8 сурет . Жартылай нарық тепе-теңдік моделі (үлгісі).
Егер тепе-теңдік бағадан немесе саннан ауытқу байқалса, нарық тепе-теңдік жайынан
(күйінен) шығады. Тепе-теңдікке жетудің 2 балама жолдары – Вальрас бойынша тепе-теңдік
және Маршалл бойынша тепе-теңдік деп аталады. Швейцар экономисті Л.Вальрас әзірлеген
моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу нақты нарық бағасының тепе-тең бағасынан
ауытқу нәтижесінде болады (9 сурет). Нақты нарық бағасы (Р
1
) теңсалмақты баға (Р
Е
)
деңгейінен төмен белгіленді дейік. Бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан асып (Q
D
> Q
S
), сұраныс
артылып қалады, ол сатып алушылар арасында бәсекелестік туғызып, нарық бағасын
теңсалмақты баға деңгейіне дейін жоғары итермелейді. Егер нарық бағасы (Р
2
) теңсалмақтыдан
(Р
Е
) жоғары болса, ұсыныс молшылығы (артылып қалуы) орын алып, сатушылардың
бәсекелестігі нарық бағасын теңсалмақты деңгейге дейін төмендетеді. Вальрас бойынша
сұраныс пен ұсыныс функцияларының түрі: