Жаңа білім Интернетті пайдаланушылар тілдесу үшін: •
әлеуметтік желілерді – Facebook, Instagram (Фейсбук,
Инстаграм);
•
бейнеконференцияларды;
•
мессенджерлерді – WhatsApp, Telegram (Вацап, Телеграм);
•
форумда бір немесе бірнеше тақырып бойынша бірігіп,
өзара ақпарат алмасу мүмкіндіктерін;
•
электрондық пошта және басқа электрондық байланыс-
тарды пайдаланады (
2-сурет ).
Бүгінгі таңда Интернет желісін пайдаланбайтын адам
кемде-кем. Интернет желісін пайдаланушылар әртүрлі
интернет қоғамдастығына мүше бола алады.
Интернет қоғамдастығы – желінің пікірлері мен ойлары
ортақ қатысушылары.
Білім алу үшін интернетті дұрыс пайдалансақ, ол –
ақпараттың сарқылмас көзі. Интернетте жұмыс істеудің
пайдасымен қатар зияны да бар. Себебі онда пиғылы на-
шар пайдаланушылар да кездеседі. Интернетте тілдескен
кезде қауіп сіздік шараларын ұмытпаған жөн.