алынады. (Веблен әсері). Сондықтан, оларға бағаның түсуі тартылымдылығын азайтып, сату
көлемін кемітеді.
2. Бағасы бойынша сапасы жөнінде айтылатын тауарлар
.
Сатып алушыларда тауар
туралы аз мәлімет болғанда (ақпараттың бейсимметриясы), олар бағаға қарап, тауарды
сынайды. Тауардың төмен бағасы сәйкес сапасы
туралы белгі беріп,
сұраныс заңының әрекетіне
қарама-қарсы (қайшы) әсер тудырады.
3. Гиффен тауарлары
.
Ағылшын статисті әрі экономисті Р.Гиффеннің байқауы бойынша,
ХІХ ғасырдағы Англияда «нан неғұрлым қымбат болса, соғұрлым көп сатып алынады», кейін
бұл байқаулар «Гиффен парадоксы» (қайшылығы) деп аталатын болды. «Гиффен
парадоксының» мәні мынада: табыстарының деңгейі өте төмен Англия халқының негізгі
бөлігінің ең басты тамағы – нан. Нанға бағалардың өскен жағдайында нан жалғыз, қол жетерлік
тамақ болып саналады, өйткені басқа тамақ өнімдеріне (ет, көкөністер, жемістер) бағалар одан
да жоғары. Осы себептен нанға деген сұраныстың көлемі өсе береді. «Гиффен қайшылығы,
парадоксы» тұтынушылар табыстарының өте төмен жағдайында ең қажетті тауарларға қатысты
пайда болады да табыс әсері ауысу әсеріне қарағанда сұранысқа үлкен ықпал жасауымен
түсіндіріледі. Сонымен, ол сұраныс заңының әрекетіне қайшы келмейді, өйткені салыстырмалы
арзандаған тауарға (бағасы көтерілсе де), сұраныстың өсуі орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: