Әдеби KZ
– Мен неге сенбеймін, – деді Төкеш қылмыңдай түсіп.
– Мен елден артықпын ба сонша? – Содан соң көшеде екеумізден басқа
ешкім көрінбесе де, құлағыма кеп сыбырлады.
– Қыз деген қызыл гүл сияқты емес пе? Шырынын шашып, сыбағаңды алып
кет одан.
Сонда ол тырп ете алмайды. Шырыны бар ма екен өзінің?
Осылай деп ол өз-өзінен мәз болып, қарқ-қарқ күлді. Мен ыза боп кеттім.
– Мен соғыстағы солдатпын! – дедім дауысым қаттырақ шығып. – Бүркітбай
екеуің сияқты елдегі қыз-келіншектің шырынын тексеріп жүргенім жоқ.
Білмеймін несі бар, несі жоғын.
– Қойдым, қойдым, батыр-екесі, қойдым, –деді ол екі қолын бірдей төбесіне
көтеріп. - Бірақ, есіңде болсын, келіншектің шырмауығы болса да, шырыны
болмайды. Ал жаңағы «білмеймін несі бар, несі жоғын» дегенін Байбала
қыздың Сабырбай ақынға айтқанына ұқсап кетті. «Ақын» деген сөзге
құлағым елең ете қалды. Ол не әңгіме екенін білгім келді.
– Ол қандай сөз? - дедім ажарымды сәл жылытып.
– Білгің келсе айтайын. Кейін соғысқа қайта барғаныңда солдаттар арасында
да айтып жүруіңе болады. Қызық, – деп Төкеш мені ынтықтыра түсті.
– Ертеректе, мына Сыбанның бір елінде он жеті ақын болыпты, – деп Төкеш
ашаршылық жылдары ауып келген ауылдағы екі үй жақты иегімен нұсқады.
– Сыбан-мыбанда шаруаң не, «осы елде» деп айта бермейсің бе? – дедім
мен Төкештің ру қуалай сөйлегенін ұнатпай.
– Жарайды. Сол елде Сабырбай деген ақын жігіт, Байбала деген ақын қыз
болыпты. – деді ол саржан ағашына винтовкадай-ақ шірене сүйеніп тұрып. –
188
Достарыңызбен бөлісу: |