төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан,
неғұрлым ол
төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше.
S
2
P S
S
1
Q
4 сурет.
Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.
Ұсыныс қисық сызығы нарық сұранысының сипатына байланысты өз кескінін, пішінін
өзгертеді. Қисық сызықтың ең көп таралған түрі 5 суретте көрсетілген: алдында ұсыныс
шамасы өседі, бірақ белгіленген шектен кейін ұсыныс қисық сызығы тік болып кетеді. Бұл
өндірістік ресурстар (қорлар) таусылып, өндірістің өсуіне мүмкіндіктің жоқ екендігін білдіреді.
P S
Q
5 сурет
. Ұсыныс қисық сызығының кескіні (пішіні) – (конфигурация).
Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның өсуіне қарай
ұсыныс белгіленген деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде – қысқарады. (6 сурет). Қисық
сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А
1
нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және
де табыс әсерінің кейінгі әрекетімен (А
1
нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.
P
А
1
В
6 сурет.
Ұсыныс қисық
сызығының пішіні
А
S
Q
Мысал ретінде еңбек нарығындағы ахуалды (жағдайды) келтіруге болады: күнделікті
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті еңбекақының деңгейіне жеткеннен кейін,
жалдамалы жұмысшы жалақының өсіруін талап етеді. Ауысу әсерінің әрекеті бос уақыттың
баламалы құны – жалақының өсу жағдайында бос уақытты жұмыспен ауыстыруда тұрады.
Табыс әсерінің әрекеті табыс өскен сайын жұмысшы көбірек бос уақытқа ие болуға тырысады.
Бұл ахуалды біз келесі тақырыптарда толық және тыңғылықты қарастырамыз. 6 сурет. –
ұсыныс қисық сызығының кері еңкіштігі (ылдиі). Ұсыныс қисық сызығы сонымен бірге
уақытша аралықпен де себептелуі мүмкін. Ағымдағы кезеңде (IR – immediate run) өндіріс
факторларының бәрі тұрақты,
өзгеріссіз тұрғанда, ұсыныс қисық сызығы тік болады.
Қысқа мерзімді кезеңде (SR – short run), кейбір факторлардың өзгермелі (құбылмалы)
жағдайында сұраныстың қисық сызығы жайпақтау болып келеді. Ұзақ мерзімді кезеңде (LR –
long run) өндіріс факторлары құбылмалы, айнымалы жағдайында ұсыныс қисық сызығы одан
сайын жайпақ болады. (7 сурет)