13 сурет . Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының ортақ нүктелері жоқ
4. Нарық тепе-теңдігі тұтынушыға да, өндірушіге де пайдалы (олжалы).
Микроэкономикада мұндай пайдалар
тұтынушылар мен өндірушілердің артықтары деп
аталады. Тұтынушы мен өндіруші артықтарының сомасы қоғамдық пайданы құрайды.
Тұтынушының артығы – нақты тұтынушының тауарға сұраныс бағасы мен тауар үшін төлеген
баға арасындағы айырма. Мысалда түсіндіріп көрейік
1
. 14-ші
суретте белгіленген тауарға нарық
тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) көрсетілген, тепе-теңдік бағасы – 100 доллар, ал сұраныстың
тепе-теңдік мөлшері – тауардың 5 данасы. 180 доллар тұратын тауарға сұраныс 1 құрайды
(график бойынша), яғни бір тұтынушы осы тауарды 180 долларға алуға дайын, бірақ, іс жүзінде
ол тауарды тепе-теңдік бағамен (100$) сатып алады. 180$ – сұраныс сомасы, ал сұраныс бағасы
мен тепе-теңдік баға араларындағы айырым тұтынушының артығын (немесе оның ұтымын)
құрайды.
Осы тәсілмен басқа тұтынушылардың артықтары анықталады, ал сомалық артық (180 –
100) + (160 – 100) + (140 – 100) + (120 – 100) = 200 құрайды. Артық шамасы АР
Е
Е үшбұрыш
көлемімен бірдей, (дәл келеді).
200
A S
180
160
14 сурет. Тұтынушы артығы
Өндірушінің сомалық артығы – оның тауар үшін алынған нарық бағасы мен ұсыныс
бағалары, яғни тауар сатуға дайын бағалар араларындағы айырма. Оны сәйкес мысалмен
көрсетуге болады. (15 сурет); өндірушінің сомалық артығы құрайды (100 – 20 + (100 – 40) +
(100 – 60) + (100 – 80) = 200. Графикте өндіруші артықтарының шамасы ВР
Е
Е үшбұрыштың
көлемімен белгіленеді.
S