Әдеби KZ
Ақырын төсек шықырлап, Тана жерге түсті. Терезеден түскен көмескі ай
сәулесімен ақ балтыры жарқылдап, ішкөйлегі ағараңдап Тана қасыма келді.
Еңкейіп, тізе бүкті де, көрпенің шетін өзі ашып, қойныма кірді.
Әлгінде Тана үндемеген кезде, ол менің қасыма келмейтін шығар деп ойлап
едім. Тана келіп, бір көрпенің астына кірген соң енді оған не айтып, не
істерімді білмей қалдым.
Бағана, күндіз аяп, басынан сипағаным есіме түсті де, тағы да оны
маңдайынан, шашынан сипай бастадым. Қыздың маңдайынан қақ жара
тараған жылтыр шашын сипалай сырғып барып, қолым оның тоқпақтай жуан
жалғыз бұрымына тиді. Алақаным ауға шырмалған алабұғадай боп, бұрымда
бір сәт бөгеліп қалды да, одан сытылып шығып, іш-көйлектің жоғарғы ашық
жағындағы қыздың жұп-жұмсақ жалаңаш етіне тиді. Осы кезде Тана
қойныма келіп кіргеннен бері тулай бастаған жүрегім шапқа түрткен тайдай
мөңкіп, шапшып, кеудемді тынымсыз тепкілей жөнелді. Қырынан жатқан
Тана да маған үстіңгі сол жақ қолын созып, басымды өзіне қарай сәл
икемдеп алып тағы да жылап қоя берді.
Қыздың ыстық жасы жылы жаңбырдай боп, менің жүзімді қоса жуды.
– Жыламашы, Тана, қалқам, – деп мен оның жас сорғалаған қос көзінен
кезек сүйдім.
Көзден шыққан ащы жастың кермек дәміне де қарамадым. Тана менің оны
аяғаныма ішінен рахмет айтып, разы болғандай қалып танытып, жұмыр,
жұмсақ саусақтарымен бетімді сипалады.
Әлде менің жүрегімнің дүрсілін сезді ме, әлде сол дүрсіл әлін азайтып
жіберді ме, білмеймін, езінің торғындай жұмсақ мойнының астында жатқан
менің сол жақ қолымды босатып берді.
180
Достарыңызбен бөлісу: |