олардың арасында бәсеке де
туғызады. Мысалы, жолда жүретін көліктердің саны өскен сайын жол қатынасы қиындайды,
жолдарды кеңейту мәселесі пайда болады, көптеген балалар ақылы мектептерге барады, жол
салығы, көлік салығы арқылы үшінші адамдардың тегін пайдалылық алуына кедергі қюға
болады. Осындай игіліктерді
Достарыңызбен бөлісу: