Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет173/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Жатар  алдында  далаға  шығып,  Тана  екеуіміз  біраз  серуен  жасадық.  Орта 

көшедегі мектепке дейін барып қайттық. 

– Сәлима осы мектепте ме? – деп сұрады Тана. 

– Осында болар, басқа мектеп жоқ қой мұнда. 

– Кездестің бе? - Жоқ? 

– Көресің бе? 

– Білмеймін. 

 

ХІ 

Біздің  үй,  барша  ауыл  үйлері  сияқты,  «ауыз  үй»,  «төр  үй»  және  «қазандық» 

деп аталатын кухнясі бар екі бөлмеден тұрушы еді. Өткен түнде бәріміз төр 

үйде – тәтем балаларымен еденде, мен төсекте жатып шыққанбыз. Біз қайта 

келсек,  тәтем  төргі  бөлмедегі  түнде  мен  жатқан  екі  кісілік  темір  кереуетті 

Танаға дайындап, маған еденге жер төсек салып қойыпты. Өзі балаларымен 

ауыз бөлмеге жайғасыпты. 

Тана  төсекте,  мен  жерде  екеуміз  тағы  да  ұзақ  сөйлесіп  жаттық.  Есігі  жабық 

тұрған ауыз бөлмеден тәтті ұйқының қорылы естілді. 

– Тана, – дедім мен сол кезде ақырын. 

– Әу. 

– Бері келші, бірге жатайық. 



Тана үндемеді.  Бұл сөзді қалай айтқаныма өзім де қайран қалдым. Шыным 

ба, әлде Тана қайтер екен деп сынамақ болдым ба – алғашқы сәтте оны өзім 

де аңғара алмадым. 



179 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет