№ Интернеттегі сайттың атауы Сайттан іздейтін ақпарат 1
http://kitap.kz/
Аудиокітап
→
Қиял-ғажайып
ертегілері
→
«Қаңбақ шал»
2
https://www.balakai.kz/
«Жақсылық пен жамандық»
ертегісі
Компьютерде браузерді іске қосып, Интернет желісіне кір.
Мекенжай жолағына кестедегі сайттардың мекенжайын
жазып, ақпарат ізде. Табылған пайдалы ақпаратты компью-
терге сақта.
Интернет желісінде қауіпсіз жұмыс істеу ережесін құрастырың-
дар. Ережені мәтіндік редакторға жазып, сақтаңдар. Қағазға
басып шығарып, сыныптастарыңа таныстырыңдар. Пікірлеріңді
ортаға салыңдар.
Кестеде сауалнама берілген. Сауалнамаға ауызша жауап дайында.
Орында № Интернет желісін қандай мақсатта пайдаланасың? Иә Жоқ 1
Интернет желісін жиі пайдаланамын.
2
Ойын ойнаймын, мультфильм көремін.
3
Сабаққа қажетті ақпарат іздеймін.
4
Қашықтағылармен хат алмасамын.
5
Әлеуметтік желіде тілдесемін.
6
Мессенджерлерде хабар алмасамын.
Ойлан • Интернет желісінде белгіленген уақыттан артық жұмыс істеу-
дің қандай зияны бар?
• Интернеттегі қоғамдастыққа мүше болу қажет пе? Дәлелді
мысал келтір.
• Жай тілдесу мен интернет желісінде тілдесудің үш айырма-
шылығына мысал келтір.