9 сурет. Вальрас бойынша
10 сурет. Маршалл бойынша
тепе-теңдік тепе-тендік
Маршалл моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу ұсыныс нақты шамасының тепе-тең
шамасынан ауытқуынан болады (10 сурет). Егер ұсыныс нақты шамасы тепе-тең деңгейінен
төмен болса, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан жоғарылап кетеді (Р
2
> Р
1
). Жоғары баға
ұсыныстың өсуіне әкеледі. Маршалл бойынша, сұраныс пен ұсыныс функциялары мен тепе-
теңдік шарты мынадай болады:
Нарық бағасының тепе-теңдік бағасымен сәйкес келмеу динамикасының 3 ахуалы мүмкін: а) тепе-теңдіктен ауытқу қысқарады (сурет 11-а)
б) тепе-теңдіктен ауытқу өсуде (сурет 11-б)
в) нарық тепе-теңдік нүктесінің айналасында, оған жетпей, құбылып тұр (сурет 11-в)
Сонымен, тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) талдауы бойынша, нарықта оның
жоқ болатын ахуалдары мүмкін (тепе-теңдік емес). Олар көбінесе пайда болады:
1.Егер сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары бірдей еңкіштігінен қиылыспайды. Бұл жағдайда тұрақты тепе-теңдікке жетпей: а) нарық D мен S қисық сызықтар арасында тұрақсыз түрде қалыптасады. (сурет 12-а)
б) нарық мүлде қалыптаспайды, өйткені не сатушылар, не сатып алушылар оған ешқандай
қызығушылық білдірмейді. (сурет 12-б, 12-в)
D S S
S D D
a)
б) в)
12 сурет . Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары қиылыспайды.
2.Әр түрлі еңкіштігі (наклон) болса да, сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының ортақ нүктелері жоқ: а) қандай баға болса да, ұсыныс сұраныстан асып түседі (сурет 13-а)
б) кез келген (оң) көлемде ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан жоғары – мұндай жағдайда
сұраныс қисық сызығы төмен болса да, нарық пайда болуы мүмкін (сурет 13-б) – мысалы сән-
салтанат, әдемілік заттар нарығы.